Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39

 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Қазақстан халқына Жолдауы 
2. Әлімгереев Ө. Еділ жайлаған қазақтар. Алматы; «Атажұрт», 2012 
 
 
 
ӘОЖ 911.2: 551.4 
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ  
Тоқсабаева М.Е., Шынтемирова А.О. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. 
 
Елің түзу болсын десен бесігіңді түзе деген қазақ мақалы тегіннен тегін айтылмаса керекті.Бір 
жерлер жасыл желекке бөленеді, ал бір жерлер мүлдем құрғақ шөлге айналады. Қазіргі таңда болып 
жатқан  барлық  табиғи  апаттардың  барлығы  да  осы  адам  іс  әрекеттерінің  салдарынан  болып  жатыр. 
Біз  басқа елдер  қол  жеткізе  алмай жүрген ,байтақ  елдің,  ұлан  ғайыр жердің  азаматтары  саналамыз. 
Бірақ бүгінгі күнде біз барымызға шаттанып, жоғымызды ұмытқан күнге жеткен сыңайлымыз.Соның бір 
дәлелі  ретінде  Каспий  теңізі  мен  оның  айналасындағы  жерлердің  мәселесін  айта  аламыз.  Каспий 
Евразия құрлығындағы үлкен теңіздердің бірі [1]. 
              

169 
 
 Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген сұлбасы 
 
Теңіз  жағалауының  жалпы  ұзындығы  шамамен  7000  км,  соның  1/3  бөлігі  Қазақстан  үлесіне  тиеді. 
Қазақстан  бөлігі  Солтүстік  Каспийдің  шығыс  беткейі  мен  Орталық  Каспийдің  шығыс  жағалауын  алып 
жатыр.  Каспий  теңізіне  130-ға  жуық  өзендер  мен  ағынды  сулар  құяды.  Олардың  теңізге  қүятын 
жиынтық  ағыны  жылына  орташа  есеппен  300  км
3
.  Осы  мөлшердің  80%-ы  Еділ  өзені-  нің,  5%-ы  - 
Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура 
және  т.б.  береді.  Қалған  4-5%-ы  Иран  жағалауы  өзендерінен  келеді.  Шығыс  жағалауларда  тұрақты 
ағын сулар жоқ.Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің 
шегі Маңқыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған 
жері  оңтүстік  бөліктің  үлесіне  келеді.  Солтүстік  бөлігі  таяз,  көп  жерінде  5  м-ден  аспайды,  ең  терең 
жері  26  м,  жалпы  теңіз  ауданының  24%-ын  алады.  Орталық  Каспийдің  орташа  тереңдігі  200  м,  ең 
терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, 
ең  терең  жері  1025 м,  теңіз  ауданының  40%-ын,  ал  теңіз  суының 66%-ын  алып жатыр.  Қазақстанға 
жататын  солтүстік  және  орта  бөлігінің  солтүстік  анағұрлым  тайыз  болып  келеді.  Аралдар  саны  аз, 
жалпы  ауданы  2045  км
2
. Қазақстан  жерінде  олардың  88%-ы  орналасқан. Ең  ірілері  Төленді  аралдар 
тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км
2
) және Морской(65 км
2
) аралдары.  
      Каспийге  шығыс  жақтан  Маңқыстау,  Түпқараған,  Бозашы  сияқты  үлкен  түбектер  сұғына  еніп 
жатыр,  шығыс  жағалауында  шығанақтар  да  көбірек  кездеседі.  Олардың  қатарында  Маңқыстау  мен 
Қазақ  шығанақтары  бар.  Ауданы  376  000  км
2
.  Меридиан  бағытында1200  км-ге  созылған,  орташа  ені 
300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.
[1]
 Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі 
қоңыржай  континентті  климатта,  оңтүстік  батысы  —  құрғақ  субтропиктер,  шығысы  Орта  Азияшұғыл 
континентті  климаттар  арасында  жатыр.  Жазда  Каспийтеңізінің  беті  қатты  қызады,  температура 
барлық  бөлігінде  де  бірдей:  шілдеде  орташа  температура  240
о
-260
о
С.  Қыста  температураөзгеше. 
Солтүстігінде қысыаязды болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы -7-11
о
С. Орта бөлігінде 
10
о
-50
о
С,  ал  оңтүстікте  8
о
-10
о
С.  Қаңтардың  ең  төменгі  температура  -38
о
С-қа  жетелі.  Теңіздің  шығыс 
жағалауының  қысы  барлық  ендікте  де  батыс  жағалауға  қарағанда  суықтау  келеді.  Қыс  айларында 
Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың 
жоғарғы  қабаттарының  қысқы температура  солтүстігінде  -1
о
-тан  0
о
-қа  дейін,  оңтүстігінде  10
о
-11
о
С-қа 
дейін  жоғарылайды.  Тамыз  айында  температура  айдынның  бірқатар  бөлігінде  240С,  ал  оңтүстікте 
28"С-қа  дейін  көтеріледі.  Теңіз  деңгейі  үнемі  өзгеріп  тұрады.  1830-1929  жылдары  25,5  және  26,6  м 
көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 
1978  жылдан  бастап  Каспий  қайта  көтерілді,  1995  жылдың  басында  -  26,5  м-лік  көрсеткішке  жетті. 
Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, 
Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз 
суының  қазіргі  деңгейінің  жоғарылауын  климаттық  жағдайға  байланысты  түсіндіреді.  Каспий  суының 
көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы 
теңіз  үстінен  булану  мөлшерінің  азаюы  және  14%-ы  Қарабұғазкөл  Шығанағына  құйылатын  суды 
шектеуге байланысты [2]. 

170 
 
        Бар байлықты меңгеру бір іс болғанымен,қалған проблемаларды шешу де маңызды істердің бірі 
саналады. Біз үшін экологиялық проблемалардың жаңа нүктесіне айналып отырған  Каспий теңізіндегі 
техногендік  апаттар  мен  ластанулар  көмірсулы  ресурстардың  қомақты  көлемде  игерілуімен 
байланысты.  Мұнай  өндіру  мен  оны   тасымалдауда  болатын  апаттар  шетелдік  компаниялардың 
жүргізілген  жұмыстарының   толық  экологиялық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  дайын  еместігін 
көрсетеді. 
         Каспий теңізі дүние жүзіндегі ең үлкен көл болып саналатын көлдердің бірі. Каспий теңізі (ескі 
тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар, т.б) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер 
шарындағы  ең  үлкен  тұйық  көл.  Үлкендігіне  қарап,  оны  теңіз  деп  атайды.  Каспий  теңізі  неоген 
дәуірінің  аяғында  жер  қыртысының  көтерілуінен  Қара  теіңізден  бөлінді.  Бұл  кезді  Каспий  теңізінің 
пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км
2
. Оның беті 
теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. 
Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 
7000  км.  Оның  сы  5  мемлекеттің  нсағалауын  шайып  жатыр.  Жағалау  сызығының  Қазақстан  Үлесіне 
29% (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы 
- 14% тиеді. 
       Каспий  теңізінің  су  деңгейі  соңғы  он  жылдықтарда  бір  қалыпты,  су  тұздылығы  тұрақты,  теңіз 
жануарларының  өсіп-өнуіне  қолайлы.  Бірақта  теңіздің  экологиялық  жағдайы,  біріншіден  суының 
сапасы   жылдан   жылға   төмендеуде.   Бұл   жағдайдың   бүкіл   теңіздің   биологиялық   ресурстарына 
зиянды әсер  туғызып отырғанын барлық Каспий жағалауы елдерінің жүргізіп жатқан ғылыми- зерттеу 
жұмыстары анықтап отыр.Теңіздің антропогендік ластануының бірнеше жолдары (көздері) бар. Бірінші 
Еділ, Жайық т.б. өзендер   арқылы   келіп    құйылатын   улы   заттардан   тазартылмаған  өндірісте,   
ауыл  шаруашылығында  пайдаланған  қайырма  сулар.  Екінші,  теңіз  деңгейі  көтерілген  жағдайда 
жайылған  су  астында  және  жағалауға  жақын  жерде  қалған  мұнай  скважиналары  (ұңғымалары). 
Үшіншісі соңғы жылдары  теңіз бойында аса қарқынмен өріс алып келе жатқан мұнай, газ ресурстарын 
барлау  және  өндіру  шараларынан  жинақталатын  мұнай  қалдықтары,  бұрғылау  ертінділері,  тағы  да 
басқа  улы  қоспалар.Каспийдің  жоғары  деңгейде  ластануының  көптеген   себептері  баршылық. Соның 
бірі ретінде теңіз астындағы көмірсутегі шикізаттардың белгілі бір мөлшерде сақталуы, халықтың және 
өнеркәсіптің  жоғары  тығыздығы,  құлама  өзендердің  бойындағы  ауыл  шаруашылығының  белсенді 
игерілуі,  «өзен-теңіз»  деген  айқын  көрінерлік  геохимиялық  тосқауылдың  болмауы,  бассейннің 
тұйықтығы және т.б. Мұнай, фенол сияқты ластаушылардың кей мөлшерінің теңіз суына түсуі табиғи 
процесстердің  нәтижесінде  болады.Теңіздің  басты  ластаушысы  мұнай  болып  табылады.  Мұнай  – 
өзіндік  иісі  бар  қара-қоңыр  түсті тұтқыр  майлы  сұйықтық.  Мұнай  өнімдері  шекті,  шексіз  қатарлардан 
тұратын көмірсутегілердің күрделі қоспасынан тұрады. Қоршаған орта мен оның тұрғындарына мұнай 
және  оның  өнімдері  қандай  зиян  келтіреді?  Судың  көп  бөлігінің  бетін  жұқа  пленка  түрінде  жайылу 
арқылы  мұнай  көптеген  тірі  микроорганизмдерге  зиян  әсер  етіп,  биологиялық  тізбектің  барлық 
өкілдерін жоя алу мүмкіндігі бар. 
            Мұнаймен ластану Каспийдің көк-жасыл мен диатомды балдырлар ретінде белгілі фитобентос 
пен фитопланктондарының дамуын тежейді. Теңізге түскен мұнай өнімдері балықтардың уылдырығы, 
дернәсілі  мен  шабақтарының  сапасына  кері  әсер  етіп,  қоректің  базаны  жояды.  Тек  мұнайдың  1 
тоннасы теңіздің 12 км2 беттік көлемін ала алады. Теңіздер мен мұхиттар бетіндегі мұнай пленкалары 
энергия,  жылу,  ылғалдылық  және  су  қоймалар  мен  атмосферадағы  газдар  алмасуын  бұза  алады; 
физико-химиялық  процесстерді  өзгертеді:су  беткейінің  температурасы  жоғарылайды,  газ  алмасу 
нашарлаған  соң,  балық  кетуі  не  өлуі  мүмкін,  сондай-ақ  су  түбіне  тұнған  мұнайда  барлық  тірі 
организмдерге  зиянды  әсер  етеді:  мұнайдың  жинақталуы  жоғары  ұйымдастырылған  жануарлар  мен 
қарапайымдылардың  қоректену  тізбегінде  болады.  Мұнай  балықтардың  өзенде  емін-еркін  жүруіне 
өзіндік  ықпалын  тигізіп  қана  қоймай  оның  желбезегін  зақымдап,оларды  жаппай  қырылуға  және 
адамдар  арасындағы  көптеген  аурулардың  пайда  болуына  себепші  болады.  Қысқасы,  қазір  теңіз 
тіршілігіне  қатер  төнуде.  Балық  қоры  мүлдем  азайды.  Оны  броконьерлерден  көреді.  Олар  бір-бір 
ұшқыр  моторларға  мініп  алып,  балық  сақшыларын  маңайлатпай  кетеді  дейді.  Мемлекеттік 
қорықшылар сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да 
мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген 
пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір 
ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, 
жер  астынан  атылған  инертті  газ.  Нәтижесінде  теңіз  тіршілігі  қырғынға  ұшырауда.  Оны  басшылар 
көрсе  де  көрмеген,  білсе  де  білмеген  болады.  Әрине,  мұнай  керек,  бірақ  теңіз  табиғаты  құрыса,  ол 
байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес [3]. 
    
Айтылған  және  басқа  да  ластану  көздері  әсерінен  теңіз  суында  металлдар,  әсіресе  мыс, 
мырыш,    қорғасын,    мұнай    қалдықтары   және    пестицидтер    қоспалары   балық    шаруашылығы 
айдындары үшін  белгіленген мөлшері шектелген жинақталуы (МШЖ) деңгейінен көптеген есе жоғары 

171 
 
екендігі  анықталды.  Ауыр  металлдардың  және  мұнай  қалдықтарының  ең  жоғарғы  мөлшері  (6-14 
 МШЖ)   Еділ-Жайық   өзен    аралығында,   Жайық   өзенінің   құяр   жерінде   және   Солтүстік  Каспийдің 
 оңтүстік   шығыс   бөлігінде,   демек   Қаражанбас,   Қаламқас   т.б.   мұнай   кен   орындары  маңайында 
тіркелді.Теңіз   суында   хлорорганикалық   пестицидтер   оның   ішінде   ГХЦГ   изомерлері   мен   ДДТ 
метаболиттерінің   барлығы   анықталды.   Бұл   улы   заттардың   жоғарғы   мөлшері   орташа   есеппен 
ГХЦГ  0,12-0,59 мкг/дм3, ДДТ 5,59-7,51 мкг/дм3   теңіз суына Еділ және Жайық өзендері тікелей әсер 
 ететін   аймақтарында,  Солтүстік   және   Орталық   Каспийдің   шығыс   жағалауы   суларында  тіркелді. 
Пестицидтердің  жоғарғы  деңгей  мөлшері  теңізге  Еділ  өзені  суымен  құйылатыны  біздің  2003-2005 
жылдары  жүргізген  зерттеулер  нәтижесінде  анықталған.Ғалымдардың 
бағалауы  бойынша, 
антропогендік  ластану  әсерінен  теңіз  жануарларының  әр  түрлілігі  қысқарып  олардың  биологиялық 
өнімділігі төмендеп келеді, әсіресе бұл бекіре тұқымдас балықтар мен итбалық қорына қатысты. Егер 
өткен жылдар деректеріне жүгінсек теңіздің бекіре тұқымдас және басқа да бағалы балықтар қорына 
бірінші  үлкен  соққы  берген  өткен  ғасырдың  50-  ші  жылдарында  Еділ  өзенін  және   оған  құйылатын 
салаларын су қоймалар (водохранилищалар) тізбегіне айналдыру болды. Ресей мамандарының бағасы 
бойынша, әсіресе бекіре балықтарының өзенге көтеріліп уылдырық шашу мүмкіндігінен айырылуы жыл 
сайын  230  мың т.  зиян  әкелген.Бұның  үстіне  1965-1988  жылдары  Еділ  өзеніне  апат жағдайында  228 
рет  улы  қоспалардан  тазартылмаған  өндірісте,  ауыл  шаруашылығында  пайдаланған  үлкен  көлемдегі 
ағын  сулары  құйылған.  Осындай   көп  жылдар  бойы  улы  заттармен  ластану  нәтижесінде                                          
Еділ–Каспий  алабында  бекіре  балықтарының   ет   ұлпасы   талшықтанып,   уылдырық   қабығының  
осалдау  дертіне   әкеліп   соқты.1987-1989   жылдары   Одақтың   көптеген   алдыңғы   қатардағы 
 ғылыми-зерттеу   институттарының  мамандары  бұл  дертті  терең  зерттеп,  оған  кумулятивный 
политоксикоз деген диагноз қойды.Демек бұл ауруға себеп болған суда және балықтар денесінде улы 
заттардың жиналуы. 
Қазіргі  кезде  Каспий  теңізінде  биологиялық  әртүрлілікті  сақтау  үлкен  проблемаға  айналып 
отыр.Каспий теңізінің мұаймен ластануына байланысты.Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру 
мәселесі  қатты  қолға  алынып  жатыр.  Мол  байлық  бірнеше  шет  ел  алпауыттарын  дедектетіп  біздің 
республикамызға  алып  келгеніне  де  бірнеше  жыл  болды.  Олар  қазір  ақ  тер,  көк  тер  болып  теңізге 
мұнай соратын қондырғыларды орнатып жатыр. Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай 
керек.  Ал  ертең  мұнай  сора  бастағанда  теңізіміздің  табиғаты  не  болады?  Алтынға  парапар  бекіре 
балығы  мен  қара  уылдырық  өндіре  аламыз  ба?  Басқа  да  теңіз  жәндіктері  қырғынға  ұшырамай  ма? 
Айталық,  ана  жылы  итбалықтар  қырылды,  балықтар  да  өлді.  Сонда  осы  мол  мұнай  Қазақстанның 
келешекте  соры  болмай  ма?  Себебі  деректер  бойынша  Каспийдің  Қазақстан  жақ  бетіндегі 
биоқорлардың жалпы құны 500млрд доллар. Ал теңіз  тіршілігі жойылса, халықаралық сот жыл сайын 
сондай мөлшердегі айыпты біздің елге салады да отырады. Мүмкін ол бірнеше ғасырғы созылар? Осы 
сұрақтар еріксіз ойландырады. Ең қиыны, теңізіміздің ертеңі не болады? Теңіздің жерасты қойнауында 
байлықтың  мол  қоры  жатқаңына  қай  жақта  күдіктенбеді.  Кеңес  үкіметін  ойландырған  бұрғылау 
кезіндегі  теңіз  экологиясын  сақтау  болатын.Оған  Кеңес  Одағының  көзін  жеткізу  үшін  халықаралық 
мұнай  бірлестігі  компаниясы  мамандандырылды.Менім  ойымша  Каспий  теңізіндегі  экологиялық 
проблемалардың бірнеше жолдары бар. Олар: 
Теңіз жағасындағы мұнай компанияларын барлау және судағы мұнайды анықтау үшін Каспий 
теңізі жағасында белгілі ұйым құрылып,теңізді бақылап отырса; 
  
Теңізге  басқада  өзен  көлдерден,шет  елдерден  балық  түрлері  алып  келініп  оларды 
қамқорлыққа ала отырып Каспий теңізінің фаунасы мен флорасын қайтадан қалпына келтіру; 
Мұнай компанияларынаң  теңізге  төгілген  мұнай  қалдықтарын  есепке  ала отырып  олардан  әр 
ай сайын салық төлету арқылы,теңіздің мұнайын арнайы сүзгілер арқылы тарзарту; 
Мұнай  бұрғыларын  теңізден  бірнеше  км  шақырымға  орналастыру  арқылы  теңізді  болашақта 
мұнай қалдықтарынан қорғау; 
  
Ата-бабамыз су ырыстың көзі деп бекер айтпаса керекті.Әр жердің табиғатыда,оны пайдалану 
немесе  қорғау  көздері  де  әртүрлі.  Су  жүрген  жер-береке,ел  жүрген  жер-мереке  деген  мақал  тегін 
айтылмаса керекті.Өзге елдер шөлдерінде де туризмды дамытып жатады,ал біз бар мүмкіндікті қолдан 
жіберіп  отырған  жайымыз  бар.Ұлан-байтақ  жерімізде  туризмді  дамыта  отырып,біз  еліміздің 
болашағына  сенімді  қарай  аламыз  деп  ойлаймын.Еліміздегі  сондай  аймақтардың  бірі  болып  қазіргі 
таңда Каспий теңізін айта аламыз [4]. 
       Каспий  теңізінің  жағалауында  қазіргі  таңда  Ақтау,Маңғыстау  сынды  үлкен  әрі  әсем  қалалар 
орналасқан.Қазіргі  кезде  бұл  жерлердің  халқының  саны  күннен  күнге  артуда.Ең  алдымен  осы 
қалалардың табиғат жағдайларымен танысып алайық. 
Маңғыстау  облысының  орталығы  саналатын  Ақтау  қаласының  бұрынғы  атауы  Шевченко 
болатын.  Қала  атауы  1991  жылы  өзгерді.  Касспий  жағасында  орналасқан  әсем  қала-газ  бен  мұнай 
өндіретін өнеркәсіп орталығы. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік 
шығысында  40  шақырым  жерде  әйгілі  Қарақия  ойысы  жатыр.  Жер  бедері  тегіс,  ол  негізінен 

172 
 
коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның 
шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне 
дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің 
бойымен  өтетін.2010  жылдың  сәуір-мамыр  айларында  Орыс  географиялық  қоғамының  экспедициясы 
Еуропа  шекарасын  Мұғалжар  арқылы,  одан  Каспий  маңы  ойпаты  (Шығыс  Еуропалық  жазығы  бітіп, 
Үстірт  үстіртінің  батыс  бөлігі  өтетін  жер)  арқылы  өту  керек  деген  қорытындыға  келді.  Мұндай 
жағдайда  Еуропа  шекарасы  қазіргіден  әлдеқайда  оңтүстікке  қарай  ығысады.  Қазіргі  кезде  Орыс 
географиялық  қоғамының  ғалымдар  тобының  пікірі  Халықаралық  географиялық  одақтың  қолдауына 
ие болмады [5]. 
Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын 
қолдаса,  Маңғыстау  облысының  бір  бөлігі  Еуропада  орналасқан  болып  шығады.Егер  Маңғыстау 
Еуропаға кіретін болса онда Каспий теңізіндегі порттар саны көбейіп,шет елдерден келетін туристтер 
санын  біршама  көбейтуге  мүмкіндік  алатын  едік.Және  де  теңіз  арқылы  шекара  бекетінен  өтетін 
кемелер  санын  көбейтіп,оларды  жүк  тасымалдау  үшін  емес  адамдарға  теңіздегі  аралдарды 
аралатып,немесе теңізді көрсетіп,ал кешқұрым уақытта жағалауда әр-түрлі фестивальдар,қазақы ойын 
түрлері өткізіліп,мейрамханаларды көптеп аша отырып,әр елдің ұлттық тағамдарымен қоса Қазақтың 
тағамдарында  тыс  қалдырмаса  біз  еліміздің  туризмін  екі  жақтылы  дамытып,  туристтердің  көңілін 
аудартуға болады деген пікірдемін  
Мұнай  қанша  жерден  пайдалы  десекте,  оның  да  сарқылар  кезі  туады.  Сондықтан  Мақтанба 
ертеңгі  күніңмен,  Сол  күннің  не  әкелерін  білмейсің  сен  дейді  ғой,  деп  ертеңгі  күнімізді  де  бір  сәт 
болсада ойлағанымыз жөн. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х 
2.Ә.Бейсенова,А.Самақова,Т.Есполов,Ж.Шілдебаев;Экология  және  табиғатты  тиімді  пайдалану, 
Алматы.-2004,328 бет. 
3.Қазақстанның байлықтары, 3-том.- Алматы,1988ж. 
4.А. Г Қасымов Каспий теңізі.- Л, 1987 ж. 
5. Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет. 
 
 
 
ӘОЖ. 334.71 
ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ – КАСПИЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ИНВЕСТОР 
 
Сабыров А.Р. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Қазақстанның  өз  алдына  тәуелсіздік  алуы  оның  экономикалық  дербестігіне  жол  ашты.  Қазақ 
елінің егемендікке ие болуы әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынас жасауға ықпал етті. Елімізге 
көптеген  шетел  инвесторлары  келді.  Олар  тәуелсіздік  тұғырындағы  жас  мемлекеттің  экономикалық-
әлеуметтік тұрғыдағы өрісін кеңейтті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін араға бірер 
жыл  салып, Қазақстан  Республикасы  мен  «Шеврон»  корпорациясының  өзара  келісім  шарты  негізінде 
«Теңізшевройл»  кәсіпорны  дүниеге  келді.  Кәсіпорын  шетел  инвесторларын  тартудың  тиімділігін 
алғашқылардың бірі болып дәлелдеді. Өндірістің көрсеткіші жылдан-жылға өсіп отырған кәсіпорынның 
Қазақстан экономикасына қосып отырған үлесі де қомақты. 
«Теңізшевройл»  -  бұл  Қазақстан  Республикасының  аумағында  жұмыс  істейтін  және 
геологиялық  барлаумен,  мұнай  қорларын  қазбалаумен,  мұнай  мен  оның  ілеспе  өнімдерін  сатумен 
шұғылданатын,  өз  қызметін  қауіпсіздік  техникасы  мен  қоршаған  ортаны  қорғаудың  ең  жоғары 
стандарттарына сай жүзеге асыратын кәсіпорын. 
Қазақстандық-Американдық  жоба  Қазақстанның  мұнай  державасы  ретіндегі  зор  келешегінің 
бар  екендігіне  ғана  емес,  Қазақстан  экономикасының  түбегейлі  реформаларға  дайын  екеніне  көз 
жеткізді. Әлемдегі ең ірілердің бірі болып саналатын, шығарылып жатқан қорлары 750 миллионнан 1 
миллиард  125  миллион  тоннаға  дейін  бағаланатын  мұнай  жинауыштарының  бірінде  кен  орнының 
өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  күрделі  техникалық  және  технологиялық  міндеттер  табысты 
шешілуде.  Бұл  өнімді  горизонттардың  4000  метрден  астам  тереңдікте  жатуы.  Жер  қабаты  ішіндегі 
қысымның  шектен  тыс  жоғары  болуы,  сондай-ақ  күкіртсутектің  жоғары  шоғырланысы.  Уақыт 
кәсіпорын  ұжымының  кез-келген  қиындықтарды  жеңе  білетінін  көрсетті.  Сондықтан  да,  бүгін 
кәсіпорын алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының қатарына кіреді.  

173 
 
«Теңізшевройл»  бірлескен  кәсіпорны  бүгін  тек  үлкен  мұнай  ғана  емес,  1993  жылы  құрылған 
сәтінен бастап ТШО өзіне Атырау облысын дамытуға жәрдемдесу жөнінде міндеттеме алған болатын. 
Кәсіпорын  10  жыл  ішінде  Бонус  қоры  әлеуметтік  бағдарламасы  мен  оның  орнына  келген  «Игілік» 
бағдарламасы бойынша тұрғындар үшін неғұрлым өзекті деген мәселелерді шешу ісіне 75 млн-ға жуық 
доллар бағыттады, ал 2002 жылы «Игілік» бағдарламасының шеңберінде әлеуметтік жобаларға 8 млн 
доллар  бөлінді.  Осының  арқасында  Атырауда  қуатты  нан  зауыты,  қазандық  пен  газ  құбыры,  жаңа 
аурухана,  су  тазартқыш  құрылыстар  салынды.  Тек  соңғы  үш  жылдың  өзінде  ғана  ТШО-ның 
каражатына  облыс  орталығында  Жайық  өзені  арқылы  өтетін  автомобиль  жолы  қайта  салынды, 
жағалауды  темірбетонмен  бекіту  жүзеге  асты,  жергілікті  университеттің  бас  корпусының  құрылысы 
аяқталды, туберкулезге қарсы диспансерде науқастарды емдеудің қазіргі заманғы әдістемесі енгізілді. 
Кәсіпорын орналасқан Жылыой ауданының орталығында су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін 
20  тұрғын  үйдің,  қазіргі  заманғы  жедел  медициналық  жәрдем  ауруханасының  құрылысын  салуға 
қаржы  бөлінді.  ТШО  жыл  сайын  медициналық,  білім  беру  және  мәдени  бағдарламаларға  демеушілік 
көмек және халықтық тұрмысы төмен,  әлеуметтік жағынан қорғалуы төмен жіктеріне қайырымдылық 
көмек көрсетіп отырады.  
Қазіргі  кезде  ТШО-ның  штатында  3400-ге  жуық  адам  бар.  Компания  бірінші  кезекте  Атырау 
мен  жақын  жатқан  облыстардың  мамандарын  жұмысқа  қабылдайды.  Соның  нәтижесінде 
қазақстандықтар  компания  жұмыс  істей  бастаған  кездегі  50  %-мен  салыстырғанда,  қазір  оның 
қызметкерлерінің 77,7%-ын құрайды. Қазақстандық мамандардың саны жалпы қызметкерлер санының 
80%-ына  дейін  көбейеді  деп  күтілуде.  ТШО  штатында  жұмыс  істейтін  2400  қазақстандықпен  қоса, 
3200-ге жуық қазақстандық маман ТШО-ның мердігерлері үшін жұмыс істейді. Олардың саны ТШО кен 
өндіру  деңгейін  жоғарылатуға  бағытталған  ірі  құрылыс  жобаларын  жүзеге  асырған  сайын  көбейіп 
отырмақ. Қазіргі кезде қазақстандықтар мамандардың жалпы санының 62%-ын және бөлімдер мен топ 
жетекшілердің  80%-дан  астамын  құрайды.  Сондай-ақ  Лондонда  Екінші  Буын  Зауыты  мен  Шикі  Газ 
айдау  жобалары  бойынша  жұмыс  істеп  жатқан  қазақстандық  мамандардың  тәжірибесі  баға  жеткісіз. 
Олар  негізінен  Теңіз,  Королев  кен  орындарын  жақсы  білетін  әзірлеуші,  геолог,  экологтар  болып 
табылады.  Теңізге  қайтып  келгеннен  кейін  олар  жаңа  зауыт  пен  кәсіпшілікте  технологиялық 
үрдістерге басшылық ететін болады. Аймақты дамытуға енгізіп отырған ТШО-ның үлесі қазірдің өзінде-
ақ  оң  нәтиже  беруде.  ТШО  қызметкерлерінің  негізгі  құрамы  тұрақты  әрі  жоғары  еңбекақы  алып 
отырған  Атырау  облысының  тұрғындары  болып  табылады.  Қазақстан  компаниялар  орындайтын 
мердігерлік  жұмыстарға  келетін  болсақ,  қазірдің  өзінде  негізгі  үлес  Атырау  облысында  тіркелген 
жергілікті компанияларға тиесілі, осы арқылы жергілікті бюджетке түсетін салықтық аударымдар арта 
түсуде.  Бүгінгі  күні  ТШО  объектілерінде  сапалы  және  сенімді  жұмыс  істеуді  үйреніп  жатқан 
компаниялар  ертең  басқа  объектілерде  негізгі  мердігер  ретінде  дербес  жұмыс  атқара  алады.  ТШО 
басшылығы кадрларды дамытуға ерекше көңіл бөледі, арнайы кадрлық саясат концепциясы бар. Қазір 
қазақстандық  кадрларды  дамытуға,  әрбір  қызметкердің  әлеуетін  неғұрлым  толық  пайдалануға 
бағытталған бағдарлама (біліктілікті жоғарылату бағдарламасы, мансаптық өсу жоспары, материалдық 
ынталандыру және т.б.) жүзеге асырылуда. Жұмысқа қабылдау кезінде басымдық қазіргі заманғы білім 
алған  және  мұнай  бизнесін халықаралық  компаниялар  деңгейінде  жүргізуге көбірек  бейімделген жас 
мамандарға  беріледі.  Сондай-ақ ТШО  жергілікті мамандарды  қазақстандық жоғары  оқу  орындарында 
оқытуға  ақша  төлеп отыр.  Атырау  қаласындағы  маман-мұнайшыларды қайта  даярлау жөніндегі  білім 
беру орталығын құруға белсенді қатысуда. 
Атырау  Бонус қоры мен «Игілік» бағдарламасы шеңберінде бөлінген 109 млн доллардан астам 
қаржыға облыстың денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы жаңарған ғимараттар, су тасқынынан 
баспанасыз  қалған  жылыойлық  отбасыларының  жаңа  баспанаға  қоныстануы,  мектептердің 
компьютерлендірілуі,  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің  оқу  корпусының 
пайдалануға  берілуі  секілді  сан  алуан  игілікті  істер  ойға  оралады.  Атыраудағы  Жайық  өзенінің  қос 
жағалауын жалғастырып тұрған орталық көпір де осы кәсіпорынның қаржысымен жаңарған. Аймақта 
бұл кәсіпорынның қолдауын көрмейтін сала жоқ десе болғандай. Өнер мен мәдениет те, кәсіп ашқысы 
келген  кәсіпкер  де  ТШО-ға  арқа  сүйейді.  Атқарушы  билік  те,  қарапайым  халық  та  қаржысын  қайда 
сыйғызарын  білмей  отырған  байшыкеш  деп  емес,  шын  мәнінде  елдің  экономикасы,  еңсесі 
көтерілгеніне үлес қосуға ынталы алып деп таниды ТШО-ны. 
Тұтас  бір  ауылды  жаңа  мекенге  көшіру  де  ТШО-ның  қаржыландыруымен  жүзеге  асты. 
Айналасын  бұйра  құмдар  көмкеріп,  экологиялық  апат  аймағында  қалған  Сарықамыс  ауылының 
тұрғындары аз жылдың ішінде жаңа мекенге қоныс аударды. Олар үшін Жылыой ауданындағы Жаңа 
Қаратон елді мекені мен Атырау қаласындағы «Орман шаруашылығы» шағын ауданында тұрғын үйлер 
бой көтерді. Дербес жылу қазандығы секілді адамдардың тұрмысына қажеттінің бәрімен жабдықталған 
жаңа  тұрғын  үйлерді  тамсана  қарар  көз  керек.  Атырауда  да,  Жаңа  Қаратонда  да  сарықамыстық 
тұрғындардың  балаларына  арналған  орта  мектептерде  оқушылар  орта  білім  алып  қана  қоймай, 

174 
 
Интернет желісіне қосылған компьютерлерді меңгереді. Қыздар іс тігу, ұлдар ұсталық шеберханасында 
кәсіптік білімін шыңдайды. 
Бірлескен  кәсіпорынның  әлеуетін  әлеуметтік  салаға  бөлінген  қаржының  молдығымен  ғана 
сипаттау жеткіліксіз.  Өйткені,  мұнай  өндіруде  де  ТШО-ның  тасы  өрге  домалап  тұр.  Жыл  сайын  қара 
алтын  селін  тасқындатқан  бірлескен  кәсіпорын  оған  қоса  бутан, пропан  секілді  өнімдерді  еуропалық 
сапамен  өндіреді.  Кеніштегі  мұнайдың  құрамындағы  күкіртті кәдеге  асыру мақсатымен  түйіршік және 
қабыршақ  күйіндегі  өнімге  айналдырады.  Бір  ерекшелігі,  мұнаймен  ілесе  шығатын  шикі  газды  жер 
астына кері айдауды іске асыратын жобаны қолға алған. Бұл жоба толығымен іске асқанда газ өңдеу 
зауытында  күні-түні жанып  тұратын  алау  азаймақ. Бұған қоса мұнай өндіру  көлемін күрт  ұлғайтатын 
екінші буын  сатысындағы  жаңа  зауыт  құрылысы  да  қарқынмен жүргізілуде. Жаңа  зауыт жұмыс  істей 
бастағанда өндірілетін мұнайдың көлемі 24 млн. тоннаны құрайтыны кім-кімді де қызықтырғандай. 
ТШО-дағы  елең  еткізерлік  бір  жәйт  –  қазақстандық  мамандардың  жетекші  буынын 
қалыптастыруға  бетбұрыс.  Білімі  мен  біліктілігі  жоғары  ұлттық  менеджерлер  мен  басқарушылар 
құрамы 68 пайызға жетуі, жалпы қазақстандық мамандар қатары 80 пайызды құрауы осының дәлелі. 
Осы  ретте  бірлескен  кәсіпорынның  қазақстандық  тауар  өндірушілер  мен  сервистік  қызмет 
көрсетушілерді  де  әріптестікке  көбірек  тартуын  баса  айтқан  жөн.  Бұл  мақсатқа  биыл  600  млн.  АҚШ 
доллары көлеміндегі қаржыны игеру көзделгенін ескерсек, бұдан қазақстандық кәсіпорындар алдымен 
қаржылық  қабілетін  жақсартады.  Екіншіден,  жоғары  сапалы  өнім  өндіріп,  бәсекелес  бола  алатындай 
деңгейге көтеріледі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет