Қазіргі заманғЫ Қазақ тілінің негізі



бет23/31
Дата08.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27264
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Есімше қосымшалары: а) өткен шақты білдіретін -ған, -ген, -қан, -кен (бар-ған, кел-ген т.б.); ә) -атын, -етін, -йтын, -итін (бар-атын, сөйле-йтін т.б.); б) болжауды білдіретін -ар, -ер, -р (бар-ар, сөйле-р т.б.); в) болымсыз етістіктен кейін келетін түрі -с (бер-ме-с); г) мақсатты білдіретін -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшалары арқылы жасалады (бар-мақ, кел-мек т.б.).

Көсемше қосымшалары: а) -а, -е, -й (бар-а, күлімсіре-й, кел-е т.б.); ә) -ып, -іп, -п (бар-ып, кел-іп, сөйле-п); б) -ғалы, -гелі,-қалы, -келі қосымшалары арқылы жасалады (бар-ғалы, кел-гелі).

1. Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан? Қашаннан бері?

Бүгін, былтыр, биыл, таңертең, бүрсігүні, қыстан бері, ала жаздай, күні-түні, ендігәрі, күндіз, бағана, таңсәріге дейін, енді, қазір, әлгінде, ежелден, кеше.

2. Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Кейін, алдыға, артқа, әрі-бері, ілгері-кейін, әрмен қарай, тысқары, төменнен, жоғары-төмен, алдыдан.

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?

Тез, жылдам, бетпе-бет, ақырын, бірден, әрең-әрең, жиі-жиі, бірте-бірте, бұрынғыдай, бұлбұлша, арыстандай, келе сала, емін-еркін, лезде, осылай.

4. Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншама? Қаншалық?

Қыруар, біршама, әжептәуір, неғұрлым, мұншама, соншалық, әжептәуір, мұнша, сонша, бірталай, көп.

5. Күшейткіш үстеуі

Қалай? Қандай?

Тым, өте, ең, тіпті, әбден, мүлдем, нағыз, керемет, аса, өңкей, кілең, орасан, ылғи, сәл, нақ, ерен, дәл.

6. Мақсат үстеуі

Қалай? Не мақсатпен?

Қасақана, әдейі, жорта, әдейілеп.

7. Себеп-салдар үстеуі

Не себепті? Неге?

Құр босқа, текке, амалсыздан, шарасыздан, лажсыздан, босқа, бекерден-бекер, бекер, босқа.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет