Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39

Әдебиеттер  тізімі: 
1. «Жайық шұғыласы» аудандық газеті 1982 ж 17 тамыз 4 б 
2. С.Бердімұратов «Туған жер тынысы». Өлеңдер, балладалар, поэмалары  «Жазушы», 1996 ж 4 б 
3.З.Қабдолов. «Сөз өнері». Алматы, Жазушы, 1983 ж 126-127 бб 
4. «Жайық шұғыласы» аудандық газеті 1981ж 26 қыркүйек 4б  
5. «Жайық шұғыласы» аудандық газеті 1985ж 30 қараша 4б 

150 
 
6. «Жайық шұғыласы» аудандық газеті 1991ж 24 тамыз 2б 
7. «Жайық шұғыласы» аудандық газеті 1997 ж 5 тамыз 3б 
 
 
ӘОЖ 81.242 
ТУҒАН ТІЛ 
 
 Тәжіғалиева А.С. 
   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін 
арттыру институт директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары   
                              
 
 
Жеті  атасынан  келе жатқан  рухани  дүниені  бойына  сіңірген  ұрпақтың өкілі  ретінде  «алдыңғы 
толқын – ағалар мен кейінгі толқын – інілерге» тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсенің жоқ екені 
мәлім.  
 
Осы сәтте мені шешімі беймәлім сұрақтар мазалайды... Біз адасып барамыз ба?  
 
Жоқ,  мүмкін  емес...  Біз  тарихтан  сабақ  алған  ұрпақпыз!    Үш  ғасыр  бойы  зарыға  аңсаған 
арманымыз орындалып, тәуелсіздік туын тіккен ұрпақпыз.  Мәңгілік  ұрпақпыз!  Талай  бодандықты 
бастан  кешіріп,  «тар  жол,  тайғақ  кешуден»  өткен    қазақ  ұрпағы  қалайша  жойылып  кетеді.  Біздің 
ұрпағымыз  адаспауы тиіс. Өйткені,  ата-баба  салтын  ұстана отырып тәрбиеленген ұрпақта жігер  бар, 
жалын бар, ұлттық рух, ой, намыс бар. 
 
Бұдан  бір  ғасыр  жарымнан  астам  уақыт  бұрын  қазақ  даласына  саяхат жасаған  поляк  Адольф 
Янушкевич  халқымыздың  болашағы  туралы  дәл  болжам  айтқан  екен:  «Жо-жоқ!  Имандай  сырым. 
Тәңірім бойына осыншама қабілет дарытқан халық - өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес. Оның 
рухы қазақ даласына күндей көтеріліп, жарқырап, сәуле шашатын болады... Өзіне менсінбей қарайтын 
халықтар арасынан бұл көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі келеді... »- деген көрегенділігіне 
қалай таңданбассың!  Иә, уақыт көшіне ілесіп, тәуелсіздіктің туы желбіреген кез де келді...                                     
Тәуелсіздік пен тіл... Осындай қасиетті ұғымдарды қатар атау олардың адам өміріндегі алатын 
орнын  айшықтайды. Яғни, тілсіз  тәуелсіздіктің, тәуелсіздіксіз тілдің  ғұмырының  баянды  болуы мүмкін 
емес-ау.  
Тіл – ұлттың ұлт болып қалыптасуының ең бірінші шарты. Тіл – ұлттың ұлы игілігі. Жетпіс жыл 
бойы  басқа  тілдің  көлеңкесінде  қалып  келген  тілімізді  М.Әуезов  өзінің  «Көксерек»  әнгімесінде  ұлу 
тілімен  (қасқыр-алпауыт  тілімен)  астарлай  көрсетеді.  Заңғар  жазушы  ұлттық  идеологияға  осы 
туындысы арқылы қызмет етті дей аламыз. Өйткені,
 шығармада қасқыр да, ит те  адамзатпен қатар өз 
әлемімен сипатталады. 
Қандай  шығарма  болсын,  белгілі  пікірді-идеяны  үндейтіні  сөзсіз.  Идеясыз 
көркем шығарма болмайды. Автор оларды адамның теңемесі сияқты алып, адамның мәнін хайуанаттар 
бойына жасырған.Адам баласы айта алмайтындарды олар айтады.Апанынан өз еркінен     тыс  жат 
ортаға әкелінген   Көксерек  жаңа  ортадан  бостандық пен мейірбандық дәметті.  «Көксеректің  жат
 
ортаны жатсынуы, еркін әрекеті – оның ішкі бостандығының көрінісі.
 Осындағы қатыгездік, сатқындық 
мәселелерінде қоғамдағы ахуалдың көлеңкесі тұрғандай».   
Кеңес  заманында  қанша  орыс ұлтының тілін  меңгеріп,  мәдениетін игерсек те ұлттық  болмыс-
бітіміміздің  өзгермейтінін  былайша  астарлы  түрде  аңдату  бар:  «
Көксерек  адамдардың одан  не 
 тілейтінін   түсінуге тырысты, бірақ  түсінбеді.  Қасқыр иттің күйіне  түсті,  ал  ит ешқашан қасқыр бола 
алмайды.  Өмірдің тепе-теңдігін жоғалтқан  Көксерек маңайын жатсына бастады.  Бәрібір  қашты.  Бірақ 
бәрібір өз қандастарынан бөлектігін байқатты».
 
 
«Көксерек»  әңгімесі  жарыққа  шығысымен-ақ,  сол  тұстағы  баспасөзде  әр  түрлі  ұстанымдағы 
сындар  жазылған  екен.  Сондай  сынның  бірі  С.Мұқановтікі: «Әңгіме  өте терең  астармен   жазылған. 
Мұхтар 
мұны  жазғанда қасқырды, 
аң 
қып 
алып отырған жоқ, 
адам 
қып алып отыр. 
Өйткені, Көксеректе  мақсат бар.  Сол мақсатқа   ұмтылушылық,  өз мақсатына жетушілік    бар… 
Көксерек,  сөз  жоқ,  адамның –  біреуі.  Біреуі  болғанда Көксерек бүкіл бір ұлтты елестете  ме,  тапты 
елестете  ме, яки  жеке  адамды  елестете  ме,  ол жағы  бізге қараңғы…».  С.Мұқанов ойын  ары  қарай 
тапшылдық сана ықпалымен өрсе де, бізге керектісі Әуезовтің идеялық - көркемдік ойлау машығына 
өзінше барлау жасай отырып, көркемдік сананы зерделеуге жол көрсеткені. 
        
Әуезов әрбір қимыл 
қозғалыс 
арқылы астарлы ойын сабақтай түседі: 
«Жалғыз қалған 
Көксерек қандастарын іздемейді  де,  аштық  азабын басып,  қарны  тойса  болды».  Бұл –  өз ортасынан 
жат жерде тәрбиеленген ұрпақтың болмысын ақтарудың бір парасы. «Тағы да аштықтан жер тарпып, 
қар боратып, 
көп 
ұлыған кезде топ 
қасқыр 
қасына 
келді. 
Өткенде ақ 
қасқырды да 
ұлыған кезде тапқан».  Иә,  жанамалай  айтсақ,  «аштық  азабын  басуға»  ниет  еткен,  шетел  асқан 

151 
 
қандастарымыздың  «ақ  қасқырларын»  өзге  ұлттан  тауып  жүргені,  тамырсыздық  індетіне  душар 
болғаны жасырын болмас.
 
Көркем  туындыда:  «Өз ортасынан бөлінген Көксерек оларды  жатсынады,  топ  қасқыр  да 
 Көксеректі   де  бөтенсиді.  Тек оларды бір-біріне  жақындастырған  –  ұлу,  яғни тіл»  -  деген  суретке 
пара-пар  жолдар  бар.  «
Қазақ  прозасында  ойды  символикамен  жеткізу  әдісін  батыл  игерген 
жазушының  бірі  М.Әуезов 
кеңестік жағдайда  тікелей,  тура  айту мүмкін  емес  ойдың  есесін қайтарып, 
тіл арқылы ғана бауырлас, қандастарыңды табасың деген пайымдауын санаға сығалатады». 
Өз  тілінің  өгей  ұлы  болмауға  үндеу  –  ұлтқа  жаны  ашыған  патриоттардың  ұлағаты  деп 
қабылдаймыз. 
 
Осылайша  «Көксеректі»  қазбалай  түссек,  оның  көркемдігі  алдыңыздан  өзгеше  кеңістік 
ашатындай.  «Көксерек»  шығармасының  көркемдігі  әлі  қанша  буынды  тамсандырар  екен... 
Шығарманың  басты  кейіпкері  Құрмаштың  өзі  бауырына  басқан  Көксерекке  жем  болып,  ауызында 
кеткені  сықылды,  «жаһандану  жағдайында  жан-жақтан  анталаған  тілдерді  білу  үрдісі  біздің  ұлттық 
тілімізге  көлеңкесін  түсірмегей»  -  деп,  тілейік!  Жазушы  М.Әуезов  бізді  сақтандыра  отырып,  төнер 
қауіпті де аңдатып отырғандай. 
Біз  –  тәуелсіздіктің  төл  перзенттеріміз.  «Қарнымыз  тойса  болды»-деп  емес,  ұлттың 
жасампаздығын  ілгерлететін,  өз  еліміздің  әл-ауқатын  көтеруге  атсалысатын,  өміршеңдікті  ойлайтын 
ұрпақпыз.  Осындай  асыл  мұратты  жанымызға  серік  ете  отырып,  ізденіс  машығында  білім  мен 
ғылымның көкжиегін кеңейтуге берік ұстаным ұстанамыз. 
 
Егеменді еліміздің ертеңі жарқын болуының шарты – тілге құрмет көрсету. Тәуелсіздік алғалы 
қазақ тілінің өсіп өркендеуіне біраз жағдайлар жасалуда. Соның бірі-қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе 
алуы.  Алғаш  рет  1989    жылы  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болды.  Содан  бергі  уақыт  ішінде  тіліміздің 
қанатын кеңге жайғаны байқалады. Бірақ ата-бабамыздың мұрасы-қаймағы бұзылмаған қазақтың қара 
сөзін  тек  заң  шығару  арқылы  ғана  сақтап  қалуға  бола  ма?  Жоқ!  Жүрегі  «Ұлтым»  деп  лүпіл  қаққан 
ұлтжанды  әрбір  адамның  үлкен  әріппен  басталатын  «Азаматтық  парызы»  –  өз  тілінің  терезесін  өзге 
тілмен  тең  ету,  оны  шын  жан-тәнімен  сүю,  оны  көзінің  қарашығындай  сақтау.  Осы  қасиеттердің 
барлығын өзінің және ұрпағының бойына сіңіру. Міне, сонда ғана ұлағатты да ұлы тілді сақтап қалуға 
болады. 
 
   
Екіншісі,    өзге  ұлт  өкілдерінің  қазақ  тілін  үйренуге  деген  құлшынысың  арта  түсуі.  Ия,    еліміз 
егемендік,  тіліміз  мемлекеттік  мәртебе  алғалы    қазақ  тілін  үйренушілер  қатары  өсе  түсуде. 
Мемлекеттік  тілді    меңгеруге    өз  республикамыздың  азаматтары  ғана  емес,  шет  елдерден    келген 
адамдардың да ден қою  көңілге қуаныш ұялатады.    
Тіліміздің  осылай  шарықтап  қанат  қағуымен  қатар,  көңілді  су  сепкендей  басатын  көлеңкелі 
жайттар да кездеседі. Туған тілін шұбарлап сөйлейтіндер, тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да 
кездестіріп жатамыз. Әуезов тіліндегідей: «Қасқырды қанша баптаса да аспанға қарап ұлымас үшін», 
өзгенің  жасығы  мен  асылына  қызығып,  ел  аралап  кетпес  үшін  ұлтын  сүюге,  ұлтының  көсегесін 
көгертіп, халқына қызмет ету қажеттігін ұғынуға үндейміз. Өйткені, ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, 
тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.  
              Тіліміздің  мәртебесі  көтерілсе,  елдің  де  мәртебесі  биік  болатыны  хақ.  Тілге  көрсеткен 
құрметің – елге жасаған қызметің. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. 
Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, отанын, атамекенін сүйеді деген сөз.  Ал, бұлардың бәрі – 
адам  баласы  үшін  ең  қасиетті  ұғымдар.  Өмірдің  алмастай  қырын,  абзал  сырын  түсіне  білуіңе  басты 
себепкер  –  сол  ана тілің.  Бірақ  қазақ  халқы  бұған ерекше  зер  салған.  Қазақ  –  сөз  қадірін  өз  қадірім 
деп білген халық. Сөзге кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі  мен көсемдігін сыйғыза білген жұрт. Оның  
тарихы, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы  мен дала көңілі де сол сөздерде жатыр. 
          Тіл –  күн шалмас  қараңғы  көңілді шалады, күн  – жылытпас  суық  көңілді жылытады. Тіл  –  ел 
мен елді,  халық пен халықты жақындастыратын алтын көпір. Егер ана тіліміз саф алтындай жарқырап 
тұрса, еліміздің еңсесі түспесі анық.  
                              Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, 
                              Әр адамда өз анасынан басқа да  
                              Болу керек құдіретті төрт ана: 
                              Туған жері – түп қазығы, айбыны. 
                              Туған тілі – сатылмайтын байлығы. 
                              Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,  
                              Қадамына шуақ шашар үнемі. 
                              Және туған тарихы, еске алуға қаншама, 
                              Ауыр, әрі қасіретті болса да, 
 -  деп  М.Шаханов  тебіренгендей  әр  адамның  адамдығының,  әр  халықтың  халықтығының  кепілі 
құдіретті  төрт  ана  болса,  сол  киелі  төрт  ананы  пәле-жаладан,  жаманшылықтан  сақтап,  қорғайтын,  
желеп-жебейтін бойтұмары – еркіндік, егемендік! 

152 
 
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу  белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соғар желдер 
бар.  Бел  де талар, жел  де  беттен  қағар.  Бәріне  көну  керек, төзу керек,  жас  ұрпақ!»  -  демеп  пе еді. 
Ендеше, ұлттың ұлылығын паш етер ойлы ұрпағымыздың амандығын тілейік, ағайын! 
 
 
 
ӘОЖ 37.01 
ХАЛЫҚ МҰРАСЫ –ТӘРБИЕ КӨЗІ 
 
Қаражігітова Н.Қ. 
Атырау қаласы № 24 орта мектебінің 
I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 
 
Қазақ  халқы  –  рухани  зор  байлықтың  мұрагері.Ол  өзінің  өресі  биік,сан  саналы  өскелең 
мәдениетіне  бір  күнде,бір  ғасырда  жеткен  жоқ.  Ежелгі  ата-  бабаларымыздың  күмбірлеген  күміс 
күйімен,сыбызғы сырнай үнімен,батырлар жырымен,мақал- мәтел,шешендік сөз,айтыс өлеңдерімен сан 
ғасыр  бойы  өз  ұрпағын  «сегіз  қырлы,бір  сырлы»  өнегелі  де  өнерлі  адамгершілік,ар-  ожданы  жоғары 
азамат тәрбиелеп келгені ақиқат. 
Әр  халықтың  өзіне  тән  ұлттық  ерекшеліктері  туған  жер,тіл,тарих,салт-дәстүр  деген 
ұғымдармен өрнектелмек. «Төрт анадан» нәр алатын рухани мұралар жүйесі жинақтала келе ұлттық 
болмыс  ерекшелігін  құрайды.Жас  ұрпақты  ұлтжандылық  рухта  тәрбиелеудің  қуатты  құралы  ұлттық 
болмысты сезіну мен түсінуден басталады. 
Өнер  –  адамзат  баласының  рухани  байлығы.Өнердің  кәусар  туындысы  халық  өмірінің  терең 
және  мөлдір  қайнарларынан  шымырлап  шығады  да  ,  сол  халықтың  өзінің  рухани  сусынына 
айналады.Шәкірттің  бойында  отаншылдық  сезімнің  оянуына  түрткі  болып,ұлтжандылықтың  ұғымын 
сіңіретін пән – әдебиет.Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды,туған тілін сүюден 
елін,ұлтын  сүю,адамзатты  құрметтеуге  дейінгі  сезімдері  тәрбиеленеді.Әдебиет  –  рухани,  жан 
байлықты  дамытудың  пәрменді  құралы.Отансүйгіштік,  ұлтжандылық,  адамгершілік  қасиеттердің  жас 
ұрпақ  бойынан  табылуы  ана  тілімізбен,  әдебиетімізбен  даритыны  заңдылық.Әдебиет  пәні  арқылы 
берілетін  рухани  білім  «тағдырымыздың  тынысы  болатын»  төрт  тіректің  (туған  жер,тіл,салт-
дәстүр,тарих) негізінде қарастырылады. 
Ата  –  бабаларымыз  туған  жердің  әрбір  сүйемін  жаудың  сұқты  көзінен  қорғау  үшін  жат 
жұрттықтармен  өмір  бойы  шайқасып  өтті.Қазақ  жерінің  тауы  мен  қырқасын,  орманы  мен  тоғайын, 
өзені  мен  көлін  көзінің  қарашығындай  сақтады.Халқымыз  талай  қиын  кезеңді  бастан  кешірді.Жеңіс 
қуанышын  тойлаған  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  шақтар  да,  туған  жерден  еріксіз 
босып,жеңіліс  күйігі  көкірекке  шер  толтырған  шақтар  да  болды.Туған  жерге  деген  сүйіспеншілік 
сезіміне бөлейтін ғұн патшасы Мөде батыр оқиғасының тәрбиеләк мәні зор.Ел іргесін бекітіп ала алмай 
жатқан  Мөдеге  көрші  ел  күш  көрсетіп:  «Күніне  мың  шақырым  жүгіретін  тұлпарын  беріп  жіберсін!»- 
дейді.Билерінің  намыс  қылып  ,  келіспегеніне  қарамастан  тұлпарды  беріп  жібереді.Біраздан  соң 
Мөденің  ханымын  сұратады.Билері:  «Патшамыздың  ханымын  сұратқаны  қай  басынғаны,бермейміз»,- 
дегеніне қарамай,оны да береді.Ақыр соңында: «Арада иесіз жатқан жерің бар,соны да бер» дегенде, 
Мөде:  «Тұлпарымды  берсем,ол-менің  мүлкім.Ханымымды  берсем,ол  да  менікі.Ал,жер  халықтікі,оны 
бере алмаймын»,- деп соғысқа шыққан.  
Батырлар  жырының  оқиға  желісінде  күш  –қайраттың  серігі  ретінде  көрініс  тауып  отыратын 
ақыл-ой  зұлымдыққа  қарсы  қойылған  халықтық  қасиет  сипатына  беріледі.Алапат  күштің  қуаты 
жетпеген  қысылтаяң  кезеңдерде  ақыл-ой  жол  табады.Бұл  тұстағы  бір  ерекшелік  –  ақыл  иесінің  көп 
жағдайда  батырдың  өзі  емес,сүйген  жары,сенімді  досы,  ел-  жұрты  болып  келуі.Қаһарман  күрес- 
тартыс  үстінде  ,  өмір  талқысында  шыңдалып,кемелдене  түседі.Жырдың  айтары  да  адам  баласының 
кемелдікке жетуі ақыл-парасатқа байланысты деген ойға саяды. 
Эпостық  жырлардың  ең  басты  тақырыбына  орай,айырықша  мән  берілетін  тәрбие  түрі- 
отаншылдық,ұлтжандылық тәрбиесі болып табылатыны анық.Жырлар сюжетінде қамтылған оқиғалар 
мен  іс-әрекеттердің  де,оларды  талдау  арқылы  айқындалатын  көркем  идеялардың  да,сол  идеялар 
негізінде  сабақ  барысында  жүзеге  асырылатын  тәрбие  түрлерінің  де  тоғысатын  тұсы-  Отанды 
сүю,туған  жер  мен  елді  қорғау  мәселесі.Жырлар  өзегіндегі  әрбір  көркемдік  бөлшек  отаншылдық 
идеясынан бастау алады,осы идеяның ашылуына қызмет етеді.Сол себепті батырлар жырына арналған 
әрбір  сабақтың  арқауына  отаншылдыққа,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу  мақсатының  алынуы-  басты 
талап. 
Батырлар  жырындағы  халықтың  үлгі  етері-  басқыншылыққа  қарсы  тұрған  қаһармандар 
ерлігі.Елін  қорғаған,  жерін  жауға  бермеген  қаһарманды  өз  елімен  қатар,дұшпан  тобындағы 
кейіпкерлердің  де  құрметтеп,  іштей  тілеулес  болып  ғана  қоймай,қиналғанда  қол  ұшын  беруі  жыр 

153 
 
сюжеттерінде  осы  үлгідегі  желілердің  жиі  кездесуі  –  халықтың  отаншылдық  қасиетті  жоғары 
бағалауынан  туындап  жатыр.Отанды  сүю  идеясы  бірде  ашық  көрінсе,  кей  сәттерде  кейіпкерлер 
әрекетінің астарына ой жүгірту арқылы ашылады.Мәселен, Ер Тарғынның: «Еділдің ар жағына, 
                                                              Аттанбадым олжа үшін, 
                                                              Сыңсып жатқан мал үшін, 
                                                              Аттанғаным кәуірге, 
                                                                 Атамның ежелден ескі кегі бары үшін!»- деген сөзінде жыр 
идеясы  ашық  айтылса,  «Алпамыс  батырда»  қаһарманның  хас  дұшпаны  Тайшық  ханның  қызы 
Қаракөзайымның  Алпамысқа  достық  ниетпен  қол  созуын,  «Ер  Тарғында»  хан  қызы  Ақжүністің  тегі 
төмен болса да Тарғынды таңдауын көрсетудің негізінде де отаншылдық идеясы жатыр. Демек, мектеп 
бағдарламасында  оқытылатын  батырлар  жырын  өту  барысында  Отанды  сүю  идеясының  мейлінше 
жан-  жақты  ашылуына  баса  зер  салу  қажет.Жырдың  басты  идеясын  жете  ашу  арқылы  жас  ұрпақ 
бойында Отанға,туған ел,жерге деген құрмет сезімін қалыптастыруға, отаншылдық рухта тәрбиелеуге 
толайым мүмкіндік туары сөзсіз. 
  
Халық  қаһарманы  Бауыржан  Момышұлы  «Соғыс  психологиясы»  атты  еңбегінде:  «Ұлттық 
мақтаныш сезімі дегеніміз- белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі,белгілі бір немесе басқа ұлт 
адамының  жеке  мақтаныш  сезімі,  белгілі  бір  немесе  басқа  бір  ұлт  адамының  көптеген  мақтаныш 
сезімінің  жиынтығы  болып  табылады,ұлттық  мақтаныш  сезімі-  әрбір  ұлт  адамдары  үшін  бұзылмас 
заң.Кімде- кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол сөзсіз барып тұрған арамза,отансыз 
қаңғыбас»,-дейді.Ұлтжандылық 
адам 
бойындағы 
ұлттық 
рухтың 
көрініс 
табуы,Бауыржан 
Момышұлының сөзімен айтсақ: «Ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие,өз ұлтыңды тануға көмектеседі,ол 
бізге осы асыл қасиеттерді дамыта түсу үшін қажет,осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз 
халқының  және  ең  алдымен  халықтардың  бауырластығы  алдындағы  өз  борышын  терең  де  жоғары 
сезінеді». 
Ұлттық  мақтаныш  қай  ұлтқа  болса  да  тән.Оған  ешкімнің  күмәні  жоқ.Ол  мақтаныш  көбінесе 
әдебиет,өнер,мәдениет,ғылым т.б.  салалардағы  мақтануға  тұрарлық  дарынды  адамдардың  еңбегімен 
өлшенеді.Ұлттық  сезім  ғасырлар  бойы  қалыптасып  халқымыздың  қанына,тәніне  әбден  сіңген.Жас 
ұрпақты  ұлттық  сезімді  қастерлеуге  үйрету  әрқайсымыздың  қасиетті  борышымыз  деп  білемін.Ұлттық 
сезімді қастерлеу дегеніміз- ұлтыңды,халқыңды жан- тәніңмен сүю,соған шын берілгендік,оның өрлеп 
дәуірлеуіне,көркеюіне  күш-  жігеріңді,біліміңді,  еңбегіңді  аямай  жұмсап,үлес  қосу.Ұлтжандылық- 
ұлтыңды  сүю,туған  жеріңді,аялау,қастерлеу,халықтың  мәдениетін,әдебиетін,тарихын,аяулы  ұл- 
қыздарын  мақтан  тұту,дәстүрді  қастерлеу,қадірлеу.Қазағым,халқым  деп  көкірегі  қарс  айырылған  өз 
ұлтының  бостандығын,жарқын  болашағын  көксеген,сол  жолда  күрескен  бабаларымыздың  тағдырын 
танып білу арқылы тарихымызды таразылау. 
Жас  ұрпақ  ұлтжанды  болып  өсуі  үшін  өзінің  ана  тілін,  сол  тілде  жасалған  халқының  баға 
жетпес  бай  мәдениетін,  рухани  қазынасын  меңгеруі  шарт,  ата-  баба  дәстүрінен  нәр  алуы 
тиіс.Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де 
жоғалады»,-деп бекер айтпаған болар. 
Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  тәлім-  тәрбиенің  белгілі  жүйесінде  жас  буын  жадына 
біртіндеп  сіңіріп  отыратын  арнаулы  жолдар,тиісті  тәсілдер  болған.Мәселен,  мақал-  мәтелдерде 
адамгершілік,имандылық  тәрбиесіне  байланысты  әр  әдет-  ғұрыптар  насихатталса,  жұмбақтар  мен 
айтыстарда – ақыл- ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда эстетикалық тәрбиенің негізгі принциптері, 
ал  ертегілер  халықтық  тәрбиенің  сан  алуан  мәселелерін  қозғайтын  тәлімдік  материал  ретінде 
пайдаланылған.  Ең  негізгі  мақсат  ұлттық  тәрбиеге  бағыттау  болып  табылады.  Жас  ұрпақты  сан 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  халықтық  тәрбие  негізінде  тәрбиелеу  шарттылығы  алға  тартылғанда, 
халқымыздың мәдени- рухани қазынасымен сусындаған Абай мұрасының шоқтығы биіктігін аңғарамыз. 
Абай  тағылымы  әр  жанның  жүрегінен  мызғымас  орын  алғанда  ғана  ұлтымыздың  көркейе  түсері, 
таным,ой- сана деңгейінің асқақтайтыны даусыз. 
Абай  жиырма  бесінші  сөзінде  «орысша  оқу  керек» деп  жазды  да,  соңыра  «залалынан  қашық 
болу керек» деп ескертуді ұмытпайды. Абай айтқан залал- өз тілінен безіну, өз ділін,дінін тәрк ету, ата 
салтынан  ажырау  қаупі.  Елін  шексіз  сүйген  ұлы  ақын  игілікті  өмірге,  өркениеттілікке  ұлттық  бірлік 
арқылы ғана жетуге болатынына елдің көзін жеткізуге тырысқан.  
Тарихты  білу,  алдымен,  өзіңнің  өмір  тарихыңды,туған  өлкеңнің,туған  халқыңның,  еліңнің 
тарихын оқып үйренуден басталады.Ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың «Тарихты білмей 
өткенді,қазіргі жағдайды  білу,келешекті  болжау  қиын  »  деген  тұжырымы  тарихтың  тұңғиық  тереңіне 
бойлаудың  тарихи  заңдылық  екенін  сездіргендей.  Тарихымызды  таразылау  арқылы  халқымыздың 
қасиетін  ұсынып  қоймай,  қасіретін  де  сезінеміз.  Ақын  Мұхтар  Шахановтың  сөзімен  айтсақ  «Тарихты 
білмеу  -  тамырсыздық»  .  Әдебиет  пен  тарих  –  егіз  ұғым.  Әдебиет  сабағы  арқылы  оқушының  тарихи 
таным көкжиегі кеңейе түседі.  

154 
 
Еліміздің  тарихында  жариялылық  пен  демократия  салтанат  құруының  нәтижесінде  еліміз 
егеменді,  тіліміз  мемлекеттік  болғалы  бері  ана  тілімізді  құрметтеп,  қазақ  әдебиетін  жан-  жақты 
қырынан  ашып,  талдап  оқыту,  тарихпен  ұштастырып  оқыту  оқушы  жан  дүниесін  нұрландырып, 
ұлтжандылық  сезімін,  құштарлығын  арттыра  түседі.  Әл-  Фараби  бабамыздың  пайымдауынша:  «Әке 
баласы үшін қандай жауапты болса, әр халық өз тарихының алдында сондай жауапты ». 
Жас  ұрпақты  тәрбиелеудің,  оқытудың  басты  мақсаты  –  оның  бойына  ұлттық  діл-болмысты, 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  сіңіру,  әлемдік  өркениеттің  бағалы  ой-пікірлерін  насихаттау. 
Баршамызды да ана тіліміздің көсегесін көгертіп қолдану аясын кеңейту мемлекеттік тілдің қамы, туған 
тіліміздің тылсым иірімдеріне деген құмарлық толғандырары аян. Оның үстіне елдің үкілі үмітін артып 
отырған ұрпақ тәрбиесінің аясында жүргендіктен, менің де сол салаға өзімше үлес қосу міндетім, қала 
берді борышым деп санаймын. 
     
Қазақ  табиғатынан  ділмар,  шешен  халық.  Шешендік  нақылдар  мен  толғаулар-ділмар  ата-
бабаларымыздың    алтыннан  соққан  сөз  сарайы,  тіл  маржаны,  ақыл-ойдың  дариясы,  қасиетті  ата-
бабамыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Бүгінгідей нұрлы күнге қол жетіп 
отырғанда  осындай  ұлы  мұраларымызды  үлгі  етіп,  ұрпақ  санасына  сіңіріп  бойларына  дарыта  баулу 
қоғамның басты мақсатына айналып отырғандай. 
      
Халықтағы «ақылды  адам сөзді  нақылсыз айтпайды, бір айтпаса нақылды ақылсыз айтпайды» 
деген тұжырым бары белгілі.Осы ретте сөз құдіретінің діңгегі, алтын тағы бұл шешендік сөздер яғни 
шешендік  өнер  десек  қателеспеспіз.  Сондай  діңгек  пен  тақты  ұрпақ  тәрбиесі  мен  болашағына 
қатыстырмау мүмкін бе?! Осындай толғамнан кейін менде осы тақырыпты ойға алдым. 
  
5-  сыныптағы  тұрмыс-салт  жырлары-төрт  түлік  туралы  оқығанда  түліктің  пірлері  қой-шапан 
ата,жылқы-қамбар  ата,сиыр-зеңгі  баба,түйе-ойсыл  қара,ешкі-шекшек  ата  деп  оқыдық.Пір  дегенді 
түсіндіру,мағынасын ашуда Досбол шешеннің (Баймұрат) 
   Кедейдің пірі – қалтақ ата 
   Ұрының бірі – жалтақ ата 
   Шебердің пірі – тепшім ата 
   Кәрінің пірі – кекшіл ата 
   (деген сөзін пайдаландым, түсініп беру). 
5-сыныптағы  Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» 
   мысалын оқығанда Бала бидің: 
   Жерден ауыр дегенім-ақыл,білім 
   Судан терең дегенім-оқу-ғылым 
   Оттан ыстык дегенім-фәни жалған, адамның өмірі. 
   Көктен биің дегенім-тәкаппардың көңілі, - шешендігімен байланыстырдым. 
Көркем  сөз  –  көрікті  ойдың  көрінісі  десек,  аса  құнды  сөз  құнарлы  ойдан  ғана  туады.Сөз  бен 
ойдың  бірлігі  өмірлік  нәрлі  тіл  болып  табылады.Сөз  өнері  адамның  ойын  өрістетіп,  сезімін 
сәулелендіреді.Осы  тұрғыдан  алғанда  сөз  өнерінің  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  маңызы  ерекше.Сөз 
өнерінің  құдіреті  арқылы  талғамы  биік,  ойы  ұшқыр  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелейміз.Сондықтан 
ұлтжандылық тәрбиеге өнер мектебіндегі терең білім мен іс- тәжірибе арқылы қол жеткізуге болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет