37.Жоғары мектептегі білім беру мазмұнына қойылатын талаптар (ізгілендіру, фундаментализациялау және кәсібилендіру). Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары. Педагогика ғылымындағы білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары және оны жетілдіруге қойылатын ғылыми талаптар жүйесі: тәрбиенің негізгі мақсатына бағытталуы – жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу адамды өмір сүруге дайындау; білім мазмұнын ғылыми негізде құру; ғылыми жүйенің логикалық құрылуы; пәнаралық байланысты сақтау; теория мен практиканың байланысы, өндіріспен ұштастыру; білім алушының жас ерекшелігімен сәйкестендіру.
Оқыту – білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс-әрекет. Білім мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тәжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нәтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Фундаментальдылық, тұлғаның қызығушылығын қанағаттандыру мақсаттылығы және бағыттылығымен қатар білім берудің жаңа парадигмасының көрінісі.
«Фундаментальді ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім адамға дүниенің қазіргі таңдағы біртұтас ғылыми-жаратылыстану туралы түсінік беруге, кәсіби қызметті бағалау үшін ғылым іргетасын қалап, тұлғаның шығармашылығын дамытуға және өз мүмкіндігі, қабілеті, қажеттілігін тану арқылы өмірлік бағдарламасын жасауға мүмкіндік тудыруы керек» (ЮНЕСКО-ның халықаралық меморандумы).
Егер, 1960-1980 жылдары білім беру «бәрінен аз ғана білу» формуласымен сипатталса, 1990 жылдары одан «Жаңа жағдаяттарды тану үшін барлығының мәнін білу» - ге көшті.
Барлық пәндердің негізгі мәнін білу арқылы ортақ ақпарат жинақтау білім алушыға әсіресе, студентке болашақ маман ретінде қойылатын негізгі мақсат. Оқытудағы мәндік тұрғы жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар синтезін құрайды. Оқытудағы мәндік ұстаным – бұл оқытушылардың студенттің қабілетін дамыту бағытында пәнаралық байланыс негізінде олардың (пән мазмұнының) мәнін жүйелі ұғынуға жағдай жасайтын жүйелі, синергетикалық («синергия» - грекше серіктестік, екі адамның бір бағыттағы бірлескен әрекеті) ұстаным.