Қазіргі заманғЫ Қазақ тілінің негізі


Сын есімдер мағыналық түрлеріне



бет19/31
Дата08.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27264
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Қазіргі заманғы қазақ тілінің негізі

Сын есімдер мағыналық түрлеріне қарай сапалық және қатыстық болып бөлінеді.

Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың алуан сыр-сипатын (жақсы, жаман т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісі (ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.



Қатыстық сын есімнің өзіндік бір ерекшелігі - өздері жасалатын сөздердің мағынасына байланысты келетіндігі. Мәселен, сулы жер – суы мол жер, аталық борыш – атаның борышы т.б.

Сын есімдер үш тәсіл арқылы: морфологиялық (синтетикалық): қызылдау, ақшыл, таудай т.б. жұрнақ арқылы; синтаксистік (аналитикалық) тіркесу, қосарлану нәтижесінде: көк ала, қара шұбар, ақ көйлекті, жібек орамалды, биік-биік, аласа-биік т.б. семантикалық (морфологиялық-синтаксистік) тәсіл арқылы, яғни туынды сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы: басқа, өзге, шалажансар т.б. жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет