№ 9 дәріс тақырыбы: Зат есім. Көмекші есім. Олардың зат есімше түрленетіні. Көмекші есімдердің қызметі. Сын есім. Сан есім. Есімдік.
Атауыш, көмекші, одағай сөздердің лексика-грамматикалық қасиеттерін ескеріп топтастырғанда мына секілді он сөз табына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, етістік, шылау, одағай, еліктеу сөз, модаль сөздер.
Лексика-семантикалық ерекшеліктері жағынан зат есімдерді адамзат, ғаламзат, эмоционалды-экспрессивті зат есімдер және көмекші есімдер деп топтап бөлуге болады.
Морфологиялық құрылымы жағынан зат есімдер түбір немесе жұрнақ қатысымен келе беретіндіктен, жалаң, ал құрамында кемінде екі түбірлі болып келуіне байланысты күрделі зат есімдерге бөлінеді.
Синтаксистік жағынан зат есімдер сөйлемде бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.
Зат есімдердің кейде толық, кейде лексикалық мағынасы солғындап, бірде сөйлемнің жеке мүшесі болса, бірде күрделі мүше құрамында дәнекерлік қызмет атқаратын әрі зат есімдерше түрленетін есімдер тобын көмекші есімдер деп атайды.
Олар: асты, үсті, маңы, жаны, қасы, төбесі, тұсы, беті, шеті, сырты, арасы, алды, басы, түбі, іші т.б. сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |