Он бес жылдың ішіндегі ау салу процесі ұйықтардың көбейгенін көрсетіп қана қойған жоқ,
сонымен қатар, ау салатын жұмысшылардың санының да ұлғайғанын білдірді.
1895 жылға дейін ұйықтан балық аулау ережесі бойынша әр ұйықтан 2 ау мен 4 кермешеден
артық құрал-сайман пайдалануға және әр ауда 20 сажен сайын бір адамнан тұруға рұқсат етілді.
Мұндай тәсілмен ауды тәулік бойы тартуға балықшылардың күші жетпеді.
Балық өніміне деген сұраныс жыл өткен сайын артып отырғандықтан балық өндіріс иелері,
әсіресе ірі кәсіпкерлер ау тартатын балықшылардың санын көбейтуді үкіметтің алдына мәселе ретінде
қоюмен болды.
Нәтижесінде, 1895 жылы 4 ақпанда балық аулаудың мөлшерін арттыру мақсатында ау тартатын
балықшылардың санын ұлғайтуға шешім қабылдайды.
«1895 жылғы ереже, - деп жазылды деректерде, - балық өндіріс иелеріне жұмысшылардың
санын көбейтуге мүмкіндік жасағанымен пайдаланатын құрал-саймандарды қысқартуға мәжбүр
еткізеді. Бірақ оның есесіне балықшылар ұйықтардың санын көбейтіп, ережені өз пайдаларына жұмыс
істеткізеді» [18].
Осы жағдайдың өзі-ақ 1898 жылы шыққан ереженің үш жыл ішінде ұйықтардың саны 464 –ке
жетіп, одан әрі көбейе бергені түсінікті еді. Ұйықтар санының мол болуы балық өндіріс иелеріне ау
тартатын жұмысшылардың арзан қол еңбегін көп қажет етті. Ау тартатын жұмысшы күшінің артуы XIX
ғасырдың аяғы мен 1913 жылға дейінгі аралықтағы ұйықтан балық аулау процесін күшейтіп жібереді.
Әдебиеттер тізімі:
1 ГАОО. Ф. 398., Оп. 69. Д. 2334.
2 ГАОО. Ф. 398. Оп.69. Д. 24039.
3 ГААО. Ф. 194. Оп. 1. Д. 517.
4 ГААО. Ф. 1. Оп. 1а.Д. 1404.
5 ГАОО. Ф. 20.Оп. 7. Д. 168.
6 Москалев Г.Н. Хозяйственный облик дореволюционного Уральска //Научное Западно-
Казахстанское отделение ГО СССР. Вып. 7. Уральск, 1956. - С.50-82.
7 ГААО. Ф. 663. Оп. 1. Д. 15.
8 ГАОО. Ф. 20. Оп. 7. Д. 169.
9 Арнольд И.Н. Рыбная промышленность //Богатства СССР. М, 1926. №3.
- С.20-32.
10 Список рыбопромысловых заведений, казенных, частновладельческих и
казачьих вод, подлежащих обложению особым процентным сбором на 1913
год. Астрахань, 1913. -69 с.
11 Кондиции на отдачу в оборочное содержение речных участков казенных рыболовных вод,
состоящих в заведывании Астраханского управления рыбными и тюленьями промыслами.
Астрахань, 1895.-98 с.
12 ГАОО. Ф. 20., Оп. 7. Д. 171.
13
Составлено и подсчитано по: Труды научного института рыбного
хозяйства. М, 1929. Т.ІV. -255 с.
14 Материалы к познанию русского рыболовства. Т.2. Вып.1. -СПб., 1910.
-150с.
15 Мейснер В.И. Рыбная промышленность. —М.-Л., 1926. -285 с. 87.Об организации надзора за
рыбными промыслами в районе Управления
Каспийско-Волжских рыбных промыслов. -Астрахань, 1906. -235 с.
16 Гурвич Л.И. //Управление Каспийско-Волжских рыбных и тюленьих промыслов. - Астрахань, 1910.
–С.150 с.
17 Отчет Управления Каспийско-Волжских рыбных и тюленьих промыслов и обзор Каспийско-
Волжского рыболовства за 1889-1913 годов. -Астрахань,
1914.-170 с.
18 Наказ чинам рыбопромыслового надзора. -Астрахань, 1895.-109 с.
19 ГАОО. Ф. 20
.
Оп. 7
.Д. 152.
20 Степанов В.Г. Ловецкие станья на береговой полосе Северного Каспия. -Астрахань, 1914. -240 с.
163
ӘОЖ 504.54
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-
ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒА БЕРУ
Нұрғалиева Г.Ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді
көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері,
әлеуметтік – мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты көрсеткіштері әлі де өте
нашар деңгейде. Сондықтан, халық санын, халықтың өсуін, жастық-жыныстық құрамын, географиялық
орналасуын, тығыздығын, қала мен ауыл халқының ара қатынасын, аймақтық ерекшеліктерін білудің
маңызы зор.
Жалпы, мұнай-газ кешені дамуы, әскери полигондар қызметі және ауылшаруашылығы
кәсіпорындарының қызметі, Каспий теңізі деңгейі көтеріліп, едәуір аумақты су басуына байланысты
табиғат ортасының күшті ластануы облысымызда соңғы жылдары экологиялық апат туғызуда.
Каспий маңында шөлдену процесі қарқынды жүруде. Сол себепті аймақтағы атмосфера қабаты жұқа
шаң тозаң мен тұз қабаттарының ұшу мөлшерінің көбеуінен ластануда. Соның салдарынанн ауру
адамдардың санының көбеюі, аймақтағы халықтың өсуі және өлім мөлшері, суармалы жердегі өнім
мен егіннің төмендеуі, аймақтық және ғаламдық климаттың өзгеруі, адамдардың өмір сүру
жағдайының төмендеуі нәтижесінен жаңа демокрафиялық жағдай қалыптасты. Жалпы облыста халық
санының өсуіне халықтың туу деңгейі, өлім көрсеткіші, табиғи өсімі, миграциялық ағымы тәрізді
көптеген процестер әсер етеді
Атырау облысы республиканың батысында орналасқан, 1938 жылы құрылған (1992 ж. дейін –
Гурьев облысы). 118,6 мың шаршы километр кеңістікті алып жатқан облыс аумағында 2009ж. санаққа
қатысты 510,7 мың адам немесе Қазақстан Республикасы тұрғындарының 3%-ы тұратын, халқының
орналасу тығыздығы әр шаршы км-ге 3,8 адамнан келеді. Облыс орталығы Атырау қаласында облыс
тұрғындарының(250,1 мың адам ) 48,9 %-ы шоғырланған.
Облыстың 2009ж. қатысты әкімшіліктік-аймақтық бөлімдері 7 ауылдық аудан мен 2 қаладан, 12
кенттен, 190 селолық және ауылдық аймақтардан тұрады.
Атырау облысы аудан орталықтарының желісі 1-кестеде көрсетілгендей, қалалардан, сондай-
ақ қала типіндегі кенттер мен селолардан құрылған.
Ауыл тұрғындарының 01.01.2009ж. қатысты саны 260,6 мың адамды (бүкіл облыс тұрғындар
санының 51%) құрайды. Ауылдық елдімекендердің шашыраңқы орналасуы жайылымдық мал
шаруашылығы мен олардың сумен қамту көздеріне жақын шоғырлануымен байланысты болып
табылады. Мал шаруашылығының айдау-жайылымдық түрлері дамыған және адамы аз шөлдік
аудандарда көптеген маусымдық түрде мекенделетін елдімекендер пайда болған. Кейбір
елдімекендердің қалыптасуы мұнай-газ кеніштерін игерумен қазумен байланысты болып келеді [1].
Ауылдық елдімекендердің адамдармен мекенделуі оның аймақтық құрылымына, экономикалық
немесе өндірістік бағытталу саласына және елдімекеннің ауыл тұрғындарының орналасуының сатылық
дәрежелік жүйесіндегі алатын орнына байланысты болатын интегралдық көрсеткіш болып табылады.
Жергілікті табиғи жағдайлар кез келген түрдегі елдімекендер үшін маңызды болып келеді және
ауылдық орналасуда ерекше елеулі мәнге ие болады.
Кесте 1. Әкімшіліктік-аймақтық бөліну
Аймақтық-әкімшіліктік
бірлік
Аймақтың
көлемі, мың
шаршы км
Облыстық,
аудандық
орталықтың
атауы
Ауылдық
аймақтар
Елдімекендер
кенттер
Ауылдар
Атырау облысы
118,6
Атырау
48
12
190
1. Жылой
29,4
Кұлсары
4
3
14
2. Индер
29,6
Индер кенті
4
1
16
3. Исатай
14,7
Аққыстау с.
6
-
20
4. Құрманғазы
20,9
Ганюшкино с.
13
1
55
5. Қызылқоға
24,9
Миялы с.
8
-
31
6. Махамбет
9,6
Махамбет с.
7
-
26
7. Мақат
4,9
Мақат кенті
-
6
-
164
Демографиялық жағдай аталмыш аймақта орын алып жатқан демографиялық процестердің
әсер етуімен қалыптасуда. Демографиялық процестерге ең алдымен тұрғындардың ұрпақ жалғастыру
процесі жатады, себебі тұрғындар санының өзгеруі ең алдымен соған байланысты болады.
Оған туылу, өлім-жітім, табиғи өсім, сондай-ақ тұрғындардың механикалық қозғалысы жатады.
Тұрғындардың саны 1993 және 2009жж. аралығында Атырау облысының демографиялық дамуында
тұтастай республикаға тән болып келетін ортақ заңдылықтар мен беталыстар айқындала бастады.
Аталмыш уақыт аралығында Атырау облысының бүкіл тұрғындарының саны 434,4 мың адамнан
510,7 мың адамға дейін (5%), ал ауыл тұрғындарының саны 172,3-тен 260,6 мың адамға дейін артты.
Атырау облысы тұрғындары санының өсу серпіні 2 кестеде келтірілген.
1997ж. бастап Атырау облысы тұрғындары санының көбею беталысы байқала бастады [2].
01.01.1993ж. мен 01.01. 2009ж. аралығындағы барлық тұрғындар санының көбею қарқындары
105,1%, ал тұрғындардың саны 435,2-ден 510,7 мың адамға дейін өсті.
Тұрғындар санының көбеюін табиғи өсіммен, сондай-ақ мұнай-газ саласының дамуына орай
аталмыш аймаққа тұрғындардың келуімен және жұмыс орындарының болуымен түсіндіріп беруге
болады.
Ауыл тұрғындарының 10-жылдық кезең ішіндегі өсу қарқындары 140,6%-ды құрады және
барлық тұрғындар санының өсу қарқынына қарағанда жоғары болды.
1993 және 2009жж. аралығында ауыл тұрғындарының меншікті салмағы 39,7%-дан 51%-ға
дейін 11,3 есе артты [3].
Атырау облысының тұрғындары әртүрлі тығыздықпен орналасқан: шамамен алғанда
тұрғындардың жартысынан артық бөлігі (48,9%) Атырау қалалық агломерацияда шоғырланған және
тұрғындардың 51%-ы 7 әкімшіліктік ауданда орналасқан.
Тұрғындардың ұлттық құрамы жөнінен 1999ж. санақ деректеріне сәйкес облыстың ұлттық
құрамында жергілікті ұлт тұрғындары басым болған – 78,2%, Жылой әкімшілік ауданында қазақтардың
саны – 97,5%, Индер әкімшілік ауданында – 95,4%, Исатай әкімшілік ауданында – 99,5%, Қызылқоға
әкімшілік ауданында – 99,8%, Құрманғазы әкімшілік ауданында – 96,2%, Мақат әкімшілік ауданында –
96,7%, Махамбет әкімшілік ауданында – 98,8% құрады.
Ауыл тұрғындарының 10-жылдық кезең ішіндегі өсу қарқындары 140,6%-ды құрады және
барлық тұрғындар санының өсу қарқынына қарағанда жоғары болды.
1993 және 2009жж. аралығында ауыл тұрғындарының меншікті салмағы 39,7%-дан 51%-ға
дейін 11,3 есе артты [3].
Кесте 2 Тұрғындар санының серпіні (жыл басына қатысты)*
Барлық тұрғындар,
мың адам
Соның ішіндегі ауыл
тұрғындары, мың адам
Ауыл тұрғындарының
меншікті салмағы, %
1993
434,4
172,3
39,7
1994
436,1
174,7
40,1
1995
435,7
181,4
41,6
1996
435,2
181,9
41,8
1997
436,4
182,1
41,7
1998
437,9
382,4
41,7
1999
439,4
183,7
41,8
2000
441,7
185,4
42,0
2001
443,6
185,4
41,8
2002
447,6
186,6
41,9
2003
451,9
188,4
41,7
2004
457,2
196,1
42,9
2005
463,5
201,8
43,5
2008
498,9
257,1
51,5
2009
510,7
260,6
51,0
165
Атырау облысының тұрғындары әртүрлі тығыздықпен орналасқан: шамамен алғанда
тұрғындардың жартысынан артық бөлігі (48,9%) Атырау қалалық агломерацияда шоғырланған және
тұрғындардың 51%-ы 7 әкімшіліктік ауданда орналасқан.
Тұрғындардың ұлттық құрамы жөнінен 1999ж. санақ деректеріне сәйкес облыстың ұлттық
құрамында жергілікті ұлт тұрғындары басым болған – 78,2%, Жылой әкімшілік ауданында қазақтардың
саны – 97,5%, Индер әкімшілік ауданында – 95,4%, Исатай әкімшілік ауданында – 99,5%, Қызылқоға
әкімшілік ауданында – 99,8%, Құрманғазы әкімшілік ауданында – 96,2%, Мақат әкімшілік ауданында –
96,7%, Махамбет әкімшілік ауданында – 98,8% құрады.
Атырау облысы тұрғындарының ұрпақ жалғастыруының аймақтық ерекшеліктері ең алдымен
салыстырмалы түрде жоғары туылу мен соған сәйкес жоғары табиғи өсімге негізделген болып келеді.
Тұрғындардың табиғи қозғалысының ерекшеліктеріне негіз болатын факторлардың біріне оның
жыныстық-жастық құрылымы жатады. Облыста еңбектік потенциалдың бар екендігін тұрғындардың
жыныстық-жастық құрылымын талдау көрсетіп отыр. Тұтастай алғанда Атырау облысында ең жоғары
меншікті салмақ ер адамдардың басым болуымен және 5-14 жас аралығындағы жастық топтардың
үлесіне тиюде [4].
Әкімшілік аудандарында облыстағы жағдайдағыдан біршама өзгеше жағдай орын алуда:
мысалы, Жылой, Қызылқоға және Мақат әкімшілік аудандарында ер адамдардың, сондай-ақ әйел
адамдардың арасында 15-39 жас аралығындағы жастық топтардың басым болуы байқалып отыр.
2000-2004 жж. Атырау облысы тұрғындарының туылу көрсеткіштерінің 18,6-дан 21,4%-ға
артуы байқалды. 2009ж. Атырау облысында туылу көрсеткіші – 20,9%, Қазақстан Республикасы
бойынша – 16,6% және де ауылдық жерлерде туылу көрсеткіштері Атырау облыстық
статбасқармасының мәліметтеріне сәйкес қаладағыдан 9,0%-ға төмен болды. Кейінгі жылдары облыс
бойынша тұрақтану және өлім-жітімнің азаюына деген беталыс байқалуда. 2004ж. өлім-жітім
көрсеткіші 8,5%-ға ие болған болатын. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың өлім-жітім көрсеткіші
қаладағымен салыстырғанда 2,5% төмен, табиғи өсім көрсеткіші 6,4% төмен ( 3-кесте) [5].
2004ж. бойынша аудандар шеңберіндегі барлық тұрғындардың ең жоғары туылу көрсеткіші
Жылой әкімшіліктік ауданында байқалған және ол 23,7% құрады, ең төмен көрсеткіш – Индер
әкімшілік ауданында (18,0%) анықталды. Тұрғындардың арасындағы ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші
Атырау қалалық агломерациясында (10,0%), ең төмен – Жылой әкімшілік ауданында (5,9%) байқалды.
Мақат әкімшілік ауданында тұрғындар санының табиғи себептерге орай азаюы туылу деңгейімен
өтеліп отырады.
Кесте 3 Тұрғындардың табиғи қозғалысы мен балалар өлімі көрсеткіштерінің серпіні, %
Жылдар
Туылу
Өлім-жітім
Табиғи өсім
Балалар өлімі
1993
24,5
8,0
15,3
33,7
1994
24,1
9,2
14,5
35,6
1995
21,4
9,6
11,9
29,6
1996
19,8
9,5
10,3
21,3
1997
20,2
9,7
10,5
26,3
1998
18,9
9Д
9,8
25,6
1999
18,5
9,1
9,4
21,1
2000
18,6
8,8
9,8
18,5
2001
18,5
8,6
9,8
22,0
2002
19,2
9,1
10,1
18,1
2003
20,9
8,9
12,0
16,5
2004
21,2
8,5
12,7
14,1
Қалалық жерлер
25,3
9,9
15,4
16,4
Ауылды жерлер
16,3
7,3
9,0
10,0
166
2004жылы оның алдындағы 2003ж. салыстырғанда ауыл тұрғындарының барлық табиғи
қозғалыс (туылу, өлім-жітім, табиғи қартаю, нәрестелік өлім) коэффициенттерінің азаюы байқалды.
Атырау облысы тұрғындарының негізгі өлім-жітім себептеріне қан айналымы органдарының аурулары,
қатерлі ісіктер, ас қорыту органдарының аурулары мен тыныс алу органдарының аурулары жатуда.
Нәрестелік өлім соңғы онжылдықта тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ
Атырау облысы бойынша азаю беталысына ие болып отыр. Бұл ретте айта кететін нәрсе, нәрестелік
өлімнің орташа облыстық көрсеткіші республика бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр[6].
Аудандар шеңберінде ең жоғары балалар өлімі Құрманғазы ауданында – 14,8%, ең төмен –
Индер мен Исатай әкімшілік аудандарында – 9,8% байқалған. Үш әкімшіліктік ауданда – Құрманғызы,
Қызылқоға, Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау қалалық агломерациясында (қ.а.) нәрестелік
өлімнің деңгейі орташа облыстық деңгейден жоғары болды.
Нәрестелік жастағы балалардың ауруға шалдығуы мен шетінеуінің негізгі себептеріне бірқатар
аурулардың алдын алу жөніндегі шаралардың азаюы, толыққанды тамақтанбау және науқас
балалардың уақытындағы емделмеуімен байланысты болып келетін жеткіліксіз түрдегі медициналық
күтім жатады.
Ауыл тұрғындарының кейінгі жылдары табиғи өсімінің 11,8% дейін артуы мен Атырау облысына
тұрғындардың келуінің арқасында облыс халқы жалпы өсу беталысына ие болған болатын.
Ауылшаруашылық
пайдаланудағы
жерлерінің
экологиялық
жағдайының
нашарлауы
ауыл
тұрғындарының тіршілік қабілеті төмен деңгейде болып келетін депрессивтік аудандардың
қалыптасуына әкеп соқтырды. Депрессивтік аудандар проблемасын шешу мүлде жаңаша негізде ауыл
тұрғындарының тіршілік қабілетінің деңгейін көрсететін бағалау критерийлерін әзірлеп шығаруды
қажет етеді. Ауыл тұрғындарының тіршілік қабілетінің деңгейі өмір ұзақтығының, өлім-жітімнің
көрсеткіштерімен (жалпы және нәрестелік), денсаулық жағдайымен белгіленеді [6].
2001-2003 жж. аралығында облыста көші-қон көлемінің 9396 адамнан 9582 адамға дейін
көбейгені байқалады. Атырау облысының 2001-2003жж. аралығындағы көші-қон процестерін талдау
көрсеткендей, көші-қон сальдосы минус 456-дан минус 196 адамға дейін азайып кетті, сонымен қатар
облысқа келгендердің саны 4470 адамнан 4693 адамға дейін көбейді. Облыстан кеткендердің саны
4926 адамнан 4489 адамға дейін азайды.
Облыс аудандарының шеңберінде қоныс аударушылардың ағымдары біркелкісіз бөлінген.
Қоныс аударушылардың ең жоғары ағымы 2003 жылы Жылой әкімшіліктік ауданында байқалған
болатын, ол 1585 адамды немесе облыстағы қоныс аударушылар көлемінің 18,5%-ын құрады,
Құрманғазы әкімшіліктік ауданында – 1059 адам (12,4%), Қызылқоға әкімшіліктік ауданында – 676
адам (7,9%), қоныс аударушылардың үштен бір бөлігі Атырау қалалық агломерациясының үлесіне тиіп
отыр. Табиғи өсімнің өсуі біріншіден демографиялық көрсеткіштің тұрақтануына байланысты.
Адам өлімі жасы мен жыныстық ерекшелігіне қарай ерекше сараланды. Мысалы, 2007 жылы
ерлер өлімі әйелдер өліміне қарағанда 1,5 есеге өсіп 2413 (жалпы өлім санының 59,5%-ын), ал
әйелдер өлімі 1642 (40,5%) құрады. Қайтыс болған адамдардың негізгі үлесі (46,2%) 63-тен асқан
адамдар, мұндағы әйелдер өлімі ерлерден 1,2 есеге артты. 16-дан 62 жас аралығындағы ерлер мен
әйелдер өлімінің қатынасы 3:1 (тиісінше 1254 және 455) құрады. Жұқпалы және паразит,асқорыту
органдарының ауруларынан 2007 жылы қайтыс болған ерлер саны әйелдерге қарағанда 1,5есеге және
қан айналу жүйесінің бұзылуынан болған ерлер өлімі әйелдерге қарағанда 1,5 есеге артық тіркелінді.
Тыныс алу органдары ауруынан ерлер өлімі әйелдер өліміне қарағанда 2,8 есеге жиі байқалынды. Ал
әйелдер арасында эндокриндік және зат алмасу жүйесінің бұзылуынан болған өлім жағдайы 2007
жылы ерлерге қарағанда 1,7 есеге басым болды. Ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының
айырмашылығы елеулі азайғандығы байқалды, 2007 жылы 12,52 жас (ерлерде –60,59 жас, ал
әйелдерде-73,11 жас) құрады.
Атырау облысы бойынша аурулық деңгейі жұқпалы және паразит ауруларының өсуімен
сипатталады 1999 жылдан 2007 жыл аралығында 100 мың адамға шаққандағы туберкулез ауруынан
болған өлім саны 34,7-ден 17,21-ге азайғанымен, 2007 жылы оның үлесі Атырау облысы бойынша
жұқпалы аурудан болған жалпы өлім санының 71,3%-ға жуығын құрады. Эндокриндік аурулардың өсуі
де байқалынуда. Мысалы 18 және одан ересек жастағы тұлғалардың эндокриндік аурулығы жөніндегі
алғашқы қойылған диагнозы 1999 жылдан 1,8 есеге, қан органдарының, оның ішінде иммундік
механизмінің бұзылуы 48,7%- ға, қуық жүйесінің ауруы 78,8%- ға артты. Соңғы жылдары 15-17
жастағы жас өспірімдердің әр түрлі ауру қатарларының өсуі ерекше алаңдатушылық туғызуда. 1999
жылдан 2007 жыл аралығында эндокриндік аурулардың бұзылуы ер балаларда 2,4 есеге (сол жастағы
қыз балалар 8,9 есеге ), тыныс алу органдарының ауруы ер балаларда 3,8 %-ға (қыз балалар 15,6%-
ға), несеп-тыныс жүйесінің ауруы ер балаларда 52,0%- ға , ал қыздарда 2,2%- ға артты.
167
Әдебиеттер тізімі:
1. Статический ежегодник Казахстана. Статический сборник/Под ред. К.С. Абдиев.- Агентство
Республики Казахстан по статистике, Алматы, 2004.
2. Фондовые материалы Республиканской СЭС по состоянию на начало 2009 г. в разрезе
административных районов Атырауской области.
3. Итоги обследования сельских населенных пунктов Республики Казахстан на основании
индикаторов социальной и инженерной инфраструктуры по состоянию на 1 января 2009 года. Том 1.
Серия 15. Демография .- Астана: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2009.
4. Калжигитов Х.С., Ергалиев Т., Сагын Х. Анализ заболеваемости сельского населения Атырауской
области //Современные проблемы геофизики, геологии, освоения, переработки и использования
углеводородного сырья: Матер. Междунар. науч.-техн. конф., посвящ. 20-летию образования
Атырауского ин-та нефти и газа. – Атырау: АИНиГ, 2001. – С. 423-426.
5. Жандосов Ш.У., Толемисова А.Т., Калжигитов Х.С., Ергалиев Т. Состояние здоровья населения г.
Атырау по оценке анализа заболеваемости //Матер. Междунар. науч.-техн. конф., посвящ. 70-летнему
юбилею акад. Н.К.Надирова. – Атырау: АИНиГ, 2001. –т. 2. – С. 295 – 302.
6. Ботагариев Т.А., Иванов Г.Д., Тыныбаев Б.Г., Калжигитов Х.С., Кушембаев Р.К. О состоянии
здоровья детей Атырауской и Мангистауской областей, неблагополучных в экологическом отношении
//Здравоохранения Казахстана. – 1995. - № 12. – С. 21-23.
ӘОЖ 0.70
ТАРИХ ҚОЙНАУЫНАН СЫР ШЕРТКЕН...
Есетова А.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
В данной статье рассматривается работа известного казахского журналиста О.Алимгереева о
расселений казахов вдоль берегов Волги. Об историческом месте и роли казахских ханов в
образовании Астраханского ханства, о вкладе казахов Астраханской области в укреплении дружбы
между народами Казахстана и России.
This article examines the work of a famous Kazakh journalist O.Alimgereeva the resettlement of
Kazakhs along the banks of the Volga. On a historical place and role in the formation of the Kazakh khans of
the Astrakhan Khanate, the contribution of the Kazakhs Astrakhan region in strengthening the friendship
between the peoples of Kazakhstan and Russia.
Белгілі қаламгер, журналист Өтепберген Әлімгереев – өткен ғасырлар легінде өз өмірлерін
кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдырған батыр да дана ата-бабалар жайлы тарих тұңғиығынан көптеген
дерек көздерін тапқан публицист. Халқының бостандығы, елінің еркіндігі, ұрпақтарының тәуелсіздігі
үшін өмірлерін сарп етіп, артында сөз қалдырған, бостандық таңы үшін жан кешкен елім деп еңіреп
туған ерлер туралы қаншама зерттеу еңбектер бар екенін, әрине білеміз. Дей тұрғанмен, қаламгер-
жазушы Ө.Әлімгереев зерттелуерінде бұрын-соңды қозғалмаған дерек көздерін табуымен құнды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және Мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2012 жылы «Атажұрт» баспа орталығынан
«Қауымдастық кітапханасы» сериясымен шыққан «Еділ жайлаған қазақтар» атты деректі зерттеуінде
Еділ жайлаған қазақтардың кешегісі мен бүгінгісі, қазақстандық қандастарымызбен араласы, Бөкей
ордасы өңірінің бір туар өрендері жайлы сыр шертеді.
Осы зерттеу еңбегінде «Еділ жайлаған қазақтар» деген атпен (167 б) жарияланған
мақаласында Ө.Әлімгереев Ресейдің Астрахань өлкесін мекен еткен қазақтар өмірі жайлы тарихи
материалдарға сүйене отырып, сонау ХІV ғасырда өмір сүрген қазақтың дана философы Асан
қайғыдан бастау алып, Қазтуған жырау, Доспамбет жырауға жалғасқан кезеңдерге тоқталады.
«ХV ғасырдың орта тұсынан аса Алтын Ордадан қашып шыққан Мамұт хан мен оның інісі Ахмет
Еділ өзенінің төменгі сағасында Астрахань хандығын құрып, билік жүргізе бастап еді, бірақ адам
ғұмырының өзі ғасырдан ғасыр асып жалғаса бермейді ғой, оның мұрагері болып таққа ұлы Қасым
отырады» дей келіп, одан әрі ауызбіршілік болмағандықтан хандықты казактар басып алады да, 1558
жылы қала Ресей патшалығы империясы қол астына өтті, - деген дерек көздерін келтіреді.
Бірақ біздің қандастарымыз өздері іргесі қалаған қаладан айырылса да, ол аймақтан қол үзген
жоқ. Достықтың алтын көпірін жалғап, ұрпақ өсіріп, елге тұтқа болатын азаматтар өсірді. Астарахань
облысының Алтынжар, Володар, Құмөзен, Красный Яр, Икрян, Қарабайлы, Привольжие аудандарында,
облыс орталығында қазақтар жергілікті халықпен тау-ту-тәтті, «ауылы аралас, қойы қоралас»
дегендей бір кісінің баласындай тұрып жатыр.
168
Астрахань өңірінде 200мыңға жуық қазақтар тұрады екен. Бір қызығы олар тарихи Отаны
Қазақстан десе, Ресей туып-өскен, тұрып жатқан мекеніміз. Біз үшін екеуі де қымбат. Біздің екі
Отанымыз бар деп мақтаныш сезіммен айтады. Екі елді жалғастырып Бөкей хан мен Сейіт баба тұр.
Бірі - Қазақ елінің елшісі болса, екіншісі Ресейдікі тәрізді. Бұл – екі елдің үлкен достығының белгісі.
Сейіт баба қорымы бұрын халық үшін хан мен әулие жатқан боз төбе болса, қазірде шекара шетінде
тұрған имандылық пен бірлікті, халқына қызмет етер ерлікті насихаттайтын көпшілік орынға айналған
, - деген Астрахань қазақтарының «Жолдастық» қоғамынының төрағасы Никита Ысқақов сөзін келтіре
кетуді жөн көрдік. Өйткені автор (Ө.Ә.) «Кесене де біріктіруші күшке айналды» деген тарауда осындай
нақты пікірлерге сүйене отырып, талдау жасайды. Осындай ұлылықтың түп қазығы терең діңгегі Бөкей
хан есімімен тығыз байланысты. Жергілікті халықтың Бөкей хан туралы «Ол өз заманында сауатты,
заман ағымын жақсы түсінген көреген адам болған. Көршілес орыс елінде етек алған отырықшылық,
елді сауаттандыру, жаңа мәдениетке, жаңалыққа көңіл бөлген. Кейіннен дәстүрге енген көп бөлмелі
қарағай үйлер мен шикі тастан соғылған тас қыстаулар сол Бөкей заманында салынып, қолға алынды»
деп еске алып отырады. Бөкей ордасы өңірінің бір туар азаматтары, елім деп еңіреген ерлері туралы,
Құрманғазы, Дина, Сейтек сияқты ұлы күйшілер туралы жазылған зерттеу еңбектің тағылымы да,
тарихи мәні де зор.
Тарих қойнауынан сыр шертер қаламгер еңбектерінің маңызы өте зор.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын
жалғастыруымыз керек. Біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет
ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты... Өз бойымызда және
балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек» делінген.
Өткен тарихымызды білу, оны қорғау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – аға буынның абыройлы
борышы. Олай болса, тарих тұңғиығынан сыр шертер, көпті көрген данагөй ақсақалдардың пікірін
жинап, елімізден шет жүрген қандастарымыздың тіршілігі, олардың шалғайда жүрсе де, атамекенге
деген ыстық ілтипаты, жүрек түбіндегі сағыныштары публицист-қаламгер Ө.Әлімгереевтің жоғарыда
аталған еңбектерінің қазақ журналистикасы мен тарихындағы сүбелі үлесі деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |