1.
Народные русские сказки А.Н.Афанасьева:
В 3-х т. М., 1958.
2. Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. СІ1б.,188У.
ч.УІІІ. с. 184,222 и др.
1 1
3.
Сонда,
182-184-6.;
Дмитриев
Н . К .
Турецкие сказки.
//
Предисловие к
сб..
Турецкие народные сказки. М., 1967. С. 21-22.
4. Азэрбаічан нағыллары. Икиичи чилд. Бакы, 1961. 60-6.
_
5. Узбек халқ ижоди. Сув қизи. Фантастик эртаклар. Тошкент, 1966.
257-6.
6. Татар халық ижады: Әкиятләр. Қазан, 1978. Икенче китап, 25-6.
7. Түркмен халқ эртекилери. 3 томлук. Жадылы эртекилер. Ашгаоат,
8. Қарақалпақ фольклоры. Көптомлык. Қарақалпақ халық ертеклери. Нөкис.
1 9 7 7 .1-т. 256-6.
9. Сонда, 210-6.
10. Қырғыз эл жомоктору. Фрунзе, 1978. 17-6.
11. Башкорт халық ижады: Әкияттәр. Өфө, 1976. Беренсе китап, 169-6.
12. Сонда, 184,326-6.
_
. .
13.
Қазақ ертегілері. Алматы,
1957. І-т.
/Құрастырған
Е.Ысмаиылов.
Кіріспе
мақаланы
М.Әуезов
п ен
Е.Ысмайылов
жазған; 2-т, Алматы, 1962. (Құрастырғандар
БАдамбаев, Г.Сүлтангалиева, Б.Уахатов)
3-т, Алматы, 1964. (Құрастырғанд р
Б.
Уахатов, Б.Адамбаев, Б.Ысқақов).
Соңғы екі томның редакциясын басқарған
Е.Ысмайылов.
14. Қазақ ертегілері, 1-т., 42-6.
15. Қазақ ертегілері, 2-т., 87-6.
119
V
С .419.
16. Сонда,210-6.
. - г ^
т
**
17. Сонда, 273-6.
.... 4
4
1 '
- •
< .<
18. Қазақ ертегілері, 3-т., 117-6.
19. Сонда, 112-6.
гч.
20. Азэрба^чан нағыллары. Икннчи чилд. Бакы, 1961. 69-6.
21. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: В 5-ти т. Алма-Ата, 1964. Т. 3.
22_ Қаңбақ шал // Қазақ ертегілері, 1 -т. 316-6.: Кім күшті //Қазақ ертегілері,
2-т„ 187-6.
_
230Гацак В М' Сказочник и его текст // В кн.: Проблемы фольклора. М., 1975.
С. 47-48.
- . ,
•*
Т&ут ЩЩШ.
24.
Илмхон // Сув. қизи. Фантастик эртаклар. Тошкент, 1966 168-176-6-
Патышаның гырнақдан болан ики оглы // Түркмен халқ эртекилри. Ашгабат^
1077
7
6*б,; Кубылы батыр //Қарақалпақ фольклоры. Көптомлық. Нөкис,
1977. 2-т., 8-14-6.; Жоодербешим // Кыргыз эл жомоктору. Фрунзе, 1970. 17-24-6 ;
Әлібек батыр // Қазақ ертегілері. Алматы, 1962. 2-т., 88-100-6.,
тағіы
басқалар.
25‘ Веселовский А.Н. Поэтика сюжетов // В кн.: Историческая поэтика. Л.
1940. С. 515-538;
Пропп В.Я.
Мотив чуесного рождения. // В кн.: Фольклор и
деиствительность. Ц 1976. С. 205-540;
Жирмунский В.М.
Сказание об Алпамы-
ше и богатырская сказка. М„ 1960. С. 163-217;
Қасқабасов С.
Ертек пен эпостың
сюжеттік типологиясы // Қазақ фольклорының типологиясы. Алматы, 1981. 235-
266-6.
26. Еркем-Айдар // Радлов В. Образцы народной литературы тюркских пле-
мен. СПб., 1870, Ч.
III,
С. 270-271. Осы үзіндідегі аттың иесімен серттесуі - эпос
образын айшықгайтын әдістің бірі, ал оның арғы түп-тамыры анимистік жэне то-
темистік ұғымдарда жатыр.
27. Жартытөстік // Әдебиет жэне өнер институтының қолжазба қоры № 119-
бума, 173-6.
28. Сонда.
д
29. Қадым заманда 3,7,9,40 сандары магиялық деп есептелгені мәлім.
Бүл сандардың қазақ тіліндегі магынасын қараңыз:
Кеңесбаев
/. Қазақ тілінің
фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977. 612-616-6.;
Садырбаев С.
Мұрын
жыраудың мүрасы жэне тұгастану туралы бірер сөз // Қазақ ССР ҒА Хабарла-
Ры, коғамдық ғылымдар сериясы. 1965. №1, 78-79-6.;
Дербісәлин Ә.
Дэстүр мен
жалгастық. Алматы, 1976. 47-6.;
Сыдықов Т.
Ғасырлардың кәусэр бұлағы. Алма-
ты, 1980.103-104-6.
I V * *
30. Әдебиет жэне өнер институтының қолжазба қоры, № 119-бума.
31. Біз бұл жерде
бастапқы
және
соңгы формупаяарды
айтып отырганымыз
жоқ. Әңгіме текст ішінде кездесетін тұрақгы тіркес жайлы. Ғылымда оны
ме-
диальные формулы
(
ортангы формула)
деп атайды:
Рошияну
Н.
Традиционные
формулы сказки. М., 1974.
120
ҚАЗАҚ Ә Н Д ЕРІН ІҢ М Ә ТІН І
1
ТУРАЛЫ
Қазақ халқының рухани дүниесінде ғана емес, бүкіл өмірінде, тір-
шілігінде ерекше орьш алатын өнер — өлең мен эн. Үлы Абайдың мына екі
сөзін еске алайықшы:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Әлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қьізығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең! [1]
Немесе:
Ұйықтап жатқан жүректі эн оятар,
Үннің тэтті оралған мэні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар [2].
Қазақга өлең де көп, эн де мол. Біздің бүгінгі рухани мүрамыздың
үлкен бір саласын өлең мен эн қүрайды. Эсіресе, халық өлеңдері мен халық
композиторларының әндері — жай ғана мүра емес, қазіргі мэдениетіміздің
таусьшмас бұлағы, ажырамас бөлігі. Кеңес өкіметі кезінің өзінде-ақөлеңдер
жиналып, эндер нотаға түсіріліп, кітап болып жарыққа шығып жатты.
Онымен ғана қоймай, эндеріміз ұлттық классикалық операларымыздьщ
сэнін келтіріп, жұртшылыққа ұнап, өнеріміздің дамуына игі әсер еткенін
де білеміз. Атақты әншілерміз бен жай орындаушыларымыз да үлкен кон-
церттер мен сауық-думандарда өз репертуарына халық эндерін міндетті
түрде енгізіп жүрді, радио мен теледидар арқылы олардың кең жайылуына
ықпал етті. Әндеріміз бен күйлеріміз, өлендеріміз ғылыми зерттеулердің
нысанасына да айналды. Дегенмен... Дегенмен, Кеңес заманында бұл
істің бэрі қатаң идеологиялық қыспақ пен қырағы цензураның қатал
бақылауында болды, ал әндеріміз бен өлеңдеріміз таптық-партиялық
тұрғыдан бағаланьш, «халыктық» жэне «халыққа жат» деп екі жікке
бөлінді де, мұрамыздың біраз бөлігі «жабулы» жатты.
121
Тәуелсіздж алдық. Енді тарихымыз бен мәдени мұрамызды толық і
түрінде жариялауға, орындауға, еш алаңсыз зерттеуге мүмкіндік туды.
І
Ьүгінгі біздщ рухани өмірімізде екі түрлі, бір-біріне қарсы процесс
жүрщ жатыр. Бірі - азаттықтың арқасында еліміздің өткенін зерделеп,
тарихымыздағы, әдебиет пен өнеріміздегі «ақтаңдақтарды» айқындап,
зерттеу ісшщ жандануы. Соның нәтижесінде Алаш арыстарыньщ өздері
мен шығармашылығы ақталып, том-том кітап жарыққа шықгы, олар тура-
лы ғылыми еңбектер жазылды. Сондай-ақ, Кеңес түсында тиым салынған
кептеген дүниелер өз оқырманына жетгі. Дәл бүгінгі таңда «Мәдени мүра»
атты Мемлекеттік бағдарламаның орындалып жатуы - халқымыздың бар
оаилығын, құндылықтарын білуге, элемге танытуға деген зор қүлшыныс
орасан талпыныс белгісі болып отыр.
Қазіргі жүріп жатқан екінші процесс - жаһандану. Жаһанданудың иле-
уіне түспес үшін біз осы бастан өзіміздің рухани мұрамызды, ұлттық эн
мен өлеңімізді дұрыс сақтай білуіміз керек. Алайда, құр сақтау жеткіліксіз.
Мұраны қатып қалған мүсін ретінде сақтау дұрыс емес эрі мүмкін де емес.
ол мұраның ұлттық сипатын сақтай отырып, осы күнгі үрдіске, талапқа,
талғамға сәйкес пайдалана білу қажет. Жаңа мүмкіндіктерді пайдалана
отырып, сол мұраға соны нэшіндер мен нақыштар дарыта білу шарт. Сон-
Да ғ^на біздің ежелгі эн-күйіміз, өлең-жырымыз жойылып кетпейді, өзінің
өзегін сақтай отырып, жаңаша естілетін болады. Қазіргі кезде талапты да
талантты жастарымыз бұл салада өз шама-шарқынша жұмыс атқаруда.
Олар ескі эн мен күйді жаңа аранжировкаға түсіруде, домбыра мен қобызға
басқа аспаптарды қосу арқылы әндерді, күйлерді жаңаша орындап, оларға
жаңа сарын беруде. Бұл істе ұтымды да, ұтымсыз да тәжірибе бар. Әсіресе,
бұрынғы эндердің тексін бұзып, сөздерін өзгертіп орындау концертте де,
радио мен теледидар бағдарламаларында да, шығып жатқан кітаптарда да
жиі кездеседі.
]
Шынын айту керек, бұл олқылықтардың түрі бірнеше жэне олар
әртүрлі себепке байланысты. Олардың біразы Кеңес өкіметі тұсындағы
таптық-партиялық идеологияның салдарынан болса, енді біреулері
орындаушылардың халық энінің сөзіне мэн бермегендіктен, немесе сөзін
білмегендіктен^ болса, үшіншілері - орындаушылардың эн сөздерін өз
ауылына^ қарай бұра айтуынан. Тағы бір тенденция — ескі халық әндерін
1
ешқандай негізсіз бір авторға тели салу, сондай-ақ текске кірме сөздерді
I
орынсыз енгізу т.б. Міне, осыларды ғылыми тұрғыдан қарап, ақиқатты
I
анықтау жэне жұртшылыққа әннің әуенін ғана емес, мэтінін дұрыс жеткі-
1
зу —
рухани мұрамызды бүгінгі және келешек өмірге қажетті дүние етудің
]
басты шарты деп ойлаймыз. Осы айтқан ойларымызға нақты мысалдар
I
келтірейік.
| I
Кеңес өкіметі мен компартияның саясатына лайықгап, ежелгі
1
эндердің сөзін өзгерту 1930-50 жылдары жүзеге асты. Соның салдарынан
|
бұрмаланған сөздер элі күнге дейін солай айтылып жүр. Осыдан бір-екі
]
ай бұрын радиодан белгілі эншіміз Бекболат Тілеухановтың орындауында
I
122
I 1
әдемі ән берілді. Диктор — Біржанның әні «Сырғақты» деді. Бекболат бас-
тап
кетті:
Ақ тұйғын құс қолымда ырғақты ма,
Басып-басып алайын сырғақтыма...
Қараңызшы: «Ақ тұйгын құс қолымда ьфғақты ма, Басып-басып
алайын сьфғақгыма», — дейді. Сонда тұйғын құс «ырғақты» болады да, эн
«сырғақгы» болады. Ешбір логика жоқ.
‘
Бұл жерде Бекболаттың да, радио дикторының да кінәсі жоқ. Әнді
бұрынғы майталман эншйіеріміз Жүсіпбек те, Жэнібек те осылай айта-
тын. Кезінде марқұм Жэнібекке сөздің қате айтылып жүргенін айтқанмын.
Ол уэжге тоқгаған еді. Жэне өзі дайындап, жариялаған «Халық эндері
мен халық композиторларының әндері» атты жинағында эннің мэтінін
дұрыстапты да, атауын сол күйінде қалдырыпты [3]. Ал, эннің дұрыс ата-
уы - «Ы рғақты ». Сөзімізді дәлелдейік.
Александр Затаевичтің 1925 жылы Орынборда шыққан «Қазақ
халқының 1000 эні» атгы жинағында бұл эн «Ырғақты» деп берілген
[
4
]. Эңці айтқан адам — кэдімгі Жүсіпбек Аймауытов. Осы әнге берген
түсініктемесінде А.Затаевич былай деп жазады.
«Ыргакты» имеет еще и другое значение, кроме «волнообразный».
Так называется и один из киргизских родов» [5]. Міне, эннің басқаша ата-
лып кетуінің себебі қайда? 1930 жылдардан бастап қазақтың дәстүрлері
«ескілікті», «керітарпгпа», «патриархалдықтың белгісі» делініп, ру мен
тайпалардың, тіпті үш жүздің атын энге қосуға болмайтын еді. Ал, бүкш
әннің атын рудың атымен атау - барып тұрған рушылдық деп есептел-
ді. Сөйтіп, Абыралы мен Қарқаралы аймағында тұратын Ы рғақты
руының атымен сәйкес келген «Ы рғақты » сөзін эннің атауы деп айтуға
қорыққандықтан ескі әндерге жаңадан сөз шығарушьшар мен орында-
ушылар ертеден айтьшып жүрген «Ы рғақты » энін «С ы рғақты » деп атап
жіберген. Сол атау элі де жүр эрі эн мазмұнына нұқсан келтіріп тұр. Бфін-
шіден, «сы рғақты » сәзінің мағынасы күңгірт. Ол - ақ тұйғын қүстың аты
ма, элде құсқа берілген анықгама ма? — Бұл жагы белгісіз. Екіншіден,
құсқа қатысты анықгама болса, құс қалайша «сырғақгайды», ол тұғырда
отыр емес пе? Демек, осы создің өзі қаншалықгы мағыналы эрі орынды?
Ендеше энде құс «зы р қ ақ ты ма?», элде «ты рн ақты ма?» болуы да
мүмкін ғой. Олай болса, «Ақ тұйғын құс қолымда тырнақты ма, Басып-ба-
сып алайын ырғақгыма» деп айтқан дұрыс сияқгы. Ү шіншіден, эншілеріміз
осы екі тармақгы мүлде шатастырып айтады да, эннің мазмұнын бұзады.
Дэл осындай жағдайды «Тілеу, қабақ» әнінен де кореміз. Қазіргі айты-
лып жүрген нұсқасы «Айқайлап эн саламын Тілеуқабақ>> — деп басталады [6].
Мұнда да рулардың атын айтудан сескеніп, мэтінге озгеріс енгізілген. Дұрысы:
«Сұрасаң руымды
Тілеу, Қабак» деп айтылады. «Тілеу мен Қабақ» — екі ру,
алты ага Әлімге жагады. «Қабақган» эйгілі Көтібар батыр шыққан.
123
Осы эннің тағы бір тармағы өзғеріске ұшыраған «Қудайдан жатсам-
тұрсам тілегім сол» деудің орнынан «Көңілдің жатсам-тұрсам тілегі сол»
- деп, бүкіл эннің мазмүнын өзгертіп жіберген. Адам құдайдан тілейді,
сұрайды. Көңіл сұрамайды, адам тілейді. Сол себепті де «Құдайдан тілегім
сол» - деп, содан кейін тілегін айтады: «Бергей деп маңдайыма бармақтай
бақ!». Бұрынғы айтушы құдайдан бармақтай бақ сұрап тұр, ал қазіргі әнші
сұрай алмайды, оның коңілі тілейді, бірақ кімнен тілек сұрайды, - белгісіз.
Сөйтіп, энге мағынасыздық дарыған.
(Мынадай сұрақ тууы мүмкін. Мәдидің «Қаракесек» эні - рудың аты
ғой, ол неге озгертілмеген? - деген. Бұл эннің мэтіні мазмұны жағынан
Кеңес өкіметінің идеологиясына қарсы емес. Мэдидің өзі де, әні де
таптық тұрғыдан қараған партияға - дұрыс көрінген. Ол Қақабай сияқты
«шынжыр балақ, шұбар төс» байдан қорлық корген деп бағаланды. Міне,
Мәдидің өмірі мен эні — Кеңес өкіметі мен Компартияның таптық күрес
туралы ұгымы бойынша түсінілген).
Халық әндері мен энші-ақындар өлеңдерінен діни сөздерді, ру мен
тайпаның, үш жүздің атын, немесе олар туралы ұғымдарды алып тастау
бүкіл эннің, шығарманың мэн-мағынасын бұзып, күлкілі жағдайға экеледі.
Бір-екі мысал келтірейік. Бэрімізге белгілі «Қамажай» әні қазір былай ай-
тылады. «Үш топтан таңдап алған Қамажайым, Өзіңді тоқсан қызға
бағалаймын» [7]. Осы жерде заңды сұрақ туады: бұл неғылған үш топ?
Қандай үш топ? Бет-албаты үш топтан таңдап алған ба? — деп күлесің.
Ақиқатында олай емес. Үш жүзден таңдап алған. Міне, Қамажайдың
қандай қыз екенін осыдан білуге болады. Яғни, оны бүкіл қазақтың іші-
нен, үш жүзді аралап жүріп, таңдап алған.
Дүниенің бэріне кедей таптың көзімен қарау, адамдардың өмірін,
олардың сезімін, ара-қатынасын «пролеткульт» көзқарасымен бағалау біраз
эн мен күйді, эпостықжырымызды, дастанымызды «халыққа жат» деп есеп-
тен шығарып тастауға экеп соқты. «Үмыттыру» мүмкін болмаған әндердің
сөзін түгелдей, немесе ішінара өзгертуге мэжбүр еткен уақыт 1930-50
жылдар арасы. Соның бір айғағы — Ақан серінің «Балқадиша» эні. Бэріңіз
білесіз, соңғы кезге дейін «Дегенге Балқадиш а, Балқадиш а, Күйеуің
сексен бесте шал, Қадиша» деп айтып, автордың ойына мүлде қайшы ой
қостық. Қазақ радиосынан «Бізге қымбат дауыстар» атты айдармен беретін
концертте осылай айтылып жүр. Әрине, оны өзгертуге болмайды. Мэселе
- қазіргі әншілеріміздің сөзді дұрыс айтуында болып отыр.
Кеңес өкіметі халықтың рухани мұрасын тек таптық тұрғыдан
ғана емес, атеизм мен интернационализм тұрғысынан да бағалап, тек
«пролетарлық мэдениетке» жарамдысын ғана насихаттауды талап етті.
Соның салдарынан көптеген эндеріміздегі Алла, құдай, пайғамбар, пе-
ріште сияқты исламға қатысты сөздер мен ұғымдар алынып тасталды
да, олардың орнына басқа сөздер енгізілді. Мысалы, бэрімізге белгілі
«Жалғыз арша» әніндегі «Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша» деген
жолды «Хатқа жүйрік сол қалқа зерек сонша» деп элі күнге дейін айтып
124
жүрміз. Кеңес кезінде эн ұмытылмасын деген мақсатпен «мұсылманша»
сөзін «зерек сонша» деп ауыстыру қажет болган шыгар. Ал, бүгінгі күндері
солай айтканымыз қалай?
,
Тағы бір мысал. Атақгы Естайдың «Хорланындагы» өлеңнің екінші жолын
бүзып айгамыз. Еске түсірейік: «Бір қыз бар Маралдьща Қарлыгайын, табиғат
берген екен күн мен айын...». Дүрысы: «Қүдайым берген екен күн мен
айын!». Коріп огырсыздар, «қүдайым» сөзі «габиғат» созімен алмастырылған.
Соған қарап, Естай ақынды — нағыз атеист-ғалым деуге боладьі.
Егер бүл айтылган бүрмалаушьшықгар Кеңес өкіметінің саясатынан
туындаса, ендігі бүрмалаушылықтар әншілеріміздің қателіктерінен бо-
лып отырғанын айтпасқа болмайды. Коптеген эндеріміздің (фольклорлық
болсын, халық композиторларінікі болсын) мэтіндері жиі бүзылады.
Әншілеріміз создің мағынасына мэн бермейді, бір созді басқа сөзбен ауыс-
тырады. Кейде әннің мәнері талап ететін кірме сөздерді мэтіннің мазмүнына
қарамай қолданады, сөйтіп, эннің негізгі ойын тереңдетіп жеткізудің ор-
нына жеңіл-желпі етіп жібереді. Коп жағдайда ондай сөздерді орынсыз
қолданып, әндегі сезімді жеткізбейді, я болмаса басқа жаққа бүрып жібе-
реді. Қазіргі әншілеріміз халық эніне де, халық композиторлар эніне де
«сәулем» сөзін қалай болса-солай қолдана береді. Өдетте, ежелгі халық
эндерінде «сәулем» созі «сүйіктім» деген мағынада қолданылмайды.
Оның орнына «қарғам », «қарағы м », «қалқа», «қалқам », «қүрбым»
сөздері қолданылады. Жалпы, қазақ этикасында да, фольклорында да жігіт
те, қыз да сезімдерін ашық керсетпейді, қанша бір-біріне ғашық болса да
«сүйдім-күйдім» деп лапылдамайды. Бірде-бір батырымыз да, олардың
бірде-бір жары да ішкі сезімдерін «күйдім-жандым» деп білдірмейді.
Жібек те, Баян да, Ақжүніс те, Назым да батырға деген сүйіспеншіліп
қаншама жалынды болса да, әдеп сақгайды, махаббат сезімдерін іште
сақгайды. Себебі халықтың этикасы, эдет-ғүрпы соны талап етеді_(Осы
түсінік-пайым мүндаға шейін сақгалып келгенін біздіңұрпақжақсы біледі.
Тіпті 1950-60 жылдары радиодан «Сэулем, сэулем, сэулемсің» деген энді
естігенде қариялар «ой, оңбаған, қарашы күйіп, еліп бара жатқанын?! Не
деген кергенсіздік!» — деп отырганын талай естідік).
Халық әндері мен елеңдері де — фольклор. Олар да халықтың эти-
касынан шықпайды. Сол себепті ескі әндерде «сэулем»^ сезі «сүйіктім»
деген мағынада қодцанылмаған. Фольклорды былай қойғанда «сәулем»
сезін бізге жеткен ХУ-ХІХ ғасырларда жасаған ақын-жырауларымыздан
кездестірмейміз. Тек Абай ғана «сэуле» сезін қолданған. Сонда да ол
«сүйіктім» деген мағынада емес.
Сәулең болса кеудевде,
Мына сөзге көңілің бөл.
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл [8] —
дейді Абай.
125
Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.
Жан құмары дұниеде немене екен -
Соны білсең, эрнені білгендерің?! [9]
Абайдың
«сәуле»
деп айтып тұрғаны -
білім, ақыл, ой.
Ал, қазақ поэзиясында
«сәулем»
деген сөзді «сүйіктім,
ғашығым»
деген мағынада алғаш қолданған Мағжан Жұмабаев:
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да,
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына [10], -
Деген шумақтар XX ғасырдың басында дүниеге келіп, қазақ
әдебиетіндегі Абайдан кейінгі махаббат туралы интимдік лириканың
озық үлгісі болды. 1922 жылдан бастап Мағжанның барлық жинағында
шығуы арқасында «Сүй, жан сәулем» өлеңі елге кеңінен тарады. Ел
арасында ауызекі сөзде жақсы көретін баласын, я болмаса жақын ада-
мын
«жарыгым»
деп айту бұрыннан болған. Міне, осы
«жарыгым»
деген сөздің орнына Мағжан
«сәулем»
сөзін қолданып, оған
«сүйіктім,
ғаш ы ғы м »
деген мағына берген. Мағжан шығармалары арқылы
«сәулем»
сөзі ел санасына сіңіп, әншілер бірте-бірте сол сөзді энге жиі
қосатын болған. Сөйтіп, бұл дэстүрлі сөзге айналып, фолыслорлық энге
де, халық композиторлары эніне де кірігіп кетті. Бүгінде оны ешкім
солай екен деп ойламайды.
Алайда, осы әдемі сөзді орынды-орынсыз қолдану әндердің
мазмұнына әсер ететінін эншілер ескере бермейді. Кей жағдайда эннің
эмоциялық күшіне нұқсан келіп жатады. Мәселен, мына сөздерге көңіл
бөлейік. Ақан серінің «Майда қоңыр» әнін жақында радиодан бір энші
былай айтты:
Жігітке өлең де - өнер, өнер де - өнер,
Шын жүйрік өрге салса, өршеленер.
Бозбала, жастық шақта ойна да күл,
Шамшырақ мың күн жанған, сәулем-ай, бір күні сөнер.
Осы жерде
«сәулем-ай»
мүлде орынсыз айтылып тұр. Біріншіден,
автор бозбалаға қарата айтып отыр. Екіншіден, эн мазмұнында мұң мен
өкініш бар. «Бір-ақ күнде өмірден кетесің!» - деген ой айтылып тұр. Автор
күңіреніп тұр. Демек, бұл жерде
«сәулем-ай»
емес,
«дүние-ай»
деген сөз
айтылуға тиіс.
Тағы бірде Абай айтады:
126
Ат қайда Ақбақайдай-ай шаппай, желген,
Қыз қайда құдашадай-ай көзі кұлген.
Алыстан ат арытып-ай келгенімде,
Шақыртпай еш адамға-ай, сәулем-ай, өзі келген.
Әннің мазмұнына қарасаң, жігіт құдашасына өте риза, оның өзі кел-
геніне сүйсінеді, тамсанады, қуанады. Осындай сезімді^ ол «сәулем-аи»
емес, «ш іркін-ай» деп білдірсе керек еді. Ол қызға айтып тұрған жоқ
қой. Өзіне, немесе біреуге айтып тұр. Ақбақай атына, құдашасына қатты
риза екенін хабарлап, үшінші жақган қызды да, атты да сипатгап, жогары
бағалап отыр. Осы эмоцияны «Шақыртпай еш адамға-ай, ш іркін-ай, өзі
келген» деп айтса, дэл берген болар еді.
Мұндай мысалдар көп.
Қазақ әндері мәтіндерінің бұзылуының тағы бір себебі - орында-
ушылар әндегі жер атауларын өзгертіп, өз ауылының атауын енгізуі. Жэне
кейбір ескі сөздерді, мағынасын түсінбегендіктен бе, әлде мән берме-
гендіктен бе, жаңа сөздермен, ұғымдармен ауыстырады. Бэріміз білетін
«Елім-ай» энінің
«Қарындастан айырылған киын
екен» деген бұрынғы
тармағы
«Ел-жүрттан айырылған жаман екен»
[11], - деп өзгертілген.
Осындағы
«қарындас»
деген сөз бүгінгі мағынада емес. Бүл жерде қыз ту-
ралы сөз болып түрған жоқ. Орта ғасырда «қарындас» деп бірге туған аға-
ініні, (еднноутробный) бауырын айтқан. Жырауларда солай. Ал, ауызекі
сөзде
«жаман екен»
дегеннен гөрі
«киын екен»
деп айтылатын дәстүр
бар. («Жаман кісі» демей, «қиын кісі екен» дейді).
«Қиын
екен» - тір-
кесі поэзиялық эрі эмоциялық қасиеті жағынан элдеқайда әсерлі естіледі.
Адамның ішкі сезімін, психологиялық жағдайын, көңіл күйін білдіріп
түр.
Сонымен, ойымызды қорытар болсақ, қазақ эндерін текстологиялық
түрғыдан арнайы түрде зерттеп, эр эннің түрақгы (канонды) мэтінін
анықтау қажет. Олай болмаған жағдайда әркім әртүрлі соз қолданып,
әндердің мазмүны мен эмоциялық күші әлсірейді, ал бүл эннің қүдіретін
азайтады. Қазіргі шақга жүріп жатқан музыка саласындағы үдеріс пен
үрдістер үлттьщ эніміздің эуеніне ғана емес, мэтініне де мүқият болуды
міндетгейді. Әр эннің мэтінін тарихи түрғыда зерделеп, эр дэуірдщ өзіне
тән сөзі мен сөз саптауын анықгау жэне оны орнымен қолдану қажет.
Сонда біз эннің, оның сөзінің қай дэуірде туғанын, оның қалай дамып,
қаншалықгы өзғеріске түскенін білуге қол жеткіземіз. Осы жүзеге асатын
болса, эн мэтіндерін орынды-орынсыз өзгертуге жол берілмес едг.
Достарыңызбен бөлісу: |