керек. Жэне жинаққа енген шығармаларды түғелдей нөмірлеген абзал.
Халық эдебиетін жинаушы-фольклоршы ертегіні жазып алғанда, кеиоір
түсініксіз жерлерді анықтау үшін, немесе логикалық байланысын күшеиту
мақсатымен мэтінге өз жанынан анықтама сөздер мен сөйлем қосатыны
белгілі. Мұндай сөздер мен сөз тіркестерін, сондай-ақ құрастырушының
өзі қойған ертегінің атын квадрат жақшаға алу қажет. Сонда оның ер-
текшіге қатыссыз екені білініп тұрады. Бұл ғьшыми жинақгьщ бірден-бір
шарты. Алайда, біздің жарық көріп жүрген жинақгарымызда бұл шарт іске
асып көрген жоқ.
Қазақстанда жарыққа шығып жүрген фольклорлық, әсіресе, ерте-
гі жинақгарында тағы бір кемшілік орын алып жүр. Ол - жинаққа енген
I
103
текстерді нөмірлемеу. Егер гылыми жинақта ертегі текстері түгелдей
нөмірленіп отырса, ол галым-фольклоршыга зерттеу жұмысын әжептәуір
жеңілдетеді. Жинаққа енген мэтіндерді нөмірлеу салтын қазақ фольклор-
тану гылымында тұңгыш рет Г.Н.Потанинге арналган еңбектен коріп
отырмыз. Бірақ құрастырушылар текстерді түгел бірыңғай нәмірлемей,
эр бөлім, эр жанр бөйынша нөмірлеген. Сөның салдарынан жинақгы
ғылыми зерттеу жұмысында пайдалану өте ауыр. Айталық, ғалым-фөль-
клоршы өз жұмысында өсы жинақгағы «Ер Төстік», «Қу бала» т.б. ерте»
гілерді пайдаланса, өл бұлардың нөмірін көрсету үшін «қараңыз: «Бөга-
гырские сказки» №1, немесе «Бытөвые нөвеллистические сказки» №3»,
- деп, ұзақ жазуға мэжбүр бөлады. Ал, егер жинақта мэтіндердің нөмірі
болмаса, ғалым бір ертегіні бірнеше рет толық аты мен бетін көрсетіп
эуре бөлады. Жалпы, жинақгағы мэтіндерді нөмірлеу - әлем фөльклөр-
тану ғылымында заңға айналған ереже. Оның дұрыс екеніне көз жеткізу
үшін үлкен мөнөграфиялық зертгеулердің фактөлөгиялық негіздеріне көз
сапсақ та жеткілікгі.
Енді бір эңгіме етуге тұратын нәрсе - фөльклөрлық жинақтың ғьшыми
аппараты. Ол қандай бөлуы керек? Оның құрамы мен мазмұны қандай
бөлуға тиіс? Онда не айту міндет? - Міне, мұның бэрі жинақгың түрі
мен мақсатына байланысты. Мәселен, жинақ тек ғалым-мамандарға ғана
арналган ба, немесе кепшілік өқушы қауымға бағышталған ба, бөлмаса
тек бір ертекші айтқан ертегілерден, элде бір аймақта жазылып алынған
текстерден құралған ба, жөқ, жасөспірімдер үшін шығарьшған ба? Демек,
өсылардың эрқайсысына өрай түрлі-түрлі аппарат беру керек.
Қазақ ертегілерін қамтитын жинақгар, негізінен, көпшілік қауымға
бағышталған. Сөл себепті өларда мәтіндерден басқа жалпылама кіріс-
пе сөз жэне азын-аулақ түсініктемелер беріліп жүр. (Бұл принцип қазақ
фөльклөрының қай жанрына бөлсын арналған жинақтарда қөлданылып
жүр).
ч .
Әділін айтсақ, ғылымымыздың қазіргі дәрежесі мұндай жинақтармен
қанағаттана алмайды. Жөғарьща айтылғандай, енді таза ғылыми жинақ
шығарып, өған
шын мэнінде ғылыми аппарат беру қажет. Дамыған
елдердің фөльклөршылары бұл істі баяғыда қөлға алған. Сөлардың үлгісі
мен тэжірибесін пайдалана өтырып, ғьшыми аппаратқа тағы да бірне-
ше қөсымша енгізу керек. Қөсымшаға әр түрлі көрсеткіштер (сюжеттік,
геөграфиялық, есімдік т.т.), диалектілер мен аз қөлданылатын сөздердің
сөздігі, кейбір текстердің басқа варианттары, жыршылар мен ертекшілер
туралы мәліметтер, т.б. енуге тиіс.
Кіріспе сөз (мақала немесе алғы сәз) қандай талаптарға сэйкес бо-
луы шарт? Қазақстанда арнайы ертегілік жинақгарға кіріспе сөзді, эдетте,
құрастырушының әзі (1957 жылғы жинаққа шейін), кейде маман-ғалым
жазып жүр. Осы күнге дейін жарық керген жинақгардың ішінде 1957
жылы шыққан «Қазақ ертегілерінің» I томына жазылған М.Әуезов пен
Е.Ысмайыловтың кіріспе сезін ерекше атаған жөн. Онда автөрлар қазақ ер-
104
тегілері туралы толық мэлімет беріп, бұл жанрдың көнелігі мен байлыгын,
шыгу төркінін, казак ауылында ертектің жогары бағаланатынын, тіп-
ті өнердің бір түрі ретінде танылатынын кеңінен әңгімелейді, қазақ
ертегісінің көркемдік табиғатын ашуға кеңіл бөледі.
Бұдан кейін шыққан жинақтардың ішінде Ә.Диваев пен Г.Н.Потанинге
арналган кітаптарға жазылған Н.Смирнованың үлкен мақалалары өзінің
гылыми мэнділігімен қүнды. Аталмыш мақалаларда Ә.Диваев пен Г.
Н.Потаниннің өмірі мен ғылыми қызметі толык баяндалған, олардың
саяси-элеуметтік, ғылыми көзқарастары жан-жакі ы ашылған. Олардың
еңбегін бағалауда автор біржақгылыққа үрынбай, гылыми дәлелді түрде
кемшіліктеріи де көрсеткен.
Қазақ ертегісіне арналған ендігі жинақтарда, біздінше, кіріспе созден
басқа да бірнеше зерттеу мақалалар болуы керек. Ең алдымен, ертепнің
эр жанры жеке том болып шыгуы абзал. Айталық, қиял-гажайып ертегісі-
не бір кітап арнасақ, ол кітапта кіріспе сөздің орнына бір үлкен зерттеу
мақала болғаны дұрыс. Мақала қазақ қиял-ғажайып ертегісінің жиналуы,
басылуы жэне зерттелуі жайлы, сонымен бірге оның негізгі көркемдік ере-
кшелікгері мен кейіпкерілері туралы сөз қозғаса нұр үстіне нұр болмақ.
Осыған қоса жинақта ертегі мен әдебиеттің арақатынасы, қазақ ертегісінің
басқа халықгар ертегісімен байланысы, ертегінің шындыққа қатысы
сияқты мэселелерге арналған шагын мақалалар да болса жаман емес. Сон-
да ғана бұл жинақ қазақтың қиял-ғажайып ертегісі туралы толық түсінік
бере алады. Ал, бүл мақалалар қалай және жинақтын қай жерінде берілуі
керек? Біздіңше, мәтіндерден тыс берілетін «қосымша» деген бөлімге ен-
гізғен жөн.
Ғылыми аппараттың енді бір бөлігі — түсініктемелер. Ғылымда
қалыптасқан дәстүр бойынша, түсініктемелер мэтіннен кейін, кітаптын
соңында беріліп жүр. Бүл дұрыс та болар. Қазак фольклортану гылымында
түсініктеменің мазмүны, құрамы, түрі, негізгі шарты эзірге дәйекті түрде
шешілген жоқ. Өркім озінше жазып жүр. Бірақ осы уақытка дейін шыккан
ертегілік жинақтарымызда шын мэнінде ғылыми түсініктеме жоқ. Ентэуір
делінетін үш томдығымыздың түсініктемелері толық емес. Текстердің
толық паспорты берілмеген, варианттары көрсетілмеген, сюжеттердің гео-
графиясы мен ерекшелігі аталмаған, ертегілердің халықаралык сюжеттер
көрсеткіштері ескерілмеген т.б. Әрине, бұлар құрастырушылардың кінэсі
емес. Бұл кемшіліктер сол кездегі қазақ фольклортану ғылымының даму
дәрежесінен туған еді.
Ал, сонда ғылыми түсініктемелер кандай болуы керек? Біздіңше, бұл
сұраққа Г.Потанинге арналған жинақтың түсініктемелері жауап бере ала-
ды деп ойлаймыз. Ссбебі, онда 1957 жылғы жинақтың түсініктемелерінде
жіберілген кемшіліктер түгел ескерілген, сондай-ақ тарихи, фолыслорлык
этнографиялық және лингвистикалық түсініктер берілген. Бұл жинакта
оның үстіне қосымша ретінде шартты белгілердің шешімі, кісі атгары мен
фольклорлық терминдердің көрсеткіштері бар.
105
Келешектегі міндет - қазақ ертегілерінің әр жанрына арналган шын
мәнінде ғылыми жинақ шығару. Ол үшін бірінші кезекте текстологиялық
жұмысты атқару керек.
Сілтемелер жэне ескертпелер:
1. Г.Н.Потанин үшін ертегілерді аударуға эр кезде Д.Сұлтанғазин,
Ш.Уәлихановтың туыстары, Ә.Ермеков т.б. қатысқан.
2. Мына жинақтарды атауға болады: Қазақ ертегілері. Алматы, 1937; Сексен
өтірік. 1937; Тымпи. Алматы, 1945; Қырықөтірік. Алматы, 1953; Қазақертегілері.
Алматы, 1959; Қазақ ертегілері. Апматы, 1957-1964, 1,2,3-т. т.б. Орыс тілінде
шыққан жинақтар есептелген жоқ.
3.Қараңыз: Харузина В. Сказки русских инородцев с краткими бытовыми
очерками и иллюстрациями. М., 1898; Миропиев М. Демонологические рассказы
киргизов // Записки Русского географического общества. 1888, т. 10, вып. 1; Пота-
нин Г. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. Пг., 1917; Ди-
ваев А. Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области. Ташкент,
1901, вып. 9; Мелков А. Материалы по киргизской этнографии //Труды Общества
по изучению киргизского края. Оренбург, 1922, вып. 2-3, т.б.
4.Тек 1970 жылдары ғана ертегіге арналған ғылыми жинақтарды атауға
болады: Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972
(Құрастырғандар Қасқабасов С., Смирнова Н., Тұрсынов Е.); Хайуанаттар тура-
лы қазақ ертегілері. Алматы, 1979 (Құрастыргандар Қасқабасов С., Костюхин Е.,
Смирнова Н., Тұрсынов Е).
106
ФОЛЬКЛОР ПОЭТИКАСЫ Н
ЗЕРТТЕУ М ӘСЕЛЕСІ
Бізде қазақ фольклорының поэтикасына арналған арнайы зерттеу жоқ.
Тіпті фольклорды былай қойғанда, жазба әдебиетіміздің поэтикасы жайлы
еңбекгер аз, тек XX ғасырдың 70-ші жылдары ғана бірді-екілі моноғрафия
жарық көрді. Оның өзінде де бұл зерттеулерде «поэтика» ұғымы өте кең
мағынада алынған. Ал, бұған қоса фольклор мен жазба әдебиеттің поэти-
касында үлкен айырмашылық бар екенін ескерсек, қазақ фолыслорының
поэтикасын басқаша, эрі нақгылы түрде зерттеу қажеттіғі дәлелдеп жату-
ды талап етпейді.
Біз бүл мақаламызда фольклордың бір-ақ жанрын, яғни ертеғілердің
поэтикасын бірнеше түркі халықгары үлғісінде қарастырамыз. Осы орайда
ескерте айтатын мәселе — «поэтика» ұғымын өзінің алғашқы мағынасында
аламыз, яғни поэтиканы композиция мен көркем құралдардың бірлігі деп
түсінеміз.
Көркемдік қасиеті биік ертегі халықгың сөз өнеріне айналғандықтан
фольклордың болмысқа эстетикалық қатынасының бір формасы болып
саналады. Сол себепті ол қоғам дамуының әр кезеңіндегі халық идеа-
лын бейнелейді, оның эстетикалық, этикалық түсініктерін танытады. Ал
осылардың айқын көрінуінде ертегілік шығарманың композициясы мен
тілі өзіндік рөл атқарады.
Қазақ ертегілерінің құрылымы өзге халықгар ертегілерінің компози-
циясымен ұқсас: кейіпкерді таныстыратын бастама, оқиғаны эпикалық
пафоста баяндау жэне бақытты аяқталу, міне бұлар көптеген халықтың
классикалық ертегісіне тэн элементтер. Мұндай ұқсастық жалпы ертегі
жанрының
типологиялық табиғатынан және халық идеалын мадақтау
мақсатынан туған. Өрине, көп ел ертегісінің композициялық ұқсастығы
мүлде бірдей деуге болмайды. Ұқсастық жалпы қүрылымда, оның
бөлшектерінде. Ал, бөлшектің ішкі құрылысы мен мазмұны әр халық ер-
тегісінде әр басқа. Міне, осы ерекшелік пен ұқсастықты тегі бір түркі
халықтары мен басқа топтағы халықгар ертегісінен салыстыра зерттеп,
анықтауға болады. Ол үшін алдымен түркі халықтарының (әзірбаижан,
татар, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, түрік, түрікпен, өзбек) ерте-
гілерін композициялық тұрғыдан талдап корелік. Бұл халықтар қадымда
107
бір ел болганымен тарнхн-объективті жагдайларга баиланысты әрқайсысы
жеке жұрт болып, оз бетінше өмір сүріп, XX гасырдың басында қогамдық
дамудың әр сатысында болды жэне кошпенді, отырықшы болып, екі түрлі
гұмыр кешті. Сондықтан бұлардың фольклорында да, дәлірек айтсақ, - ер-
тегісінде эрі ұқсастық, әрі алшақгық бар. Міне, осыларды орыс халқының
ертегісімен салыстыра талдасақ, жалпы ертегі композиңиясының табигаты
ашылмақ.
Қай халықтың болса да классикалық ертегісі қаһарманның үйден
шыгуымен басталып, үйге қайтып келуімен аяқталады. Ғылымда мұны
рамалық құрылым дейді. Мұндай құрылым тагы бір формада көрінеді:
ертегінің басталу, аяқгалу сөздері оқигаға қатыссыз болады. Осының
бэрінде кейіпкердің емір жолы бейнеленеді. Ендеше бізге жеткен көркем
ертегінің композициясы халық сүйген қаһарманды дэріптеу мақсатына
сәйкес құрылган деуге болады. Кейіпкерді мадақтау үшін ертегі оның ал-
дына неше түрлі қиыншылықтар мен бөгетгер қояды, соларды аман-есен
жеңген қаһарман мұратына жетіп, халық құрметіне бөленеді. Сондықган
ертегінің бастамасы кейіпкердің жолга шыгу түрінде болып келеді. Бұл
- бүкіл ертегі оқигасының өзегі, сайып келгенде, кейіпкер өтуге тиісті бір-
неше сынақ: үйден шыққан кейіпкер енді бейтаныс дүниеде жалгыз өзі
сапар шегеді, алуан түрлі оқиганы басынан кешіреді.
Кейіпкер үйден шыгысымен-ақ ертегінің оқигасы күрделеніп, қоюлана
түседі: оның атқаратын істері мен өтетін бөгеттері қиындай береді, бірақ
ертегіге қосымша кеиіпкерлер көп енгізілмеиді, ал енгізілген күннщ езінде
(айталық, керемет көмекші, немесе қаскүнем) олар қаһарманның ерекше
күшін, тагы басқа қасиетін аша түсуге қызмет етеді.
Ертегінің эпикалық, ягни оқигалық бөлшегі түгелімен дерлік
кейіпкердің эртүрлі мақұлықгар, қүбыжықтармен кездесіп, олармен
шайқасуынан тұрады. Неше түрлі жауыздармен қақгыгысып, оларды жеңуі
- ертегінің нагыз шарықтау шегі. Ал, барлық жауын жеңген қаһарманның
адал жарымен аман-есен еліне оралуы - көркем ертегінің шешімі (развяз-
ка).
■
• " ;
■
'
Міне, бұл - қарастьфып отырган түркі жэне орыс халықтары ерте-
гісіне тэн құрылым. Ал, енді олардың өзіндік ерекшеліктері қандай, осы
мәселені зерттеп көрелік.
Орыс халқының классикалық ертегісінің басы мен соңында ертектің
мазмұнына еш қатысы жоқ, ұйқастық сөйлемдерден тұратын бастама
(присказка) мен аяқтам алар (концовка) бар. Бүл сөйлемдер ертегіде ба-
яндалатын оқигалардың ерекше елде, гажайыпты жерде болатынын ескер-
тіп, ертегіні алдынан да, артынан да тиектеп түрады. Олардың мазмұны
күлкілі болып келеді. Ойымыз дэлелді болу үшін бір-екі мысал келтірейік.
Орыстардың «Звериное молоко» атты ертегісінің бір варианты былай бас-
талады:
«Екі шаруа өмір сүріпті. Бірі - Антон, екіншісі
—
Агафон. «Ей, дос-
тым! Бізге қарай бір жаман бұлт келе жатьір», — депті де, Антон
108
жапырақиіа дірілдепті. — «Е, несі жаман!»
—
«Ой, бұриіақ жауады,
астықты құртады!»
-
«Қайдагы бұршақ! Жаңбыр жауады!»
-
«Жоқ,
бұршақ!»
—
«Жоқ, жаңбыр!».
—
«Сен сияқты ақымақпен сөйлескім де келмейді!» — депті де, Ан-
тон көршісін жұдырықпен түйіп жіберіпті. Бұршақ та жоқ, жаңбыр да
жоқ, тек олардың тұмсыгы мен құлақтарынан қан саулап агыпты. Бұл
элі ертегі емес, бұл присказка; ертегі алда
-
ертең тұстен кейін
,
жұмсақ
нан жеген соң болады.
Бір мұжық болыпты^оның екі ұлы, бір қызы болыпты: бір ұлы есті,
екіншісі
-
есер болган көрінеді, үлкен ұлы үйленіпті» [1]. (Аударма біздікі
. -
с.қ.)
Міне, бір ертегіде екі бастама бар. Алғашқысы — присказка, екіншісі
— зачин деп аталды. Присказка ертектің мазмұнына ешқандай қатыссыз,
онда әдемі ұйқастырылған күлкілі жәйт әңгімеленеді. Ол ертекке кіріспе
рөлін атқарып түр. Сондықтан бұдан былай «присказканы» біз «кіріспе»
деп атаймыз. Ал, зачин ертектің оқиғасына тікелей қатысты, онда кейіп-
кер туралы, оның мекен-тұрағы, балалары, хал-жағдайы жайлы мәлімет
беріледі. Біз «зачинді» бұдан былай «бастама» дейміз.
Ал, түркі халықгарының ертегісінде осындай кіріспе мен бастаманың
қатар келуі бар ма? Бар, бірақ ол көп емес жэне барлық түркі елдерінің
ертегісінде кездесе бермейді.
Мәселен, түрік, эзірбайжан, өзбек, татар халықтарының ертегісінде
жоғарыда айтылған кіріспе мен бастаманың қатар келуі байқалады. Екі-
үш мысал келтірейік:
Түрік ертегісінің кіріспесі мен бастамасы:
«Каю кага, кігрік кага,
аргэпсіа сіію іпсісііг: §еШі Щ0І гигі
—
Казэт, сіаіагэ кэю іпсісііг, кціь
агкасіаюіап уоіа %іІте, уоЫа зепі іпсісііг; агфп һег Ьіг кеіатэ іепсіе сапэ
іпсісііг; саһіііп һег Ьіг каіатэ Іаі-і тегсап іпсісііг. Вепіт уькьт ёёШгҺіг Щ
уэктат Ьопсик уапэпа, за гга / оітауап пе Ъіііг гапп есіег-кі һег Іаю іпсісііг.
Каюэт каюэк-іэг, уаіэ рііауа азік-ііг, уаһпэ
Щ Ш
кэгэіэг, сіоітауэ §цгзе
Щгэіэц һоюа/э ёцгзе ауэіэг, гегсіеуі §цгзе Ьауэіэг. Үетак уесіік сіоуатасіэк,
с/аһа ЩёШ сіауатесіік, іп аііаһі юакігіп, (іиазэ Ьи-сіиг /акігіп, огтапсІакі
Ьекігіп. Коупипа Ыг Ғаітасэк. каг§а кагэзэ, запзаап агазэ, кэгІап%эз уиуазэ,
Ьисіиг /а к іг уіусііп диазэ.
Еууеі гетапсіа расііюаһэп сіокиг Ь г э чагтэю» [2].
Түрік ертегісінде мұндай ұйқастырылып, ертегі оқиғаларына қатыссыз
айтылатын ұзақ кіріспені «текерлеме» деп атайды [3]. Осы текерлеме тип-
тес кіріспе әзірбайжан ертегісіне де тэн:
«Бади-бади кирифтар, намам-һамам ичиндә, хәлбир саман ичиндэ,
дэва дэллэклик елэр,
і і о һ м э
намам ичиндэ. Гарышга шыллаг атды, дэвэнин
гычы сынды. Ъамамчынын тасы
]ОХ.
Орда бир тазы көрдүм,
онун да
халтасы )ох. Күнлэрин бир күнүндэ, Мэммэднэсир тининдэ, коі имамын
беліндэ, бири )охуду, алландан башга неч ким іохуду. Мэн чок шилашы
Іемишэм, неч белэ ]алан демэмишэм.
109
Кимдэн сизэ де]им, эЦам гэдимдэ бир кечэл варыды. Бу кечэлин дэ бир
анасы варыды» [4].
Өзбек ертегісіндегі кіріспе мен бастама былай айтылады:
«Бор экан, йуқ экан
,
оч экан, туқ экан, бури баковул экан, тулки ясо-
вул экан, қирговул қизил экан, думлари узун экан, тоиідан тошга сакраган
экан, оекпари синган экан.
Аввал замонда бир подшонингуч вазири булган экан» [5].
Татар ертегісіндегі кіріспе мен бастаманың қатар келген түрі:
«Борын-борын заманда, борыны китек команда, саесқан сотник,
үрдэк урядник, песнэк писер булып йөргэн заманда эт дисэтниккэ, мен-
де ди, шул заманда начальство күбэеп китте, ди. Бар иде, ди, бер кеше,
чыгып китте, ди, ул ике суқмақ, бер юл белэн. Көкре китте, жантық кит-
те, ди, чалыш китте, кыек китте, бара-бара барып житте, ди, бу ике
куак бер талга. Берне кисте кэкрене, берне кисте бөкрене, яне китте, ди,
ике сукмак бер юл белэн; барып житте, ди, бу бер күлгэ, утырып тора-
дыр иде, ди, анда ике чурэки, бер үрдэк. Көкре атты
-
тияр-тимэс булды,
бэкре атты
—
тиде, ди. Урдэкне суйды, пот май чыкты, ди.
Шул заманда булган икэн, ди, бер патша» [6].
Төрт түркі тектес халықгардың ертегісіне тән кіріспе мен бастама басқа
түркі тектес көшпелі халықгар ертегісінде дәл осылай қатар келе бермейді.
Онда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен, сондықган ертегі дереу кейіпкер-
мен таныстыруды мақсат тұтады. Соның нәтижесінде ертегіде ұзын сонар
кіріспенің орнына кеңейтілген бастама айтылады. Бұл қарақалпақ, түрікпен,
қырғыз, башқұрт, қазақ ертегілеріне тән. Бірнеше мысал келтірейік.
Түрікпен ертегісінің бастамасы:
«Бир бар экен, бир ёк экен, патышахы дегремен, бэш дийсе, бэш га-
лада, он дийсе, он галада, газакда, галпакда, екдуки генжи Гарабагда,
Асма, Бусма, сурхы непедов, ажыңа ажы, эрезең-березең, гарынча депди,
дүйэнин гози чьікды. Астрабадың дагы, ичинде чар багы, гарынча, билин-
де сапанча, бир эли эер гашында, бир эли уян башында, гадым эйямда
Чандыбил юрдунда бир Догулы диен молла барды. Бу молланың хүй-
хэсиети или алдап, пул алмакды» [7].
Міне, мұнда кіріспе мен бастама бірігіп кеткен. Ертек оқиғасына
қатысы жоқ жәйттер айтылып келеді де, дереу кейіпкердің есімі, оның
кім екені хабарланады, тіпті бірден оған мінездеме де беріледі. Мұндай
жағдайды тағы басқа түркілер ертегісінен анықгап көрейік.
Қарақалпақ ертегісінен:
«Ертегим ертек, қулагы шертек, бири рас болса, бири өтирик,
эйтеуир бурында бир гарры, кемпир жасапты. Ортасында бир баласы
болыпты» [8].
Тағы бір түрі:
«Бүрынгы өткен заманда, дин мусылман аманда,
бөденениң аягын аннан-саннан бир басып, жоргалаган уақытында Шахаб-
баз деген патша өтипти. Шахаббаз патшаның 40 қатыны болыпты» [9].
Қырғыз ертегісінің бастамасы:
110
«Илгери-илгери Кебез-Тоонун кең жайлоосунда ажыдаар менен ар-
башкан, желмогуз менен кармашкан, ааламдын жүзүн кыдырган Тоштук
деген баатыр болгон экен. Ал сакалы агарып карыганча балалуу болбоп-
тур» [ 10].
Башқұрт халқының ертегісіндегі бастама:
«Борон-борон заманда түбәненә қаранақ, түбәтэйең төшәрлек
бейек, кеше үткеьез шыр урманлы тау итэгендәге бер ауылда бер қарт
ьунарсы булган ти. Уның Түземгол исемле бер генэ улы ла булган» [11].
Тағы бір түрі:
.
«Борон-борон заманда көзэ балкауник, нарык эфсэр булган заманда
йэшэгэн, ти, бер эбей менен бабай. Уларзың булган, ти, дурт қызы» [12].
Қазақ ертегілеріңде де мұндай кеңейтілген бастама кездеседі, алайда,
сан жагынан көп емес. Ғылыми-көпшілік түрде шыққан үш томга [13] ен-
ген ертегілерден мысал келтірейік:
1. «Ертеде, ерте-ертеде, ешкі қүйрыгы келтеде, Қаратаудың ойын-
да, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты» [14].
2. «Ертеде бір бай болган екен, төрт түлігі сай болгн екен, бір перзен-
тке зар болган екен» [15].
3. «Ертегім ерте екен, ешкі жүні бөрте екен, ерте заманда бір аңшы
болган екен» [16].
4. «Ерте заманда, ешкі құйрыгы келте заманда бір байга жүрген
қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаган соң жэне байдың
қорлыгына шыдай алмай бір түнда еліне қашып кетеді...» [17].
5. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, байлар киіп қырмызы,
жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында, элемді
таң еткен Келтен деген бір сараң бай болыпты» [18].
6. «Ерте, ерте, ертеде Қүбахан деген хан екен. Мальіның саньі жоқ
екен. Хандыгының көлемі жеті айшылық жол екен. Қүбахан жалгыз үл
көреді, үлының атын Тотан қояды» [19].
Келтірілген мысалдар жоғарыда айтқан ойымызды дәлелдеп тұр:
бақташылықпен күнелткен көшпелі түркі
халықтарының ертегісінде
өлеңдетіп, тақпақгатып айтылатын арнайы кіріспе жоқ. Оның есесіне
кеңейтілген бастама бар. Онда ертегі оқигасын баягыда өткен деп, шындық
өмірден бөліп алумен бірге кейіпкер туралы бірден мәлімет беріледі, оның
мекен-тұрағы, хал-жағдайы әңгімеленеді. Ал, орыс, түрік, әзірбайжан,
өзбек халықгарының ертегісінде арнайы түрде айтылатын кіріспеден кейін
кейіпкердің қайда тұратыны, кім екені хабарланады, яғни кіріспе (присказ-
ка, текерлеме) мен бастама (зачин) қатар берілгенімен қосылып кетпейді.
Кіріспенің мақсаты — ертектің өтірік екенін аиту және тыңцаушыны сон-
дай көңіл-күйге түсіру. Сондықган да ол ойнақы, мазмұны күлкілі, тақпақ
формасында болады.
1
Енді мынадай бір заңды сұрақ туады. Не себепті тегі бір түркі халық-
тарыньщ ертегісі екі түрлі басталады? Бұған, біздің ойымызша, бірнеше
себеп бар. Ең бастысы - ертегісін талдап отырған түркі халықтарының
Достарыңызбен бөлісу: |