«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет88/134
Дата03.03.2017
өлшемі13,05 Mb.
#6492
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   134

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Балабақша: «Тәрбиелеу және оқыту» № 2-5 2015ж 

2.Балабақша: « Тәрбиелеу және оқыту» №1-3 2016ж 

3.«Қазақстан мектебі» журналы № 7-10 2014ж 

4.«Шынашақ» кітабы, құрастырушылар:М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев Алматы « Қайнар» 

баспасы 1997ж 

  

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ХАЛЫҚ 



ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ РОЛІ 

 

Қарағанды қаласы 

КМҚК «Еркетай» балабақшасы 

Башимова И.О ағылшын тілі мұғалімі 

Лазерева Л.Д. музыка жетекшісі 

 

 «Тәрбие  -  тал  бесіктен  басталады»деген  нақылдың  өзі  өмірден  алынған.  Халық 

тәрбиесі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. 

«Адамды адам еткен - еңбек» болса,  ол еңбекті ұрпағына үйретіп, адами қасиетке 

баулыған - халық тәрбиесі. 

Қазақ    ағартушысы  Мағжан    Жұмабаевтың  «Әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының 

арасында,  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт 

тәрбиесімен  тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі 

ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді. 

Білім  беру  заңында  білім  беру    жүйесінің    басты  міндеті  –  біз  ұлттық  және 

жалпыадамзаттық құндылықтар,  елжандылық өз Отаны Қазақстанды сүйетін, халықтық 

дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерінен сусындаған  жас ұрпақ тәрбиелеуіміз 

керек. Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын  туған топырақтан дариды. Туған  жерге  

деген сүйіспеншілік пен мейірім  кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген. 

Сол себепті жас аналарымыздың бесік жырын санадан тыс қалдырмауын қадағалауымыз 

қажет. 


Халықтық  педагогика  элементтерін  қолданудың  маңыздылығы    білімділік, 

дамытушылық,  тәрбиелік  мақсаттарын  жүзеге  асырып,  баланың  өмірге    өзіндік 

көзқарасын,  өзін  қоршаған  ортадағы  әртүрлі  ой-пікір,  ұлттық  құндылықтарды  бала 

санасына  да  байланыстыра    білу  негізінде  ұлттық  мәдениет  пен  рухты  сақтауға 

тәрбиелейді.  Жас  ұрпақ  тәрбиелеуде,  оқытуда  бүгінгі  күннің  жаңалығы  мен  талабы 

үйлесім  тауып,  ізденіске  ұйтқы  болуы  керек.  Егемендігімізді  алған  елдегі  жас  ұрпақ 

бойына  қазақтың  ұлттық психологиясын, кеңпейілділікті, ержүректілікті және даналықты 

сіңіре  отырып  сана  мен  ойды,  тілді  дамытуға  көңіл  бөлуіміз  керек.  Бұдан  оқыту  мен 

тәрбиелеу  үдерісін  жетілдіру  ғана  емес,  баланың  шығармашылық  қабілетінің  дамуын 

қамтамасыз  ететін  жүйе  жасау  қажеттігі  туады.  Осы  бағытта    баланың    белсенділігін 



647 

 

647 



 

арттырып,  танымдық    зерттеу  ой-таласын  туғызып,  оқу  материалын  өмірмен 

байланыстыра  отырып  іздестірген  дұрыс  деп  ойлаймыз.  Біздің  ұстанған  бағытымыздың 

бірі халақтық  педагогика болғандықтан ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеті ретінде, үйірме 

және  тәрбие  жұмыстарында  халықтық    педагогика  дәстүрлерін  жоспарлап  кірістіріп 

отырамыз.  Баланың  ой-өрісін  кеңейтіп,  кейбір  олқылықтарын  толтыруда,  оқу 

материалының  ерекшеліктерін  зерттеп  білуде    тәрбие  жұмысының  маңызы  зор. 

Ұрпағымыз  ұлттық  тәрбиеге  зәру.  Халық  педагогикасын  пайдалану  үшін      одан  әрі 

дамытып  ашық  оқу  іс-әрекеттерінде,  ертеңгіліктерде,  тәрбие  жұмыстарында,  сайыс-

байқауларда  ұйымдастыруға  болады.  Халық  педагогикасы  сапасы  мол,  мазмұны  бай. 

Халық  ауыз  әдебиетінде,  салт-дәстүрінде,  ырымдарында    тәрбиелеу  жақсы  көрсетілген. 

Қазақ    халқының  ұмыт  қалған  дәстүрін  қайта  жаңғыртып  балаларды  ұйымшылдыққа, 

бірлікке,  ауызбіршілікке  тәрбиелейміз.  «Әр  бала-бір  жұлдыз,  жарқырауға  жәрдем  бер»  

деген  атпен        мақал  –мәтел  және  жұмбақ    сайысы    өткізілді.  Балалар  ұмыт  қалған 

мақалдарды  айтып  жұмбақтарды  шешіп  ұлттық  танымдық  қабілеттерін  аша  білді. 

Халықтық педагогикада отбасы  мүшелерінің  бәрі бала тәрбиесінен шет қалмайды. Ата-

анамен  бірге    ата-әжесі  де  бала  тәрбиесіне  зор  үлес  қосады.  Айтыс  өлеңдері  –  халық 

педагогикасында өз орны бар. Айтыс өнері қазақ  ұлтының ең сүйікті, әсерлі өнері. Ұл бала 

мен қыз бала айтысында белгілі бір жануарды ала отырып бір-біріне әзіл, қалжын айтады. 

Өтірік өлең айтысында бір-бірімен өтірік айтып жарысады. 

Ойын дегеніміз  жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына 

дейінгі  балалардың негізгі  іс-әрекеті.  Сұлтанмахмұт  Торайғырыов  «Балалықтың  қанына 

ойын  азық»  деп  бекер  айтпаған.  Өйткені,  ойын  үстінде  баланың  бір  затқа  бейімділігі, 

мүмкіндігі  және  қызығуы  анық  байқалады.  Баланың  өмірге  қадам  басардағы    алғашқы  

қимыл-әрекеті  ойын,  сондықтан  да  оның  мәні  ерекше  екенін  бәріміз  білеміз.  Қазақ 

халқының  ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» 

деп айтқандай баланың  өмірінде ойын ерекше орын алады. Сондықтан да педагогикада 

бала ойынына ерекше  мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптастын балалықшақтын 

түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Ұлттық ойындарды 

жанұя  тәрбиесінен бастап,  балабақшада  түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал 

ретінде  пайдаланып  келеміз.  Ұлы  педагог  В.Сухомлинский  «Ойынсыз,  музыкасыз, 

ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл  – ой тәрбиесі болмайды» -

дейді,  демек    шәкірттің  ақыл-ойы,  парасаты  ұлттық  салт-сананы  сіңіру    арқылы  байи 

түспек.  

Халқымыз  ойындарға  тек    балаларды  алдандыру  ,  ойнату  әдісі  деп  қарамай,  жас  

ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше 

бағалағаны  белгілі.  Қазір  бізге  жеткен    ойындарымыз:  тоғызқұмалақ,  қуыршақ,  асық 

ойындары. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік 

құрал болып табылады. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады 

көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. 

Ұлттық  ойындар  арқылы  мемлекеттік  тілді  меңгертіп,  сөздік  қорларын  дамыту, 

халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін таныстыру негізгі мақсаты болып келеді. 

Қазақтың  ұлттық  ойындары  ерлікті,  батылдықты,  өжеттілікті,  дененің  шынығуын 

қажет етеді. «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты», сияқты ойындар баланың сөздік 

қорын  молайтуға,  өмір  тәжірибесін  кеңейту,  ептілік  қабілеттерін  жетілдіруге  өз  әсерін 

тигізеді.  Балаларды  ұлттық  ойындарды    үйрету  арқылы  оларды  әділдікке,  достыққа, 

сыйластыққа тәрбиелеумен қатар, адамгершілік қасиеттері де дамиды. 

Мектепалды даярлық тобында кез келген пәнде топқа бөліп жарыс түрінде  ойындар 

өткізуге  болады.  Мысалы:  «Бәйге»,  «Қыз  қуу»,  т.б.ойнатуға  болады.  Мұндай  ойындар 

ойындар  баланы  тез  ойлауға,  шапшандыққа,  тапқырлыққа  баулып,  жаңа  тақырыптарды 

жылдам меңгеруге ықпал етеді. 

Сондай-ақ математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланып, жарыс сабақ өткізуге 

болады. 


648 

 

648 



 

«Ханталапай» ойыны. 

Талапай-ау талапай, 

Табылды ойын алақай! 

Асықты алға шашамыз, 

Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Балалар шашылған асықты жинап 

алады да әр бала өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны 

аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземен. 

«Ақсүйек» ойыны 

Ойынның  шарты:  Тақтаға  ақсүйектер  жапсырылады.  Бір  бала  көзін  жұмады  да 

ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады. 

Теңге ілу ойыны. 

Ойынның  шарты:  Тақтаға  теңге  ілінеді.  Теңге  алу  үшін  бір  жаңылтпаш  айтып  беру 

керек.  Әрбір  тапсырма  берілген  кезде  ойынның  негізгі  халық  арасындағы  шарты 

таныстырылып отырады. 

Сергіту сәті ретінде мынадай ойындарды қолдануға болады: 

«Арқан тарту», «Күш сынаспақ», «Қыз қуу» т.б. 

Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деп бекер айтылмаған. Яғни ұлттық ойындар 

тәрбие  құралы  ретінде  туған.  Ұлттық  ойындардың  басым  көпшілігі  мазмұны  жағынан 

ертегі,әңгімеге  жақын  болып  келетіндіктен,бала  зейінін  бірден  өзіне  тарта  алады.  Осыған 

орай  жасөспірімдер  ойнайтын  қазақтың  ұлттық  ойындары  баланың  жас  ерекшеліктеріне 

байланысты әрі қысқа,әрі нұсқа болып келеді. 

Сондай-ақ  ұлттық  ойын  түрлерін  «Көркем  әдебиет»,  «Тіл  дамыту»  пәндерінде  де 

ұйымдастыруға болады. 

Мысалы : «Кім сені түртті», «Даусынан таны» т.б. 

Балаларды тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Жылдам айт», 

«Санамақ» т.б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептілген. 

Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Әрбір ойын элементтері 

ұлттық  ойындардың  тақырыбына,мазмұнына  байланысты  логикалық  байланыста  болып 

келеді.  Ұлттық  ойындардың  логикалық  байланысты  болып  келуі  зейін  көлемінің  өсуіне 

септігін тигізеді. 

Балалар  ойынында  кейде  өлең-тақпақтар  да  жиі  кездеседі.  Бұл  өлең-тақпақтардың 

негізгі мақсаты шапшандыққа, тапқырлыққа, ептілікке баулу, өз бетімен іскерлікке, дұрыс 

шешім қабылдауға тәрбиелеу. 

Кез келген ойынның түпкі нысанасы-балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің 

нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес. 

Ұлттық  ойындардың  басым  көпшілігі  жан-жануарлар  дүниесін  елестетіп  ойнайтын 

ойындар болып келеді. Мысалы: «Түйе,түйелер», «Көк сиыр», «Соқыр теке» т.б. 

Ойынның  мәні-баланың  дербес  әрекеті  мен  төңірегіндегі  өзгерістерді  танып-білуіне 

жол  ашу.  Ойын  халықтық  педагогиканың  ең  бір  көне  және  тиімді  құралдарының  біріне 

жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы 

адамдардың  іс-қимылдарына  еліктейді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызы  зор.  Ол  баланы 

зеректікке,  білгірлікке  баулиды,  ұлттық  ойындар,  оның  ішінде  ата-бабаларымыздың  баға 

жетпес  құнды  қазыналарына  деген  көзқарасын  құрметтеуге,  сөздік  қорын  байыта  түседі. 

Сабақтарды  ұлттық  ойындармен  байланыстыра  түсіндіру  тақырыптарды  тез,  жылдам 

меңгеруге  ықпал  етеді.  Ұлттық  ойындарының  барлығы  халық  тәрбиесінің  көзі.  Халық 

ойындары  өмірлік  қажеттіліктен  туады  да,  психологиялық  жағынан  денсаулық  сақтауға 

негізделеді. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. 

Сонымен  түйіндеп  айтарымыз,  мектепке  дейінгі  әр  түрлі  топтардағы  балалардың  тілін 

дамытуда  ойындарды  тиімді  пайдалану  осы  бағыттағы  атқарылатын  игі  іс-шаралардың 

нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймыз. 

 


649 

 

649 



 

Пайдаланылған әдебиеттер. 

1.«Салт-дәстүрі  халқымның» кітабы құрастырушы: Гүлнар Қисықова 

2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» №6  2013ж 

3. «Қазақтың  ұлттық ойындары» кітабы авторы  Базарбек Төтенов  

Алматы  «Қайнар» баспасы 1994ж 

4. «Балабақша  және отбасы»  2012ж 

5. «Жалын»  республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журнал №9 2015ж 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ЗАМАН 

ТАЛАБЫНА САЙ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР. 

 

Төлеубекова Н.Т 



Қарағанды қаласы, КМҚК  «Толағай» балабақшасы 

 

       



Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп , жаңарып , толығып жатыр. Балалардың 

тілін дамытуды қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде 

қолдануға  ізденеміз  .  Жаңа  технологияны,  әдіс  –  тәсілдерді  тиімді  қолдану  білім  сапасын 

арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас 

ерекшелігін ескеру әдіс – тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға 

ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдересіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі 

ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, 

кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б материалдар сабақты көркейтіп отырса , балалардың 

сөздік  қоры  біршама  толығады,  ауызша  сөйлеу  түрлері  кеңейеді.  Тіл  дамыту  барысында 

ойын элеметтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар.Ойындарың 

негізгі мақсаты балалардың ықылас – зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, 

қабылдауын  дамытуға,  икімділікті  арттыруға,  өзінің  жеке  құрбыларының  іс-әрекетінің 

бағалай құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

  

Көрнекілік  әдісі.  Әл-Фараби  "Оқытудың  негізгі  әдісі  –  көрнекілік"  деп,  оның 



мақсаттарын,  тәсілдерін  (түсіндіру,  әсерлендіру,  есте  қалдыру)  ұсынады.    (1) 

 

 



Балабақшадағы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  дамыту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті  өмірде 

еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге 

жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 

       

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі-  тіл 



дамытудың  негізгі  бір  міндеттері  болып  есептелінеді.    Біз  балалармен  сөздік  жұмысын 

жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы  заттармен  таныстырып,  атын  атай  білуге,  қасиеті 

мен  сапасын,  түр-түсі  және  пішінін  ажырата  білуге,  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі 

құбылыстар  жайындағы  ұғым,  түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым-

қатынас жасай білуге үйретеміз. 

       


Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 

- балалардың сөздік қорларын дамыту; 

- жаңа сөздерді меңгерту; 

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. 

      

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып 



отыруы  тиіс.  Балалардың  сөздік  қорын  дамытуда  ойын,  тапсырма,  жаттығулардың  орны 

ерекше. Соның ішінде ойын  – баланың  шын тіршілігі. Ойын  арқылы бала айналасындағы 

нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып,  таңдап  алады.  Баланың  бір  ерекше  қасиеті 

сөйлеуден  еш  жалықпайды.  Ойын  бала  тілінің  дамуына  ықпалын  тигізіп,  таным 



650 

 

650 



 

белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала  болмасын  ойынмен  өседі,  өйткені  бала 

табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін 

еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген 

талпынысы  мен  құлшынысы.  Баланың  білуге  деген  құштарлығы,  сөйлеуі  ойын  үстінде 

қалыптасады. 



       

 

Сөздік  қорды  дамыту  ісін  ұйымдастыру  жұмысында  ойын  сабағы  ең  негізгі  орын 

алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, 

ойын-сабақтарын  ұйымдастыру  барысында  балалардың  сөздік  қорларын  дамытады. 

Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды,  табиғи  заттарды  қолдану  арқылы  өтіледі. 

Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», 

«Бірдей  ойыншықты  тап»,  «Қайсысы  көп,  қайсысы  аз»,  т.б.  Үстел  үсті  ойынын 

ұйымдастыруда  домино,  лото,  суреттер  қолданылады.  Мысалы:  «Суретті  құрастыр», 

«Қандай  затқа  ұқсайды?»,  «Қай  сурет  тығылды?»,  «Бір  сөзбен  ата»,  «Кім  байқағыш», 

«Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап»,«Есіңде сақта». 

          Ал  сөздік  ойын  арқылы  сөзді  орынды  қолдана  білуге,  дұрыс  жауап  айтуға,  сөз 

мағынасын  түсінуге,  орынды  сөйлеуге  үйренеді.    Сонымен  қатар  балалардың  сөздік 

қорларын  «дамыту  жұмысына  ойындарды  қолданумен  қатар,  «Пішіндер  көрмесі»,  «Қиын 

жолдар»,  «Көңілді  таяқшалар»  тәрізді  жаттығу  тапсырмаларды  да  пайдаланып  отыру  өз 

нәтижесін  берді.  Бұл  аталған  жаттығу,  тапсырмалар  балалардың  сөздік  қорын  дамыта 

отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. 

        

  Балаларды  ойынның  мазмұнымен  таныстыру  ойынды  өткізу  болып  табылады. 

Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-

әрекеті болып табылады. 

          Сонымен 

балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды,  тапсырма-

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, 

ауызша  сөйлеу  машығын  игереді,  таным  белсенділіктері    қалыптаса  түсіп,  ақыл-ойы  өсіп 

жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 

           Міне, сондықтан да оқу-тәрбие арқылы үрдісінде әр түрлі ойындар баланы жан-жақты 

дамыту  ісіне  ерекше  көңіл  бөлемін  және  бұл  менің  ең  негізгі  алдыма  қойған  мәселем. 

Сонымен,  баланың  сөздік  қорын  дамытумен  қатар,  тілін  дамыту  да  ойын  арқылы  жүзеге 

асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады. 

Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын 

меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта 

мен  айналасындағы  адамдармен  еркін  қарым  -  қатынасқа  түсу,  сөйлеу  қабілеттерін 

қалыптастыру. 

Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол 

болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы 

баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді. 

Жас  жеткіншектерді  баулып,  тәрбиелеуде  көркем  әдебиеттің  ролі  ұшан  -  теңіз.  Ол 

жаңа өскін балауса буынының сана  - сезімін оятып, ақыл  - есін дамытатын, адамгершілік 

моральға 

тәрбиелейтін 

өмір 

оқулығы. 



Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып 

тәрбиелеу  педагогтардың  алдындағы  міндеті.  Ертегі,  әңгімені,  өлең  –  тақпақтар  мен 

жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен 

әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, 



651 

 

651 



 

сәбидің 


ақыл 

ойының 



жетілуіне 

әсерін 


тигізеді.. 

       Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін 

жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл 

дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді.  

Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге 

тоқталатын болсақ: Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, 

сөйлемдер бірнеше рет  қолданылады. әр кейіпкерді  сөйлете отырып, балаларға қайталату. 

Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен ауызша айтып беремін. Сонан соң  айтылған 

ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап 

рольдерге  бөліп  ойнатамын.  Мысалы:  «Бауырсақ»  «Шалқан»  «Мақта  қыз  бен  мысық» 

«Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» ертегілері. (1) 

           «Қазақстан -2050»стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 

бағыты  Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә Назарбаевтың 

Қазақстан  халықына  Жолдауында «Бәсекеге  қабілетті  дамыған мемлекет болу үшін  біз 

салуаттылығы  жоғарға елге айналуымыз керек.Сондай- ақ балаларымыздың ,жалпы барлық 

жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына    да  зор  көңіл  бөлу  қажет.Біздің 

жұмыстарымыздың  білім  беру  саласындағы  басылымдықтары  бүкіл  әлемдегі  сияқты. 

Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» деп айтылған. Осыған 

байланысты балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, 

ұйымдастырушылық және моральдік – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету әлеуметтік 

міндет 

болып 


табылады. 

 

Әдебиеттер тізімі 



1. 

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттілігін 

қалыптастыру....

 

alashainasy.kz/.../ertegler-arkyilyi-mektep-jasyi. 



2. Баяндама:"Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту ...

 

sc0002.bulandy.akmoedu.kz/.../DA10865DBD 



3. Г.С. Швайко. «Игры и игровые  упражнения для развития речи » Москва. Просвещение  

1988г 


 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ 



БІЛІМ БЕРУ 

Қарағанды қаласы, КМҚК «Еркетай» балабақшасы 

Аширбекова Ж.Б. әдіскер, Бакирова Г.С. тәрбиеші 

Қой асығы демей-ақ,  

Қолыңа толса, сақа тұт,  

Жасы кіші демей-ақ  

Ақылы асса, аға тұт. 

Халық даналығы 

Қазіргі  таңда  барлық  әлем  жұртшылығының  назарын  аударып  отырған  мәселе 

балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім 

беру  үрдісіне  толық  қосуды  қарастыратын  инклюзивті  білім  беру  екенін  бәріміз  білеміз. 

Инклюзивті  білім  берудің  біздің  қоғамымызға  қосар  үлесі  өте  зор.  Білім  берудің  бұл  түрі 

арқылы  біз  баланың  жынысы,  діні,  тегі,  географиялық  мекені,  жағдайына  қарамастан 

барлығын тең дәрежеде оқыта аламыз. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың назардан тыс 

қалуына  тоқтау  қойып,  қалыпты  балалармен  бірдей  деңгейде  оқыта  аламыз.    Инклюзивті 

білім  беру  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқытып-үйретудің  бір  формасы.  Инклюзивті 

оқыту  негізінде  балалар  құқығын  кемсітпеу,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты 

қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  ерекше  оқыту  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай 


652 

 

652 



 

қалыптастыру  идеологиясы  жатыр.  Қатаң  білім  беру  жүйесіне  сүйенгенде  мүмкіндігі 

шектеулі балалардың бір бөлігі шығып қалады. Себебі қалыптасқан жүйе мұндай балалардың 

даралық  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алмайды.  Инклюзивті  бағыт  мұндай  балаларды 

оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады; барлық 

балаларға  мектепке  дейінгі  оқу  ұйымдарында,  ұйым  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік 

береді;  балалардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс-әрекетіне  қатысуға  мүмкіндік 

береді, сондай ақ адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік 

береді.  

Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 

анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 

Барлық  адам  бір-біріне  қажет.  Білім  шынайы  қарым-қатынас  шеңберінде  жүзеге  асады. 

Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін 

жетістікке жету  –  өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-

жақтылық  адам  өмірінің  даму  аясын  кеңейтеді.  Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың 

мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз 

ететін  жалпы  білім  үрдісінің  дамуы.  Инклюзивті  оқыту  балаларды  оқу  үрдісіндегі 

қажеттіліктерін  қанағаттандырып,  оқыту  мен  сабақ  берудің  жаңа  бағытын  өңдеуге 

талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  оқу  қызметін  өткізуге  енгізілген 

өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. 

Демек, енгізілген өзгерістің тиімділігіне біз, тәрбиешілер де мұқият болуымыз қажет. Осы 

жаһандық  мәселеге  әлем  ғалымдары  мынадай  анықтама  береді:  инклюзивтік  білім  беру 

дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде  мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім 

үрдісіне  толық  енгізу  және  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына,  шығу  тегіне,  дініне, 

жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке 

шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, 

яғни,  жалпы  білім  беру  сапасы  сақталған  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік  саясат. 

Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалпы  білім  беретін 

мекемелердің  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Демек,  инклюзивті  оқыту  негізінде 

балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік 

қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге  оқытудың  ерекше  қажеттілігі  бар  балаларға 

арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке 

жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.  

Дана халқымыз: «Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, 

                         Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей», - дейді. Мейлі 

сенің  мүмкіндігің  шектеулі  болсын,  мейлі  сен  қалыпты  бала  бол  саған  жасыңда  берілген 

білім  мәңгі  мәнін  жоймайды.  Ал,  қажеттілігің  жасыңда  қанағаттандырылмай,  жасың 

ұлғайғанда оқимын десең, қателесесің. Ол өте ауыр. Берілген білім санаңа сіңгендей болса 

да, оның мәнін жоймай, сақталып қалуы екіталай.  

Мектепке дейінгі ұйымдар мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеуі 

керек. Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық 

қарым-қатынасқа  құқылы.  Әлеуметтік  ортаға  енгізу  –  әлеуметтік  қатынастың  жалпы 

жүйесіне  және  баланың  өз  жағдайына  қарай  білім  алу  ортасына  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың  әлеуметтік  бейімделуін  қалыптастыру.  Бейімделу  –  бұл  жеке  тұлғаның 

әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің 

негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі 

шектеулі  баланы  әлеуметтік  ортаға  енгізудің  екі  жолы  бар.  Бірінші  жолы,  мүмкіндігі 

шектеулі  баланы  қоршаған  ортаға  бейімдеу.  Бұл  жолдың  кемшілігі  –  біржақтылығы.  Бұл 

жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. 

Бұл  дайындық  процесінде  интеграцияның  объектісі  ғана  емес,  сонымен  қатар  белсенді 

субъектісі  болу  керек.  Екінші  жолы  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  әлеуметтік  ортаға  енгізу 

дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. 

Негізгі  факторы  да  осы.  Бүгінгі  күні  мүмкіндігі  шектеулі  баланы  ортаға  кіріктіру,  жалпы 


653 

 

653 



 

білім  беру  процесіне  қосу,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  құқығын  қамтамасыз  ету 

маңызды мәселенің бірі болып отыр. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс 

істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі, қазақ тілінде 

оқытатын  педагог-дефектологтардың  жетіспеушілігі,  ауылдық  аймақтарда  арнайы 

мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі 

біздің  қоғамымыздың  күрделі  мәселесі  болып  келеді.  Осы  мәселелерді  жою  мақсатында 

педагогтар  бірлесіп  жұмыс  жасаса,  болашағымыздың  жарқын  болары,  барлық  баланың 

құқығы  тең,  еңсесі  биік  болары  хақ.  Жүсіпбек  Аймауытов  «Мұғалім  істеген  ісі  өнімді, 

берекелі  болуын  тілесе,  әуелі  өз  қызметін  шын  көңілмен  жақсы  көрсін»  деген  екен.  Олай 

болса,  өз  мамандығын  шексіз  сүйе  білген  маман  иесі  ғана  үздіксіз  ізденіс  пен  асқан 

шыдамдылық,  қажырлы  еңбектің  арқасында  баланың  біліміне,  оның  болашағына  үлкен 

сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.  

Сонымен  қатар,  ата-анамен  жұмыс  бұл  бағыттың  басты  міндетінің  бірі.  В.А. 

Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек 

ата-аналармен  бірге  жалпы  күш  жігерді  біріктіру  арқасында  педагогтар  балаларға  үлкен 

адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші 

бірден-бір  фактор.  Сондықтан,  психикалық  дамуы  тежелген  баланы  психологиялық- 

педагогикалық  қолдау  қызметінде  ата-аналарға  психологиялық  кеңес  беру,  оларды  бала 

дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы 

ерекше. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші, арнайы мамандар және ата-аналар бірлесіп 

жұмыс жасаса еңбектерінің нәтиже береріне сенуге болады. 

Қорыта  айтқанда,  бала  −  ата-ана  −  педагог,  отбасы  және  білім  беретін  ұйымдар 

арасындағы  сабақтастықтың  ойдағыдай  жүзеге  асуы  тұлғаның  әлеуметтік  бейімделуінің 

алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін 

сезінетіндей  жағдай  жасауымыз  керек.  Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  –  ұлттық 

құндылықтарымыз,  әр  баласы  еліміздің  ертеңі  екенін  ескерсек  әрбір  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. 

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды 

нәтижелі  басқару  үшін,  түрлі  жас  кезеңіндегі  бала  дамуының  өзіндік  психологиялық-

педагогикалық заңдылықтары туралы мектепке дейінгі ұйымдардағы әр тәрбиеші терең білу 

керек. 


«Сақтықты соқырдан үйрен, 

Кішілікті түйеден үйрен»,- деген халық даналығы бар. Яғни мүмкіндігі шектеулі жаннан 

да үйренеріміз барын ұмытпаған абзал. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет