Қазіргі әдеби процесс пәнінің зерттеу обьектісіне талдау жүргізіңіз


Қазіргі қазақ повестеріне аннотация жазыңыз



бет26/66
Дата18.05.2023
өлшемі240,56 Kb.
#94678
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
35. Қазіргі қазақ повестеріне аннотация жазыңыз.
Қазақ повесін көрнекті жазушы Қ. Жұмаділов «Тозақ оты» (2009), «Ақтұманың «Ханшайымы» (2009), «Көкжал» (2011) тәрізді тарихи хикаяттарымен байытты. Жазушы «Тозақ оты» хикаятында өзі жақсы білетін тарихи оқиғаларға тағы да қалам тартқан. Мұнда жеке адамнан бастап. адамзат баласының бастан кешкен және кешс бермек қасіреттері баяндалған. Бір кездегі өзгенің тарапынан көрген қорлықтар мен зорлықтардың үнемі еске алына беруі, оның әділетсіз екснін әшкерелсйді. Тарихи уақыт жеке адамның санасынан сол сәттерді әртүрлі айла-амалдарымен өшіріп жіберуге тырсса да, бәрібір ұлт (қазақ) мінез-құлқына жамаған жағымсыз таңбалары қалады және қорқынышпсн еске алынатыны да шындық.
Қ. Жұмаділов баяндаудың көркемдіктің қабатындағы оқиғалық желінінің шып-шырғасын шығармай еркіл өрбіте беретін қаламгер болғандықтан, Такламакан шөлінде тірідей тозақ отына түскен Қытайдағы қазақтардың тағдырын Бағлан есімді кейіпкердің басына жинақтаған. Хикаят авторлық кіріспемен тарихи уақыт пен кеңістіктің сығымдалған мәлімсттері арқылы оқырманға түсіндіріліп өтеді. басты оқиғаға себеп болатын Орыс-Қытай қарым-қатынастарындағы аласапыран кезеңдер түгел баяндалған. Бұлардың бәрі география мен тарихтан оқулық дәрежесінде хабары бар оқушыға онша қиындық туғызбайтын мәліметтер болғанымен, хикаяттағы Бағланның әрі ол тағдырлас адамдардың бастан кешкен ауыр күндсрі біз білмейтін көп жайттарға бойлатады. Жазушы да өзінің рухани дүниесі үн қатқанда сөз болъш қаламына құйылған «жады мұрағатын» оқырманға бүкпесіз ашып берген.


36. Л.Қоныстың «Тиын» әңгімесіндегі көркемдік компоненттер қызметін көрсетіңіз.
Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе- қайталанбайтын нәрсе. Суреттіліктің сұлулығы да суреттің сонылығында, жаңалығында жатар болар. Мұндай сұлулыққа деталь арқылы жету керек. Әдебиеттегі деталь- жазушының сирек ұшырасатын сәтті табысы. Мұнда азғана сөз айқын суретке айналады да, ұшан-теңіз шындықты танытады, көл-көсір мағынаға ие болады. Шынын айтқанда көркем шығарма атаулының бәрі детальдан құралады. Детальсыз жалпы әдеби туынды болуы мүмкін емес.
Тиын әңгімесіндегі деталь «тиын» - Бала дарияның арғы бетіндегі түп нағашыларына барғанда қыдырып барған сайын қайыққа мінетін. Өткізушілік міндеті үшін арбайған саусақтары ескектерді баппен есетін қаба сақалды, қарағай бойлы қара шалға тиын төлейтін. Кішкене ұл шынашақ саусағын тістелеп ойланып қалды. Түнеугүні апасы сағыз үшін берген тиынды сақтап қойған жерді жедел еске түсірді. Түрулі киіз үйдің сүйегіне тақау төселген, қызыл ала қошқар мүйізі бедерленген текеметтің шетін көтеріп, тапталған дымқыл топырақ бетінде жатқан бақырды саусағымен іліп алып, атасына көрсетті.
– Міне. Мұны қайықшыға төлей аламыз.
Шал мүлдем абдырды. Періштеге жалған сөйлеп, күнәға белшемнен баттым-ау деп қамықты.
– Бұл тиын жетпейді, – деді, – Қайықшының сұрайтыны көп тиын. Көп тиын бізде жоқ…
Кішкене ұл күрсініп алды.
– Көкем кетерінде қалтасына тиын салып кетіп пе еді?
Шал басын изеді де, бетін іргеге бұрып әкетті. Көзіндегі жасты көрмесін деп тер сіңген ала тақиясымен бетін жасырды…



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет