Қабысу (ешбір жалғаусыз қатар тұру арқылы: түлкі тымақ)
Қиысу (жіктік жалғау арқылы: біз оқушымыз)
Матасу(ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы: баланың кітабы
Меңгеру (атау мен ілік септік жалғауынан басқа септіктер арқылы)
Жанасу (ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы)
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Бастауышқа тән белгілер:
1. Бастауыш сөйлем арқылы айтылған ойдың кім, не туралы екенін білдіреді. Ол – субъектіні білдіретін мүше. Субъектіні атау, соны білдіру бастауыш мүшенің ең бастапқы, әрі негізгі қызметі.
2. Бастауыш баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсіп, предикативтік қатынасқа негіз болатын мүшелердің бірі.
3. Бастауыш – грамматикалық бітімі жағынан басқа сөйлем мүшелерінен тәуелсіз мүше.
4. Бастауыш мүше негізінен атау септіктегі зат есімнен жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |