Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


М.Мағауиннің тарихи шығармасындағы тарихи шындық пен көркем сипат



бет52/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

69. М.Мағауиннің тарихи шығармасындағы тарихи шындық пен көркем сипат
М.Мағауиннің қаламгер ретіндегі ерекшелігі деп авторлық баяндауды, әңгімелік баяндауды, кейіпкерлік баяндауды айтамыз. Осы баяндауларды табиғи субьективтендіру арқылы адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен адамзат арасындағы аса күрделі қатпарлы байланыстар әсіресе жазушы әңгімелеріне тән құбылыс. Сондай-ақ автор мен кейіпкердің ішкі монологтарына эмоциялық қуат дарыту да автордың қолданатын көркемдік тәсілі. Мұның өзі адам сезімінің не бір қатпарлы ағымдарын жарқырата көрсетуге қажетті көркемдік құрал. Әңгімелерінің өзінде көлемі ірі туындыларда аса көп айтыла бермейтін тақырыптар бар. Солардың бірі – отарлық езгі, ұлттық мінез бен болмысқа тән жағдаяттар. Мәселен, «Карлагтан хат», «Қара қағаз келген Салық ағам» әңгімелері.
Алғашқы әңгіме ауа-райының жайынан басталады. Табиғаттың құбылысы тектен тек айтылмапты әңгіме басында. Бір ғана қардың жауғаны, оның қалыңдығы алдағы болатын оқиғаның ызғарлы екендігін аңғартқандай. Сонымен, «Сол жылы қар өте қалың түсті. Алдымен, жапалақ, одан соң қиыршық. Қапалақ, содан соң түйіртпек (бір ғана қардың осынша түрін мысалға алудың өзі бір қаламгерлік ізденіс емес пе?). Күндіз-түні, ай бойы аппақ болып жауады да тұрады. Үлкендер алдағы жазда шөп бітік шығады, егінге жақсы деп ризашылық айтқан еді, қар кернеусіз көбейген сайын қауіп ойлады. Әзірше тымық, үп еткен жел соқпаса, аспан мен жердің арасы ақтүтек сұрапылға айналады, құдай сақтасын десті. Тым құрыса мына қар бекісе, осымен тоқтаса десті. Қар бекіді, әуелгі бұрқасын алақан, жаяу боранға ұласты, үскірік күшейе түсті, бірақ орай жауған қар тоқтамады. Тау жоқ, дала жоқ, өзен жоқ – жер дүние тегіс тұлдырсыз ақ жазық ауылдың үсті жып-жылмағай[1;194]. Автордың айтпағы не бұл жерде? Әрине кеңес заманның қазақ еліне әкелген зардабы. Алғаш ақ пен қызыл боп бөлінген жұрт, патшаны тақтан құлатқан соң, елде бейбіт заман орнайды, талауға түскен мал, әскер деп айдауға кеткендер елге оралады, осылайша қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнайды деп күткен-ді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет