Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Ж.Әскербекқызы лирикасындағы дәстүр және жаңашылдық



бет56/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

75. Ж.Әскербекқызы лирикасындағы дәстүр және жаңашылдық
"Баба жұртына оралу"(Жыраулық дәстүр) Ж.Әскербекқызы
Ақ ала ордам қонған жұрт...
Қазтуған жырау
Шалкиіз жырау шалған жұрт
Қазтуғаннан қалған жұрт
Доспамбеттей қыршын ер
Соңғы демін алған жұрт.

"Алаң да алаң, алаң жұрт" Қазтуған Сүйінішұлы (Жыраулық дәстүр)


Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.

"Қараңғы түнге қамалып..." (Абай дәстүрі) Жанат Әскербекқызы


Қараңғы түнге қамалып,
Кімді іздеп жүрсіз... Мені ме?
Көмескі Ай көкте ағарып,
Қарайды-ау сізге егіле.

"Желсіз түнде жарық ай" Абай Құнанбайұлы


Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.

76. Қазіргі қазақ поэзиясындағы жас ақындар үні

Поэзия – қасиетті де киелі сөз. Поэзияны үлкен құлып десек, оны ашатын алтын кілт – ақын жүрегі. Бір нәрсе айқын – жастарға Мұқағали мен Жұмекен жеткен биіктен қарамау керек.
Біздің жас ақындар – үш алып топтан тұрады: алматылық, астаналық және жергілікті жерлердегі поэзия дүлдүлдері. Бұл үш топ бірін-бірі талант жағынан мойындаса да, алаштық поэтикалық ой ауқымы жағынан бір-бірін мойындамайды. Әрі бірінде жоқты екіншісі толықтырып, үшіншісі бұрынғы айтылған айшықты ойды өзіне дейінгілерден асырып, бұрынғыдан ала бөтен жұтындырып жіберіп отырады.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзгеше талант иелерінің өсіп келе жатканы, поэзияны мұрат тұтқан жастардың көбейіп келе жатканы куантады. Олардың қатарында Танакөз Толқынқызын, Ақберен Елгезекті, Қалқаман Саринді, Даулеткерей Кәпұлын, Серік Сейітманды т.б. атап өту лайық. Бұл ақындардың көбі акындык өнерге еліміз тәуелсіздік алған соң келген талант иелері. Оларда басқаға жалтақтау, кейбір айтылуы тиіс ойды оспақтап жеткізу, не болмаса айналып өту деген түсініктер кездеспейді. Бұлар нағыз тәуелсіздік идеясының бастауында тұрған ақындар. Олардың да тақырып ерекшеліктері әр алуан.
Тәуелсіздік алған жылдары ақын-жазушылармыздың көп қалам тартқан тақырыптарының бірі тарихи тақырып болды.
Мысал ретінде, Танакөз Толқынқызының «Менің сорлы, менің жетім Отаным» өлеңін алуымызға болады.
Менің сорлы, менің жетім Отаным!
Мен де сендей жетім қалған Ботамын.
Биігіне жетпек болдым биіктің
Биігіне жетпей тұрып жотаның.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет