Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдық: ВЕНН диаграммасын жасаңыз



бет21/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
29. Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдық: ВЕНН диаграммасын жасаңыз



Дәстүр

Дәстүр дегеніміз әрбір халықтың арғы-бергі тарихындағы көркемсөз өнерінің ең таңдаулы үлгілерінде жинақталған, халықтың көркемдік талғам- түйсігінде баянды етілген, эстетикалық ой-пікір жүзінде, әдебиеттану ғылымында кеңінен мойындалып жинақталған, сөйтіп, заманнан заманға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын идеялық-көркемдік тәжірибе. Халықтың тұрақты рухани қазынасынын, сарқылмайтын мол мұрасының кепілі- осы дәстүр. Дәстүр атулыға тән қасиет- ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол заманалар жемісі, тәжірибелер нәтижесі, уақыт сынынан ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысына жауап беру арқылы әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құбылыс. Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр- Абай дәстүрі. Мысалы, Абайдың « Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» деген өлеңін алайық.
Өлең шіркін — өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.




Ұқсастықтары

1 Дәстүр де, жаңашылдық та белгілі бір заман, уақыт шеңберінде, әдебиеттің даму тарихында бір өзі тұтас бір кезеңге айналған шығармашылық тұлғаның есімімен байланыста қарастырылады.
2.Диалектикалық 
бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды.
3. Әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді.
4. Әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіреді.
5. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көремдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді.




Жаңашылдық

Жаңашылдық дегеніміз сол дәстүрге сүйене отырып, оны жаңа бір нәрмен, тың нақыштармен молықтыра отырып, соның бастауынан тағы бір өрістерге қарай арна тартатын соңғы үрдіс. Ол арна бірте-бірте аңғарын кеңейтіп, өркенін жайып, тамырын тереңдетіп, өмірге нығырақ, бергірек орныққан кезде, өзі де дәстүрге айналады. Осындай үздіксіз өсу, бірден-бірге жалғасу үстінде жаңағы жаңалық белгілі бір дәстүрге айналып, ол дәстүр бара-бара тағы да жаңалық тудырып, үздіксіз тізбекті әдеби үдеріске айналып отырады. Мысалы,
Абайдың « Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» деген өлеңін Қ.Мырзалиев өз өрнегімен:
Ақын болып тұйық жан саналмадым,
Көкіректі тас қылып жаба алмадым.
Әңгімеде кей сырды жасырсам да,
Өлең жырда сыр бүгіп қала алмадым –
деп жырлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет