Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер
бет 24/31 Дата 08.03.2022 өлшемі 0,98 Mb. #27264
Байланысты:
Қазіргі заманғы қазақ тілінің негізі Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ , сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын , сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер . Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:
1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;
2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды ;
3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады ;
4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;
5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
Атау септік
тұлғасындағы
сөздермен тіркесетін шылаулар
Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар
Достарыңызбен бөлісу: