Әдеби хабар – сын жанрларының ең алғаш пайда болған түрі, көлемі жағынан ең шағыны және икемдісі. Аты әйгілеп тұрғандай бұл жанрдың басты міндеті әдеби өмірде болып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды хабарлау. Әдеби хабарға маңызды оқиғалар өзек болады.
Аннотация - сын жанрларының шағын көлемділерінің бірі. Әдеби сынның бастауы деуге де болады. Аннотацияның нысаны – бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Қазақ совет энциклопедиясында: «Аннотация (латынша –annotatie - ескертпе) – кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси – идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама» - деген анықтама берілген. Сынның басқа жанрлары негізінен баспасөз бетінде өмір сүрсе, аннотация өзі таныстырып отырған кітаппен бірге жүреді. Аннотация бір жағынан жаңа шыққан кітаптың жолбастаушысы болса, екінші жағынан, оның наситхатшысы. Көптеген оқырмандар алдымен оның не туралы екенін білу үшін аннотацияға жүгінеді.
Рецензия – латын сөзі. Қазақша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Рецензия дегеніміз - әдеби шығарманы сыни тұрғыдан бағалап, талдайтын, пікір білдіретін сын жанры. Рецензияның аннотациядан ерекшелігі – бағалаушылық қызметі. Рецензияның басты мақсаты - өмірге келген әдеби туындыларды талдап, баға беру. Әдетте рецензия кез кедген шығармаға жазыла бермейді. Қоғамдық, әдеби мәні бар елеулі шығармаларға немесе айтар ойы бұлдыр, көркемдік құндылығы төмен, нашар шығармаларға жазылады.
11. Қазақ прозасындағы постмодернизм ағымына сипаттама
Постмодернизм — модернизм өз кезеңін аяқтаған кезде (көптеген ғалымдардың көрсетуінше, ХХ ғасырдың ІІ жартысы) оған қарсы бағытта тарих сахнасына шыққан ағым. «Постмодернизм» ұғымы ХХ ғасырдың соңындағы мəдениеттің əр түрлі салаларында көпмағыналығымен байланыстырылады. Бұл термин де басқа терминдер сияқты өзіндік пайда болу, даму жəне қолданылу тарихына ие. Постмодернизм әр елдің әдебиетінде қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық факторларға сәйкес өзіндік ерекшеліктерімен дамыды деуге болады. Ол еуропалық елдердегідей қазақ әдебиетінде тұтастай бағыттық сипат алып кете алмады. Дегенмен, қазіргі қазақ прозасында, әсіресе, жастар шығармашылығында постмодернистік таным іздерін жоққа шығара алмаймыз.
Д. Амантай – қазіргі қазақ прозасында постмодернистік шығамаларымен көзге түсіп жүрген жазушы. Д. Амантай романын зерттеушілер модернистік және постмодернистік эстетикамен ұштастырады. Ғалым Б. Майтанов: «Автор баяндау барысын күлт үзіп, кенет күтпеген философиялық пайымдау сарынына түсе салады да, одан тағы оп-оңай шығып кетеді, әдеттегі өмір көріністерін үзілмелі кескінде бейнелеуге көшеді... Д. Амантай шығармаларында аллюзия, интертекст, реминисценция және «сана ағымының» автор еркіндігімен сабақтас түрі елеулі философиялық, тұрмыстық, эзотериялық мәселелерді постмодернистік поэтика ауқымында қарастыруда зор стильтүзушілік роль атқарады» – дейді.
"Баба жұртына оралу"(Жыраулық дәстүр) Ж.Әскербекқызы
Ақ ала ордам қонған жұрт...
Қазтуған жырау
Шалкиіз жырау шалған жұрт
Қазтуғаннан қалған жұрт
Доспамбеттей қыршын ер
Соңғы демін алған жұрт.
"Алаң да алаң, алаң жұрт" Қазтуған Сүйінішұлы (Жыраулық дәстүр)
Алаң да алаң, алаң жұрт
Ақала ордам қонған жұрт
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
"Қараңғы түнге қамалып..." (Абай дәстүрі) Жанат Әскербекқызы
Қараңғы түнге қамалып,
Кімді іздеп жүрсіз... Мені ме?
Көмескі Ай көкте ағарып,
Қарайды-ау сізге егіле.
"Желсіз түнде жарық ай" Абай Құнанбайұлы
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.
Достарыңызбен бөлісу: |