27.Жоғары мектеп дидактикасы, негізгі ұғымдары. Дидактика – теориялық, сонымен бірге нормативтік-қолданбалы ғылым. Дидактикалық зерттеулер объектісі оқытудың нақты үрдістері, оның әртүрлі жақтары арасындағы заңды байланыстар туралы білімді береді, оқыту үдерісінің құрылымдық және мазмұндық элементтерінің мәнін ашады. Дидактиканың ғылыми-теориялық функциясы осымен сипатталады. Алынған теориялық білім оқытумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: білім беру мазмұнын өзгертетін мақсаттармен сәйкестікке келтіру, оқыту қағидаларын белгілеу, оқыту әдістері мен құралдарының оңтайлы мүмкіндіктерін анықтау, жаңа білім беру технологияларын құрастыру және т.б. Осының барлығы дидактиканың нормативтік-қолданбалы (конструктивтік) функциясының ерекшеліктері.
Жоғары мектеп дидактикасы - жоғары мектептегі жоғары білім және оқыту туралы ғылым, педагогикалық білімнің қарқынды дамып келе жатқан саласы. Жоғары білім беру саласындағы дидактикалық зерттеулердің қажеттілігі қазіргі заманғы жоғары мектеп мәселелерімен байланысты, атап айтқанда:
• жоғары мектеп құбылысын дидактикалық зерттеу;
• жоғары мектептегі оқыту үдесінің заңдылықтарын анықтау;
• жоғары білім беру теориясын одан әрі дамыту;
• білім беру технологияларын құрастыру (жаңғырту);
• педагогикалық құралдарды жетілдіру және т.б.
Жалпы дидактикадан айырмашылығы, зерттеулері білім беретін мектепке бағдарланған, жоғары мектеп дидактикасы келесі мәселелерді шешудің ғылыми негізін қоюға бағытталған:
1. Жоғары білімнің ерекше мақсаттарын негіздеу.
2. Жоғары мектептің әлеуметтік функцияларын негіздеу.
3. Білім мазмұнын негіздеу.
4. Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті құрастыру және
оқу қызметін жүзеге асыру тәсілдерін ғылыми негіздеу.
5. Оқытудың технологияларын, мазмұнын, әдістерін, нысандарын
таңдау, тиімді жолдарды анықтау.
Білім алушының ойлау әрекеті дидактиканың пәні деп саналған. Алайда, психологияның дамуымен ойлау қызметінің мәселелерімен психология және гносеология айналысатыны анықталды. Дидакт-ғалымдар танымды оқу жұмысы ретінде салыстырып, танымның міндеті объективті әлемнің жаңа фактілері мен даму заңдарын ашу, ал оқытудың мақсаты – адамдарды сол білімдермен және тәжірибемен қаруландыру деп қорытынды жасайды. Таным мен оқытудың арасында ішкі терең байланыстар бар – таным оқуға қатысты бастапқы болып табылады, өйткені оқыту нәтижесі, таным өнімі білімнің мазмұнына ие.