Тақырыбы: Жан дегенде жалғыз Қазақстаным!
Жанры: Поэзия
Идеясы: Еркіндікті, жоғары қалықтауды аңсау, Отансүйгіштікті, өз еліне деген адалдық пен махаббатты жеткізе отырып, елінің ертеңі үшін алаңдау;
Авторлық ұстаным:Өз елінің жағдайын жеткізу;
Автордың көңіл-күйі: аңсау, алаңдау
Троп түрлері Сорлы, жетім Отаным - метафоралы эпитет Сендей – теңеу Ұлы ақын – эпитет Бұла түн – эпитет Уысыңа өксігіңді ұстадың - метафора Өлең құрылысы Ме-нің сор-лы, ме-нің же-тім О-та-ным! А
Мен де сен-дей же-тім қал-ған Бо-та-мын. А
Би-і-гі-не жет-пек бол-дым би-ік-тің Б
Би-і-гі-не жет-пей тұр-ып жо-та-ның. А
Шумақ- 4
Тармақ- 16
Буын- 8-9
Бунақ- 3-4
Ұйқас түрі- қара өлең ( а,а,а,б)
77. Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесіндегі Ләйлә образы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі қазақ қызының ауыр тағдырын суреттеу, шүкіршілік қылуға, адамның өміріне күле қарамауға шақырады. Автор бір ғана Ләйлә есімді қыздың өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсетеді.
« Мынау шамадан тыс үлкейіп бара жатқан егде қолдар мен жетілмей қалған аяғына ешкімнің көзі түспесе екен, байқамаса екен деп зар қағатын». Бұл Ләйләнің ішкі жан сыры еді. Ләйлә жасы 17 де болғанымен , сырт болмысы 8 жасар бала кейпінде қалған қыз.
Ләйлә: Мүгедек, күнәсіз, сезімтал, әрі мәңгілік бала бейнесі сақталған жан. Өмірінің тәттісінен көрген қиындығы басым болған. Тағдырдың тәлкегіне ұшырағанынан бөлек, Қатираның үйінің құлына, елдің мазағы мен аяушылығына айналған десек болады. « Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін.»
Ләйлә әпкесі Қатирамен бірге тұрады. Бірақ әпкесінен махаббат емес жек көрініш сезімін ғана сезінеді. Сол себепті Ләйлә аймен сырлас болады, оған бар сырын ақтарады.