Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз



бет54/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Мәңгілік бала бейне

Композициялық талдау:
Оқиғаның басталуы: Ру басыларының жолға шығуы.
Оқиғаның байланысы: Жол үстіндегі Оразбай мен Күнтудың айтысы.
Оқиғаның дамуы: Әйгерімнің отауы… Абай жазып біткен өлеңін оқып, Әйгерім тыңдап отырады.
Оқиғаның шиеленісуі: Өртенген үй… Есі шыға қорыққан Хадиша.
Оқиғаның шарықтау шегі: Мұқыр болысының сайлауы…
Оқиғаның шешімі: Абай – жалғыз…«Сегізаяқты» айтып, домбыраға қосылады…

72.Драматургиядағы тартыс және көркемдік характер
Драматургия – әлем өркениеті тарихындағы ежелгі дәуірлерде негізі қалыптасқан көркем өнердің классикалық дәстүрлі саласы драманың теориялық негізі.
Драматургия – қазақ әдебиетінде 20 ғасырдың басында әлеуметтік-қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жаңа жанрлық түр.
Тартыс пен мінез – драматургия жанрының ең негiзгi өзегі. Драмалық шығармадағы тартыс - қарама-қарсы ниеттегi қаһармандар бойындағы iшкi және сыртқы әрекеттерiмен тығыз байланысты. Кез-келген драмалық шығармада тартыс пен мінез қызметi солғын болса, ол – шығарма көркемдiгiн төмендетуге апаратыны белгілі.
«Характер» (іс-əрекет, ой, сезім, тіл) — автордың көркемдік-эстетикалық концепциясы» деген пікірдің жаны бар, өйткені оны психология, əлеуметтану, философия салалары осылайша зерттеп жүр.
73. Қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері
Еліміздің тәуелсіздік алуы ұлттық әдеби өмір шежіресінде жаңа тарихи кезеңнің бастау алуына себеп болды. Қазіргі қазақ әдебиеті көркем мазмұн мен пішін тұрғысында да, идеялық- концептуалдық тұрғыда да жаңарған, толысқан әдебиет. Ұлттық рухтың жаңғыруы әдеби әлемде игі өзгерістер мен құбылыстарға жол ашты. Егемендіктің жариялануы бұрынғы саяси идеологияның салдарынан бұрмаланған ұлт тарихын қайта зерделеуге, тарихтағы және жалпы руханияттағы (дін, тіл, мәдениет, әдебиет) ақтаңдақтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Ұлттық әдебиеттің саясат құрсауынан (изоляциядан) босап, әлемдік әдеби кеңістікпен ықпалдастығы (интеграциясы) артуынан көркемдік даму арналарында әлемдік мегаүрдістердің әсер-ықпалы айқын аңғарыла бастады. Қазіргі таңда ұлттық сөз өнерінде дәстүрлі реализммен бірге өзге де модернистік, постмодернистік ағымдар мен құбылыстар қатар өмір сүре бастады.
Мысал ретінде,
"Баба жұртына оралу"(Жыраулық дәстүр) Ж.Әскербекқызы
Ақ ала ордам қонған жұрт...
Қазтуған жырау
Шалкиіз жырау шалған жұрт
Қазтуғаннан қалған жұрт
Доспамбеттей қыршын ер
Соңғы демін алған жұрт.
"Алаң да алаң, алаң жұрт" Қазтуған Сүйінішұлы (Жыраулық дәстүр)
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
"Қараңғы түнге қамалып..." (Абай дәстүрі) Жанат Әскербекқызы
Қараңғы түнге қамалып,
Кімді іздеп жүрсіз... Мені ме?
Көмескі Ай көкте ағарып,
Қарайды-ау сізге егіле.
"Желсіз түнде жарық ай" Абай Құнанбайұлы
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет