Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39

 
 

155 
 
3-СЕКЦИЯ 
 
ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
 
КРАЕВЕДЕНИЕ И ТЕХНОЛОГИЯ ОБУЧЕНИЯ 
 
ӨЛКЕ ТАРИХЫНЫҢ ТАРЛАНЫ 
 
Танатарова Ж.Т. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Туған  өлке  тарихының  түйткілдерін  толық  тарқату  бүкіл  Қазақ  тарихымен  тұтасқанда  ғана 
ұлттың  жасампаздық  рухы  екі  есе  асқақтайды.  Өлке  тарихын  –  Отан  тарихынан  бөліп  қарауға 
болмайды.  Осы  жолда  ұзақ  жылдар  бойы  жұмыс  жасап  жүрген  белгілі  ғалым,  көрнекті  тарихшы, 
ұлағатты  ұстаз,  Қазақстан  Республикасы    Қоғамдық    Ғылымдар      академиясының  академигі,    тарих 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Хисмет    Бозанұлы  Табылдиев  ағамыз  .  1936  жылы  Хисмет 
Бозанұлы Махамбет ауданының Бесікті ауылының іргесіндегі Қарасу көлінің жағасында дүниеге келген. 
Балалық  шағы    Ұлы  Отан  соғысының  сұрапыл  жылдарына  дәл  келген  Хисмет  бар  қиыншылықты 
бастан  өткерді.  Қаршадайынан  еңбекке  араласып,  өзек  талмас  үшін  өзен  жағалап  балық  аулап, 
атшоңқай  деген  өсімдікті  азық  етіп,  соғыстағы  жауынгерлерге  киім  кешек  жіберіп  ауылдағы  бала 
шағаға қарасу сияқты міндеттерді атқара жүріп, есейген  ұрпақ өкілі.  
1957  жылы  Атырау  қаласындағы  Орджоникидзе  атындағы  орта  мектепті  бітірген  соң, 
Алматыдағы  Абай  атындағы    қазақ  педагогикалық  институтының  (КазПИ)  тарих  филология  
факультетіне оқуға түседі. Мектепте жүргеннен әртүлі тақырыптарға мақала жазып, қаламы ұшталған 
ол институт  студенттерінің  қоғамдық өміріне бел шеше араласып, ізденумен машықтану мектебінен 
өтеді.  1962  жылы  институтты  жақсы  аяқтаған  Хисмет  Бозанұлы  Гурьев    педагогикалық  институтына 
оқытушылық    қызметке  шақырылады.  Сонан  бері  бүгінгі  күнге  дейін  оның  бүкіл  еңбек  жолы  мен 
ғылыми  қызметі  осы  институт  негізінде  құрылған  Х.  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетімен  тығыз  байланыста  өттуде.  Ғылыммен  айналысуды  мақсат  етіп  Мәскеу,  Санкт-
Петербург, Орынбор, Алматы, Атырау мұрағаттарын тынбай ақтарды. 
Осының  нәтижесінде  1972  жылы  Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих  және  археология  ғылми-
зерттеу  институтында    академик  Салық  Зимановтың  ғылми  жетекшілігімен  «Гурьев  қаласының 
тарихы»  атты  тақырыпта  кандидаттық  дисертациясын  қорғап,  Атырау  қаласының    өткені  мен  бүгіні 
туралы көптеген  деректерді ғылми айналымға шығарды. 
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты Отан тарихын терең әрі жан-жақты зерттеу мәселесі 
тұрды.  Осыған  байланысты  Х.  Табылдиев  алғашқылардың  бірі  болып,  тарихтағы  ақтаңдақтар 
мәселесін зерттеуді қолға алды. 1997 жылы академик М.Қозыбаевтің кеңесімен  тарих ғылымдарының 
докторы  дәрежесін    алу  үшін  «Қазақстандағы  сауатсыздықты  жою:  тарихи  тәжірбие  және  тағлым» 
деген  тақырыпта  диссертация  қорғады.  Тынбай  ізденістің  арқасында  ғалым  профессор,  академик 
дәрежесіне  дейін  көтеріліп,  ғылымның  биік  шыңына  жетті.  Қоғамның  демократиялық  негізінің  бірі 
болған бұқаралық тарихи сананы қалыптастыруға белсенді ат салысып жүрген тарихшы 
 Сауатсыздықты  жою  қиыншылықтарымен  ерекшеліктеріне  ғана  арналған  бірнеше  ғылми 
зерттеулермен  қатар(1).«Ақтаңдақтар  ақиқаты»  атты  мақалалар жинағын    баспадан  шығарды(2). Екі 
томдық  «Боздақтар»  кітабы,  Қазақ  энциклопедиясы  мен  «Атырау»  энциклопедиясында,  «Жеңісті 
жақындатқан  жандар»,    «Отты  жылдар»(3)  атты  және  көптеген  жинақтарда    кәсіби  тарихшының 
пайымдары мен тұжырымдары мен көзмайын тауысқан қажырлы ізденісі жатыр.  
.  Ол  қоғам  қайраткері  санатында  өзінің  бар  күшін  Тәуелсіз  еліміздің    тұғырын  нығайтуға 
атсалысып жүрген азамат- тарихшы.  
Сонымен  қатар,  басшылық    қызметте жүрген  кездерінде  де    ел тарихының  ақтаңдақ  беттерін  ашып, 
оларды  жаңаша  бағалап,    елдіктің,  тәуелсіздіктің талабы  тұрғысынан  қайта  бағалауда  өзінің  іскерлік 
қабілетімен,  кең  білімімен,  үлкен  ұйымдастырушылық  еңбегімен,  қаламының  ұшқырлығымен 
жұртшылыққа кеңінен танылды.  
Кейінгі  жылдарда  ғалымның  зерттеу  еңбектеріне  1918-1930  жж.  ұлттық-мемлекеттік 
құрылыс,тағдыры    Кеңес  өкіметінің  Қазақстандағы    мәдени-ағарту    реформалары,  республикадағы 
қоғамдық-саяси өмір мәселелері енді. 1990 жылдардың бас кезінде қоғамдық-саяси өмірдегі түбегейлі 
өзгерістерге байланысты Қазақстанның тарих ғылымында да бетбұрыс кезеңі басталды. 
Қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  алдында  өткен  тарихи  жолды  жаңа  тұрғыдан  зерделеу  міндеті 
тұрды.  Бірінші  кезекте  Қазақстан  тарихындағы  «ақтаңдақтарды»  жою,  халықтың  мәдени  мұрасын 
жаңғырту  бағдарламасы  жасалды.  Сол  кезеңнен  бастап,  Хисмет  Бозанұлы  Қазақстан  Республикасы 
тарихының өзекті  мәселелерін  зерттеуге  зор  үлес қосып  келеді.  1996  жылдары жарық  көрген    «Кіші 

156 
 
жүз  руларының шежіресі» атты еңбегінде көне заманнан бүгінге дейінгі қазақ халқының мекендеген 
жерлерін  анықтап,  Қазақ  мемлекетінің  тарихы    сонау  сақ,  ғұн,  түркі  кезеңінен  бастау  алатынын 
толыққанды  Ұлттық тарихты зерделеу  ру-тайпалар тарихын түгендеуден басталатынын сол  кезде- 
ақ  жазады. Х.Табылдиев пен А. Қалмұратовтың 1994 жылы жарық көрген «Кіші жүз рулары (шежіресі 
мен тарихы)»  өлке  тарихын  зерттеуге  қосылған  cүбелі  еңбек(4)  деп  атауға болады.  Кіші  жүз  рулары 
жайлы еңбекті жазу барысында осы кезге дейін көпшілікке ұзынсонар аты ғана еміс-еміс белгілі, бірақ 
көзге  көрінбей  келген  ХVІІ  ғасырда  Тәуке  хан  жарлығымен  жазылған  шежіре-кітап,  Жетірулық 
Нұрпеке  халпе  шежіресі  авторлардың  ой  елегінен  өтті.  Тәуке  ханның  шежіре  кітабы  жайлы,  ондағы 
қазақ руларының түп-төркінінің баяндалуы жайлы біршама мәліметтер берілген. 
 
Аталмыш еңбекті даярлау барысында авторлар шежірешілердің қалыптасқан дәстүрінде қалып 
қоймай,  оған  өзіндік  бағыт-бағдар  белгілеп,  оқушы  назарын  ең  алдымен  жалпы  адамзат  тарихы 
жөніндегі діни, ғылыми, ауыз-екі шежірелік бұлақтар дәйектеріне аударуға тырысқан. 
 
Кітапта  қазақ  халқының  ұлт,  халық  болып  қалыптасуының  ру,  тайпа,  ұлыстар  тарихымен 
байланыстылығын әңгімелей отырып, халқымыздың тегін түзеген тайпалар атауының этимологиясына, 
олардың мекендеген географиялық орнына, басынан кешкен уақиғаларына байланысты мәліметтер де 
келтіреді.  Сонымен  қатар  қазақ  руларына  байланысты  шежірелік  деректер  салыстырмалы  түрде, 
бірнеше  шежірелік  нұсқалар  мен  ауыз-екі  деректердің  мәліметтеріне  сын  көзімен  қарай  отырып 
тұжырымдайды. 
 
Алшындар деп аталатын кіші жүз руының қалыптасуы мен ол рудан шыққан атақты тұлғалар 
жайында  танымдық  деректерге  де  орын  беріп,  көп  ретте  бұрын  көпшілікке  белгісіз  есімдер  мен 
деректерді ғана айналымға енгізуге ұмтылған. Сондай-ақ, Кіші жүз руларының жалпы саны жөнінде де 
нақтылы мәліметтер келтірген. 
 Бұл  еңбегінен  ғалымның    жастарға  тарихи    білім  беру  мәселесіне  жанашырлық  танытқанын 
байқауға  болады.  Тарихшылар  ғана  емес,  қарапайым  кез  келген  қазақ  мектепке  барып  жүрген 
балаларына оқытылатын әр дүниеге алаңдайды. Ал осының ішінде баласының өз елінің, жерінің, туған 
мекенінің тарихын білу, ата-бабасының жауынгерлік, батырлық рухын сезініп өсуіне септігін тигізетін 
Қазақстан тарихының үлесі басым. Ұлттық идеология да тарихты танудан басталады. Өлкетану – бұл 
тарихпен  тәрбиелеу,  ұлттық  таным  мен  тарихи  есте  сақтау  қабілетін  қалыптастыру.    Туған  өлкеңді 
танып, білу арқылы ғана, оны сүйіп, сақтауға тырысасың. Жас ұрпақ санасында жаңа тарихи көзқарас 
қалыптастыру  мен  оны  насихаттау  баршамыздың  міндетіміз.  Х.Бозанұлы  Атырау  облысы,  Атырау 
қаласының  тарихын    жазу  ісінде  де    бастама  көтеріп  жүр.  Жоғарғы  оқу  орындары  мен  мектепте 
оқытылатын  тарихтың  міндеті  -  тарихтың  жарқын  беттерін,  адамзат  өркениетіне  қосқан  қомақты 
үлесін  сипаттауға  мейлінше  көп  орын  бере  отырып,  жастарды  отаншылдыққа  тәрбиелеу,  сондықтан 
мектеп,  жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  оқулықтарға  енгізілетін  материалдарды  іріктеуге  мұқият 
қарау  қажеттігіне  баса  назар  аудару  қажет  дейді.  Ғалымның  зерттеу  ауқымы  барынша  кең,  әрі  сан 
салалы,  Қазақстан  тарихының  әртүрлі  кезеңдеріне  арналып,  тың  тақырыптарды  көтерген,  күрделі 
мәселелерді  қозғаған,  олардың  шешілуіне  өз  пайымдауларымен,  ой-тұжырымдарымен  үлес  қосты. 
Ғалымның  қаламынан  5  монография,  200-ден  астам  мақалалар  жарық  көрді.  Отандық  ғылымға 
сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасының орден, медальдарымен марапатталды. 
Хисмет  Бозанұлы  жоғары  білікті  ғылыми  кадрлар  даярлау  ісіне  зор  көңіл  бөліп  келді.  Оның  ғылыми 
жетекшілігімен бірнеше   кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. 50 жылдан астам уақыт 
Х. Досмұхамедов  атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Қазақстан  тарихы» кафедрасында  
оқытушы профессор қызыметінде жүріп,  магистранттарға дәріс оқуын әліде жалғастыруда 
Қорыта  айтқанда,  құрметті  ұстаз,  академик  Хисмет  Бозанұлы  сөйтіп  көп  ізденіс  пен  еңбектің 
арқасында  өлке тану тарихының басында тұрған ғалым, тарихшы. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Табылдиев Х.Б. Сауатсыздықтың білім шыңында. Алматы. Өлке.  
2. Табылдиев Х.Б. Сауатсыздықтың жойылуымен оның қорытындысы.Алматы.Ғылым,1996. 
3.  Табылдиев  Х.Б.  Қазақстанда  сауатсыздықты  жоюдағы  қиыншылықтармен  ерекшкліктер.  Алматы. 
Ғылым. 1997. 
4. Табылдиев Х.Б., Нығметов Ғ.Н. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы. Өлке.1999. 
5. Табылдиев Х.Б. Боздақтар. Алматы.т.1.41-54бб. 
6. Табылдиев Х.Б. Боздақтар. Алматы.т.2.2-41бб. 
7. Табылдиев Х.Б., Қалмұратов А. Кіші жүз рулары: Шежіресі мен тарихы, Алматы.1994. 
 
 
 
 
 

157 
 
ӘОЖ. 639.2/3(574.1) 
 
БАЛЫҚ КӘСІПШІЛІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 
 
Меңдігереев К.Б., Бердіғожин Л.Б. 
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
XIX  ғасырдың  II  жартысында  Каспий  аумағындағы  балық  кәсіпорындары  әр  түрлі  және  кең 
көлемді  балық  өңдейтін  жерлерді  иеленді.  Каспийдегі  балық  және  итбалық  кәсіпшілігінің 
Басқармасына  қарайтын  бүкіл  аймақ  19  бекет  бөлімшесіне  бөлінді.  Оның  9-ы  өзендікі,  қалған  10-ы 
теңізге кірді [1]. 
Теңіздегі  бекет  бөлімшелерінің  5-і  қазіргі Қазақстанның  аумағына кірді.  Солтүстіктен  оңтүстікке 
қарай  жылжыған  балықшылар  өзендердің  сағаларынан  құнды  болып  табылатын  балықтардың  мол 
қорларына кездесіп қалып отырды. 
Балықтарды аяусыз аулаудың, әсіресе, уылдырық шашатын уақыттарда үлкен аулармен аулануы 
балықтардың теңізге қарай кетуіне себеп болды. 
Өзендерде  балық  аулау  көбінесе  суларды  иелену  шарттарына  байланысты  болған.  Тарихи 
қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  өзендердің  жағалауларына  иелік  жасаушылардың  бәрі  бірдей 
балық аулау құқығын ала бермеген. 
Яғни,  балық  аулайтын  жерлерге  біреулері  иелік  жасаса,  ал  онда  балық  аулауды,  екіншілері 
ұйымдастырған.  1900-1901  жылдары  Мемлекеттік  мүлік  және  жер  өңдеу  министрлігі  бұл  мәселені 
шешуге  тырысады.  Министрлік  көп  жағдайларды  салыстырмалы  түрде  қарастыра  отырып,  бұдан 
былай  балық кәсіпкерлеріне  жалға  берілетін жерлер  және одан  балық  аулайтын  уақыттары жылдың 
бір мезгілінде белгіленіп жалпы мерзімі, алты жылға ғана аулау құқығын берді. Егерде келісім-шарттар 
бұзыла  қалған  жағдайда,  жерді  иелену  де,  одан  балық  аулау  уақыты  да  бір  мезгілде  тоқтатылатын 
болды [2]. 
Дегенмен,  Каспий  теңізі  мен  оның  аумағындағы  өзен-көлдердің  басым  бөлігі  қазыналық  болып 
есептелді.  Қазына  1895  жылы  бұл  жерлерді  144  бөлікке  бөліп  тастады.  Оның  125-ін  аукцион  өткізу 
арқылы  жалға  берсе,  ал  қалған  19  бөлігін  үздіксіз  бақылауда  ұстады.  Ал  қалған  балық  аулайтын 
жерлер жекелердің, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың иелігіне қалдырылды. 
Сол  кездегі  жекеменшік  иелері  мыналар  еді:  Жайық  казак  әскерлері,  қалалық  және  селолық 
қауымдастықтар,  сондай-ақ  әр  түрлі  деңгейдегі  жеке  тұлғалар.  Соның  ішінде  шаруалар,  мещандар, 
көпестер.  Осылардың  арасынан  «Ағайынды  Сапожниковтар»  мен  Ф.И.Базилевскойдың  фирмалары 
ерекше байып шықты. 
Мысалы, «Ағайынды Сапожниковтар» фирмасы 16730 десятина немесе 161 шаршы верст балық 
аулайтын суларды иеленсе, Ф.И. Базилевскийдың фирмасы 29064 десятина немесе 279 шаршы верст 
болатын  аумақты  иеленді.  Екі  ірі  иелікте  Жайық  өзенінің  Каспий  теңізіне  шығатын  атырабында 
орналасып, сапалы түрде балық аулайтын орындарды қамтыды [3]. 
Жалға алушылардың қатарын, негізінен көпестер, казактар, шаруалар құрады. Олар теңіз және 
өзен  суларының  көптеген  бөлігін  жалға  алған  соң,  оларды  қайтадан  жекелерге  қымбатына  жалға 
беріп отырған. Сондай-ақ жалдамалылар теңіз және өзен суларын жалға алғаннан кейін маңайындағы 
шаруаларды ығыстыра бастайды. 
Қысымға  шыдамаған  село  шаруалары  1900-1906  жылдары  Каспийдің  балық  және  итбалық 
кәсіпшілігі  жөніндегі  Басқармаға,  содан  кейін  жер  иелену  және  жер  өңдеу  Басқармасына 
шағымданумен  болады.  Шаруалардың  шағымдарының  дерлігі  жалға  алушылардың  қысымына  деген 
наразылықтар,  теңіздегі  балық  аулайтын  билеттің  қымбаттауы,  астықтың  шықпай  қалуы,  сондықтан 
балық  аулайтын  мемлекеттің  меншігіндегі  бөліктерді  аукционсыз  жалға  берілуін  талап  етуден  тұрды 
[4]. 
Осыған  байланысты,  1906  жылы  Мемлекеттік  жер  мүліктерінің  департаменті  Жер  өңдеу 
департаментіне  былай  деп  хабарлайды:  «Департаменттің  ұйғарымы  бойынша  Каспийдің  балық  және 
итбалық  кәсіпшілігі  жөніндегі  Басқарма шаруаларға  мемлекет меншігіндегі  балық  аулайтын  жерлерді 
ешқандай  сауда-саттықсыз  жалға  беруге  рұқсаттың  қажеті  жок.  Өйткені  1903  жылы  шыққан  ауыл 
шаруашылық Жарғысының 771-ші бабында көрсетілгендей шаруаларға бұл жерлер ешқандай шартсыз 
жалға беруге болады» [5]. 
Қазына  суларын  жалға  алған  село  шаруалары  да  көп  жағдайда  басқаларға  қайтадан  жалға 
беріп, өздері ауыл шаруашылығымен айналысқан. 
1883  жылы  қабылданған  кондиция  деп  аталатын  сауда  шарттарында  үкімет  теңіз  және  өзен 
суларын  жалға  алушыларға  өздерінің  қайықтарын  қоюға  және  құрал-саймандарын  кептіру  үшін 
жағалаудан  он  саженге  (21  метр)  дейінгі  жерлерді  пайдалана  алды.  Бірақ  ондағы  шөптерді  шабуға 
рұқсат берілмеді. Алайда патша үкіметі орыс шаруаларының мүдделерін қорғауға тырысып бақты. 

158 
 
Дегенмен  кондицияның  9  бабында  үкімет  шаруаларға  тиесілі  жерлерден  көктемгі  тасыған    су 
қоймаларын  алып,  оны  балықшыларға  жалға  берді.  Шаруалардың  азығына  пайдалану  үшін  тек  он 
саженге дейінгі аралықта қабыршақ тұқымдас балықтарды аулауға рұқсат берді [6]. 
Теңіз және өзен суларынан балық аулағандықтан жалға алушы қазынаға келісімді салық төлеп 
тұрды.  Балық  және  итбалық  кәсіпшілігі  жөніндегі  Басқарма  балық  аулауды  қоғамдық  бақылауға 
алғанына кеткен шығындардың орнын жабуға да белгілі бір пайыз ұстап тұрған. 
Қазынаның  қандай  да  болмасын  шығындарға  ұшырамас  үшін  жалға  алушы  жарты  жылдық 
салығын алдын ала ақшалай кепілдеме ретінде үкіметке беріп отыруға мәжбүр болған. Бұл сома жалға 
алушының  мерзімі  біткенге  дейін  Басқармада  сақталған.  Сонымен  қатар  үкімет  жалға  алынған 
бөліктерді қазынаның қажеттілігіне кез-келген уақытта алып қою құқығын иеленген. Ал жалға алушы 
болса ешқандай наразылығын білдіре алмаған, тек төленген салығын қайтара алған [7]. 
Жайық  казак  әскерлерінде  балық  аулаудың  өзіндік  ерекшеліктері  қалыптасты.  Балық  аулау 
жаздық  және  қыстық  болып  екіге  бөлінді.  Жаздық  балық  аулау  15  наурыздан  15  қарашаға  дейін 
созылып  теңіз  және  өзен  сулары  жалға  беріліп  тұрды.  Қысқы  балық  аулау  15  қарашадан  бастап  15 
наурызға дейінгі мезгілді қамтып балыққа бүкіл станица және команда болып шықты. 
Жайық  өзенінің  сағасында  орналасқан  казак  станицаларында  балық  аулау  негізгі  кәсіп  болып 
табылды  және  жеке  кәсіпкерлермен  бәсекеге  түсіп  отырды.  Казактар  көктемдегі  балықты  өздерінің 
және  жалға  берген  суларынан  аулады.  Өздеріне  тиісті  өзен  суларын  жалға  берген  кезде  казактар 
көктемде одан қалтқылы аумен аулау құқығын сақтайтын еді [8]. 
Жалпы алғанда әскери қорға жалға беруден жыл сайын 96-97 мың сом ақша түсіп тұрған. Балық 
аулау  кәсібі  XIX  ғасырдың  аяғында  балық  өндірісінің  өндіру  және  өңдеу  сияқты  екі  саласын 
қалыптастырады.  Яғни,  балық  кәсіпшілігі  дамуының  нәтижесінде  бірінші  жағынан  өндіру  кәсібінің 
өңдеу  және  сату  кәсібінен  бөлінгені  байқалса,  екінші  жағынан  жақын  және  алыс  рыноктарға 
балықтарды сатуды жекелеген ірі өндіріс иелерінің жүзеге асырғанын көреміз. 
Теңіз және өзендердегі тең емес жағдайдағы балық аулау дәстүрлері қалыптасқандықтан, онда 
бір-біріне  ұқсамайтын  әр  түрлі  қатынастарды  орнатады.  Өзендегі  балық  аулау  кәсіпшілігінде  өзіне 
бірнеше балықшылар мен жұмысшыларды жалдап, оларға барлық жұмыстарын орындататын ірі балық 
өндіріс иесімен қатар жаңадан аулаған жас балығын рынокке өткізіп, өзіне-өзі қожайын ұсақ балықшы 
болған. 
Теңізде  балық  аулаудағы  еңбек  ақы  бөлінді.  Теңіз  балықшысы  ауланған  балығын  жағалаудағы 
ватагада  өңдеу  үшін  алыпсатарға  немесе  балық  өндіріс  иесіне  өткізген.  Теңіз  жағалауында  негізінен 
қызыл балықты өңдейтін балық өндіріс орындары көп болса, өзендердің жағалауы болса, қабыршақты 
тұқымдас балықтарды тазалайтын батағалардан тұрған. 
Жағалаудағы  өндіріс  орындарын  құру  және  оны  сақтап  тұру,  оған  жұмысшыларды  жалдау  көп 
қаражатты қажет етті. Сондықтан балықтарды өңдеу тек қана ірі және орташа кәсіпкерлердің қолынан 
келді.  Кейбір  кездері  өзен  балықшылары  ауланған  балықтарын  өздері  өңдейтін.  Алайда,  олардың 
балықтарын алыпсатарлар сатып алғандықтан рынокке бірден түспейтін. 
Теңіз  балықшылары  жағалаудан  алыс  жерде  балықты  аулаған  кезде  оны  арнайы  өндіріс 
қайықтарында  тұздаған.  Астрахандық  рынокта  мұндай  әдіспен  тұздалған  балықтардың  құны 
жағалауда дайындалған балықтын бағасынан кем түсетін [9]. 
Теңіз жағалауына жақын суларда ауланған балық жаңа күйінде жағалаудағы өндіріс орындарына 
жеткізіліп,  сол  жерде  жалдамалы  балықшылар  өндіріс  иелеріне  алдын-ала  белгіленген  көтерме 
бағамен немесе еркін балықшылар оларға нарықтық бағамен өткізеді. 
Алайда, көбінесе өндіріс иелерінің қойған бағалары балықшылардың көңілінен шықпағандықтан 
ортаға алыпсатарлар араласады. Алыпсатарлар өздерінің кемелерімен теңізге шығып балықшылардың 
ауланған  балығын  сатып  алып,  сол  арада  балықтарды  өңдейтін  болған.  Мұны  білген  жағалаудағы 
өндіріс  иелері  кемелерін  теңізге  жіберіп  жалдамалы  және  еркін  балықшылардың  өнімдерін  сатып 
алып, келген кемелерінде балықтарды тазалап, алыпсатарлармен бәсекеге түскен. 
Алыпсатарларда  бәсекеден  қалыспай  балықшылардың  жаңа  балығымен  қоса  жартылай 
өңделген  өнімді  де,  кейін  дайын  балық  өнімдерін  қабылдайтын  болған.  Осылайша  теңіздегі 
балықтарды көптеп сатып алушылықтың дамуы және алыпсатарлар мен жағалаудағы өндіріс иелерінің 
арасында  болған  бәсекелестіктің  нәтижесінде  балық  өңдейтін  қозғалмалы  өндіріс  орындары  пайда 
болды. 
Теңізге  шыққан  өндіріс  орындары  кемелері  өндірушілерге  жақын  жерде  жүзіп  жүрді. 
Жылжымалы теңіз өндіріс орындары әсіресе, XX ғасырдың басында қабыршақты балық тұқымдастарын 
аулауды дамытқан кезде күшейеді. 
Сол  уақыттары  балық  тұздайтын  бөлмелерімен  қатар,  мұздықтар,  балық  аулайтын  құрал-
саймандарды  сақтайтын  қоймасымен  бірге,  жұмысшыларға  арналған  казарма,  асхана,  наубайхана 
және фельдшерлік бөлмесі бар тұтас жүзетін өндіріс орындары пайда болды. 1894 жылы дәл осындай 
екі баржы болса, 1913 жылы олардың саны 8-ге жеткен [10]. 

159 
 
Өзендерде  балық  өнімдерін  өңдейтін  өндіріс  орындары  болған.  Оларды  өзен  батағалары  деп 
атаған.  Батағалар  бөлмелерінің  құрамына  балық  өнімдерін  қабылдайтын  және  дайындайтын  салдар, 
ұн сақтайтын жәшіктер, мұздықтар, тұзға арналған амбарлар, балықтарды кептіретін және тұздайтын 
бөлмелер, жұмысшылар жататын казармалар, өндіріс орындары әкімшілігінің үйі, монша, емхана және 
тағы басқалары кірді [11]. 
Балық тұздайтын ыдыс өндіріс орынындағы негізгі құрал-сайман болып есептелді. Беті жабылып 
жерде  тұрған  ағаш  кеспектер  лабаз  деп  аталып,  балық  тұздайтын  жылы  бөлменің  рөлін  атқарды. 
Шаруаларды  немесе  казактарды  кіші  стандары  он  шақты  кеспектен  тұратын  лабаздан  тұрды.    Ал      
Ф.И.Базилевский, «Ағайынды Сапожниковтардың» лабаздары жүздеген кеспектерден құралды. 
Әр орташа кеспекте шамамен 30-40 мың торта шабақ немесе ұсақ қабыршақ тұқымдас балықтар 
сиып кеткен. Сонымен қатар барлық өндіріс орындарында бірдей болып келетін балық тұздайтын суық 
бөлмелер болған. Бұл бөлмелер ағаш үй ретінде жерге жартылай көмілген, ішкі жағы үшке бөлінген. 
Бірінші  бөлігінде  мұздықтар  тұрса,  ортасындағы  бөлік  үлкендеу  болғандықтан  онда  астаулар  мен 
жәшіктер  қойылған.  Әр  жәшіктерде  кем  дегенде  75  мыңға  дейін  май  шабақ  сақталса,  астаулардың 
ұзындығы 40-50 саженге (85-107 м) дейін жеткен [12]. 
Өндіріс  орнының  ең  маңызды  құрал-саймандарының  бірі  –  сал  еді.  Ол  бағаналар  арқылы 
жағалаудан  қашықтау  салынғаны  соншалықты,  оған  балық  тиелген  қайықтар  мен  баржалар  да 
жақындай алатын. Салдың жанына қызыл балықтың уылдырығына арналып бөлімше орналасты. 
Ауланған  балықтың  бір  бөлігі  тұтынушыға  тірідей  немесе  мұздалған  күйінде  жөнелтілген,  ал 
қалған  бөлігі  сатуға  өңделініп  тұздалған,  сүрленген  түрінде  жеткізілді.  Сонымен  қатар  саудаға: 
уылдырық, май, желім сияқты балық өнімдерінің басқа да түрлері түскен. 
Теңіз  батағалары  кемелердің  келу  ыңғайына  қарай  аралдар  мен  төбешіктерде,  селолардан 
қашық  емес,  қауіпсіз  жерлерде  орналасты.  Теңіз  жағалауындағы  өндіріс  орындары  өзен 
батағаларынан  айырмашылығы  сонда,  теңіздегі  қызыл  балық  батағаларында  жылы  кеспектер  және 
жұмысшылар мен балықшыларға арналған казармалар болмады, ал қалған тұстары ұқсас келді. 
Каспий  теңізі  мен  оған  құятын  өзендердегі  балық  аулау  сапасының  көтерілуі  өндірістік  және 
транспорттық  кемелердің  өсуіне  әкеліп,  оның  ішінде  механикалық  козғалтқышы  бар  кемелер  жыл 
өткен сайын көбейіп отырды      (2 кестені қараңыз) [13].  
 
Кесте 2  -  Өндірістік және транспорттық кемелердің өтуі 
 
Жылдар 
Кемелердің    саны, 
олардың бағасы 
Оның ішінде 







 
Саны 
Жалпы 
Бағасы 
Желкенді 
ескекті 
Механикалық қозғалтқыш 
 
 
 
 
 
 
Саны 
Бағасы 
Саны 
Бағасы 
1874 
2769 

2769 



1911 
35658 
4541000 
35605 
3994000 
53 
547000 
1913 
55024 
8027000 
54846 
5515000 
178 
2512000 
2  кестеде  көрсетілгендей  балық  өндіріс  иелері  кемелерінің  саны  жылдан-жылға  артқан.  1913 
жылы  бүкіл  балық  өндіріс  иелерінің  флотындағы  кемелердің  жалпы  құны  8027  мың  сомды  құраған. 
Оның  ішінде  бумен  жүретін  кемелері  2512  сом  болып  31  пайызға  жетсе,  кемелердің  қалған  түрлері 
5515 мың сомға жетіп, 69 пайызға жеткен. 
1913 жылғы өзендердегі балық аулау құралдарының бағасына тоқталатын болсақ: онда өзендегі 
балық  өндіріс  иелерінің  құрал  саймандары  825000  сом  тұрса,  балықшылардың  құралдары  720000 
сомды құрап, жалпы бағасы 1545000 сом тұрған. 
Теңіз  балықшыларының  құрал-саймандарының  (аулау  құралдары)  жалпы  құны  4,5  млн.  сомды 
құрады. 1913 жылы балық аулаудың барлық құрал-саймандарының жалпы құны 6045000 сом болды, 
оның:  25  пайызы  өзеннен  балық  аулау  құралдарына  және  75  пайызы  теңіз  құралдарына  тиесілі  еді. 
Барлық аулау флотының құны 6685000 сомға, оның ішінде: өзеннен балық аулау - 655 мың сомға - 9 
пайызға, ал теңізден аулау - 6230000 сомға - 91 пайызға бағаланды. 
Каспий теңізі аймағынан балық өндіру кәсіпшілігінің негізгі капиталының жалпы құны: 
балық өндіріс иелерінде - 8852000 сомды, 
балық аулаушыларда - 12105000 сомды құрады. 

160 
 
Балық өндіру  кәсіпшілігіне  салынған  барлық  капитал  20957  мың  сомды  құраса,  оның 8852  мың 
сомы  (41  пайыз)  ірі  және  орта  балық  өндіру  шаруашылықарына  және  12105  мың  сомы  (59  пайыз) 
балық аулау шаруашылықтарына тиесілі болды. 
Каспий  балық  және  итбалық  өндірісі  басқармасының  бағалауынша  балық  өңдеу  өндірісінің 
барлық негізгі капиталы 1910 жылы - 2717757 сом, В.И.Мейснердің есебі бойынша 3 млн, сом болып 
есептелген [14]. 
Балық өңдеу қарапайым тәсілдермен жүргізілді. Ауланған барлық балық түрлерінің басым бөлігі 
тұздауға жіберілді. Тұздау XVIII ғасырдың аяғынан бастап қолданылған дәстүрлі әдістермен жүргізілді. 
Балық өңдеу саласындағы жалғыз жетістік  алғаш рет инженер Ф.А. Пелль қолданған шабақты салқын 
тұздау тәсілі болды. 
Бұл  тәсіл  бойынша  шабақ  алдымен  тұз  қосылған  мұз  түйіршіктерімен  қатырылып,  сонан  соң 
тұздалатын. Бұл жетістік өндіру кәсіпшілігіне де өз ықпалын тигізді, бұл кезде балықты бүліну қаупінен 
қорықпай  теңізден  аулауға  немесе  сатып  алуға  болатын  еді,  ал  өңдеу  кәсіпшілігінде  шабақты 
дайындаудың сапасын едәуір жақсартты. 
Ірі  мөлшеріне  қарамастан  барлық  балық  өңдеу  кәсіпшілігі  арзан  маманданбаған  жұмыс  күшін 
қолдануға  негізделген  берекетсіз  сипатта  болды.  Барлық  жұмыс  түрлері  машина  мен  механизмдер 
қолданылмай,  қолмен  атқарылды.  Өңдеуде  қарапайым  әдістер  мен  құралдарды  қолданудан  келетін 
шығындар  ескерілмейтін,  өйткені  базарда  тауардың  аз  болуы  оның  сапасын  жақсартуға  ерекше 
талаптар  қойған  жоқ.  Балық  тауарларының  негізгі  көпшілік  тұтынушылары  қала  және  ауыл 
тұрғындарының тұрмысы төмен тобы болды, сондықтан сұраныс тек арзан тауарларға болды. Бірақ, ірі 
өндіріс  орталықтары  мен  шетел  нарықтарының  жас  балықтарға  сұранысының  өсуіне  байланысты 
Астрахан  балық  өндірісі  иелері  балықты  қатыруға  көше  бастады.  1913  жылы  «Ағайынды 
Сапожниковтер»  фирмасы  бірінші  тоңазытқыш  сатып  алса,  Астрахан  қаласында  балық  қатыратын 
және сақтайтын екі тоңазытқыш «Уникон» және (жалпы сиымдылығы 55 мың центнер) «Астраханский 
холодильник» шығарылды. 
Тұздау  арқылы  балықты  өңдеу  ірі  капитал  салуды  талап  етпейтін  болғандықтан  ұсақ  және  ірі 
кәсіпорындарда  да  жүргізіле  беретін,  сондықтан  ұсақ  кәсіпшілікте  ірі  кәсіпшілікпен  бәсекеге  түсу 
мүмкіндігі болды.   Л.И. Гурвич өзінің Каспий аумағын зерттеуінде қазыналық бөліктердегі орналасқан 
кәсіпшіліктерді  Каспий  балық  және  итбалық  өндірісі  басқармасының  1910  жылы  жүргізген  бағалауы 
негізіндегі қуаттылығы бойынша кестесін жасады  (3 кестені қараңыз) [15].  
Кесте  3  -  Балық  кәсіпшілігі  орындарының  негізгі  капиталының  құны  бойынша  топтастырылуы  (1910 
жыл) 
 
Кәсіпшілік құны 
Кәсіпшілік саны 
Барлығы 









 
ө
зен
д
е
 

те
ң
із
д
е
 

К
ә
сі
п

  
  
ш
 і
л
ік
 

Жа
л
п
ы
 
қ
ү
н
ы

С
о
м
 

 
5000 сомға 
дейін 
 
290 
76,2 
154 
69,8 
444 
73,7 
564520 
21 
5 мыңнан 10 мыңға 
дейін 
44 
11,5 
48 
21,7 
92 
15,3 
699770 
26 
10 мыңнан 15 мыңға 
дейін 
19 
5,0 
14 
6,3 
33 
5,5 
418940 
15 
15 мыңнан 20 мыңға 
дейін 

1,8 

1,4 
10 
1,7 
183566 

20 мыңнан 25 

1,6 

0,4 

1,2 
172281 










25 мыңнан 30 мыңға 
дейін 

1,3 



0,8 
162530 

30 мыңнан 35 мыңға 
дейін 

1,6 

0,4 

1,2 
240150 

3 5 мыңнаы 40 мыңға 
дейін 

0,3 



0,1 
37000 

40 мың және одан 
жоғары 

0,7 



0,5 
239000 

Барлығы: 
381 
100 
221 
 
602 
100 
2717757 
100 

161 
 
 Егер  Басқармамен  5000  сомға  дейінгі  кәсіпшіліктер  ұсақ  қарапайым  типіне  жатқызылып 
бағаланғанын ескерсек, онда 4 кесте бойынша барлық кәсіпшіліктің жалпы санының 73,7 пайызы (444 
кәсіпшілік)  ұсақ  өндіріс  иелерінде  болған,  бірақ  құны  бойынша  олар  тек  21  пайызды  құраған.  5 
мыңнан  10  мыңға  дейінгі  кәсіпшіліктерді  орта  деп  алатын  болсақ,  онда  олар  15  пайызды  (92 
кәсіпшілік)  құрайды, 10 мыңнан жоғары  бағаланған  кәсіпшіліктер  (ірі кәсіпшіліктер)  барлық  санының 
11 пайызын кұрап, бұл екеуі тиісінше құны бойынша 26 және 53 пайызды көрсетеді. 
Бұл  мәліметтер  тек  қазыналық  бөліктерде  орналасқан  кәсіпшіліктерді  қамтығандықтан, 
Сапожниковтердің,  Хлебниковтердің  және  басқа  да  иеленушілердің  ірі  кәсіпшіліктері  (15  балық 
кәсіпшілігі  орындары)  бұл  мәліметтерге  енгізілмеген.  Бұл  кестеде  көрсетілген  мәліметтер  ұсақ  және 
орта  балық  өңдеу  кәсіпорындарының  болғандығын  және  олардың  санының  айтарлықтай  екенін 
көрсетеді,  бірақ  негізгі капиталының жалпы  құны бойынша жетекші  жағдайды  ірі  кәсіпшіліктер  алды 
(53 пайыз болған).  
Балық кәсіпшілігі орындарындағы капитал айналымы бойынша мәліметтерге сүйене отырып, бұл 
кәсіпшіліктерді капитал айналымы сомасы бойынша топтастырайық (4 кестені қараңыз) [16]. 
Кесте  4  -  Балық  кәсіпшілігі  орындарының  капитал  айналымы  сомасы  бойынша  топтастырылуы  (1913 
жыл) 
 
Капитал айналымы сомасы бойынша 
орындар мың сом 
Барлық балық 
кәсіпшілігі 
орындары 

Оның ішінде 


   3 




 
 
 
өзен 
теңіз 
қала 
маңы 
Баржа 
5 мың сомға дейін 
221 
26,7 
164 
43 
14 








5 мыңнан 10 мыңға дейін 
121 
14,6 
64 
24 
33 

10 мыңнан 50 мыңға дейін 
326 
39,3 
115 
88 
123 

50 мыңнан 100 мыңға дейін 
69 
8,3 
28 
17 
24 

100 мыңнан 1млн.  дейін 
91 
11,0 
28 
18 
37 

1 млн. жоғары 

0,1 




Барлығы 
829 
100 
400 
190 
231 

 
 Балық  кәсіпшілігі  орындарын  капитал  айналымы  сомасы  бойынша  сипаттайтын  5  кесте  4 
кестеде келтірілген мәліметтерді нақтылайды: 
Айналымы  жылына  5  мың  сомнан  аспайтын  кәсіпшіліктер  шартты  түрде  ұсақ  кәсіпшіліктерге 
жатқызылған,  саны  221  дананы  (26,7  пайыз)  құрайды,  орта  кәсіпшілікке  жатқызылған  жылына  5 
мыңнан  10  мыңға  дейін  айналымы  болатын  кәсіпшіліктер  саны  12  (14,6  пайыз),  10  мыңнан  аса 
айналымы  бар  кәсіпшіліктер  саны  487  (58,7)  болды.  Осылайша  ірі  балық  өңдейтін  өндіріс  орындары 
барлық балық өндіру орындарының арасында ең алдыңғы қатарда тұрды. 
Ал ұсақ балық кәсіпшіліктерінің ұзақ жасағыштығының себебі, жоғарыда көрсетілгендей, балық 
өңдеуге  қолданылған  техниканың  өте  төмен  болғандығында,  ондағы  тесіктен  балықтарды  төгуден 
бастап ыдысты тығындауға дейінгі барлық өндіріс процесіндегі жұмыстарды тәжірибесі жоқ жұмысшы 
күші  қолмен  атқарады.  Арзан  жұмысшы  күші  болғандықтан  балықтарды  өндіру  және  өңдеуге 
машиналардың  көмегімен  рационалдық  тәсілдерді  қолдануы  өзін-өзі  ақтамады.  Мұндай  тәсілдің 
нәтижелі шығуы үшін оны жыл сайын бірнеше ай бойы қолдану қажет еді. 
Міне,  осылайша  балық  өңдейтін  өндіріс  орындарының  негізгі  капиталына  аз  шығын  салуы 
ұйымдаспаған балық кәсіпшілігі жағдайында балық өндіріс иелерінің есебі ақталып, барлық қаржыны 
айналымға сала, яғни, бүкіл сәтсіздіктерді балықшылар  мен жұмысшылар көтерді. 
 Енді  өзендегі  балық  аулауға тоқталып,  ондағы  ұйымдасушылық  ерекшеліктерін  қарастырайық. 
Өзендегі  балық  аулаудың  негізі  ау  тарту  болғандықтан  көлеңкелі  балық  аулаудың  динамикасын 
көрсетуді жөн көрдік. [17]. (5 кестені қараңыз). 
 
Кесте 5 - 1898-1913 жж. аралығынлағы балық аулау ұйықтарының динамикасы  
 
1898 ж - 464 ұйық 
1899 ж-554 ұйық 
1900 ж-589 ұйық 
1901 ж -556 ұйық 
1904 ж - 654 ұйық 
1905ж  - 527 ұйық 
1906 ж - 497 ұйық 
1907 ж - 648 ұйық 
1909 ж - 602  ұйық 
1910 ж - 620 ұйық 
1911 -1913жж-740 ұйық 
 
5ж. орташа 525 
5 ж. орташа 574 
1909-1913жж. орташа 654 

162 
 
 Жоғарыдағы 5 кестеде көрсетілгендей 15 жылдың (1889-1913 жж) ішінде өзендегі ұйықтар баяу 
өскен. Мәселен 5 жылдың (1899-1903 жж) ішінде ұйықтардың саны 525 болса, кейінгі 5 жылда (1904-
1908  жж)  ұйықтардың  саны  574-ге  ғана  көтерілген,  яғни,  9  пайыз  ғана  болған.  Ал  соңғы  5  жылда 
(1909  -1913  жж)  ұйықтардың  саны  654-ке  дейін  көбейген,  яғни,  25  пайызға  артқан.  Бұдан  шығатын 
қорытынды ХХ ғасырдың бас кезінде өзендерге ау салу барынша жоғарыға көтерілгенін көрсетті. Тек 
ұйықтардың бір-бірінен 2 верст аралық тиым ғана одан сайын көтерілуден сақтады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет