Б. Ж. Рыскалиева тамақтану гигиенасы


Пестицидтерден және басқада агрохимиялық заттардан



Pdf көрінісі
бет61/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,26 Mb.
#123553
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
4.9.1 Пестицидтерден және басқада агрохимиялық заттардан 
улану 
 
Пестицидтер мен агрохимикаттар өнеркәсіптік өндірісті қарқындату 
және қолайсыз факторлардан қорғау арқылыауыл шаруашылығы өнімінің 
жалпы шығымын арттыруды қамтамасыз ететін синтетикалық және табиғи 
заттар.
Пестицидтер - зиянкестер мен өсімдік аурулары, арам шөптер, 
тұрмыстық зиянкестер және жануарлардың сыртқы паразиттерімен күресу 
үшін, сонымен қатар өсімдіктердің өсуін реттеу, егін жинау алдындағы


117 
жапырақтары жою (дефолианттар) және алдын-ала кептіру (десиканттар) 
үшін қолданылатын химиялық немесе биологиялық препараттар.
Агрохимикаттар - өсімдіктерді қоректендіруге, топырақ құнарлығын 
арттыруға және жануарларды азықтандыруға арналған табиғи немесе 
химиялық қосылыстар. Олар келесідей классификацияланады: 
- минералды тыңайтқыштар (азотты, калийлі, фосфорлы, кешенді 
(NPK), микроэлементтер қосылған, органикалық минералды (қарапайым 
және микроэлементтер қосылған); 
- органикалық тыңайтқыштар
- микробиологиялық тыңайтқыштар; 
- шымтезек тыңайтқыштары; 
- гумин қышқылына негізделген тыңайтқыштар; 
- топырақ грунттары; 
- топырақ мелиоранттары (әк, гипс); 
- азықтық қоспалар (азықтық консерванттар); 
- биотехникалық құралдар.
Пестицидтер.
Пестицидтерге көптеген химиялық қосылыстар кіреді.
Мәдени өсімдіктер және жануарларды қорғаудың химиялық әдісі қазіргі 
уақытта технологиялық қарапайымдылығына, төмен бағасына, тиімділігіне 
байланысты кеңінен қолданылады. Алайда пестицидтерді пайдалану 
экологиялық және медициналық қауіпті. Экологиялық қауіп тек өңделген 
жерлерге ғана емес, сондай-ақ пестицидтердің биосферадағы ғаламдық 
таралуына байланысты.
Пестицидтердің қоршаған ортаның барлық объектілеріне (топырақта, 
суда, атмосферада) таралуы және олардың тағамдағы қалдық мөлшері 
олармен халықтың едәуір санының, оның ішінде балалардың, жүкті 
әйелдердің, бала емізетін және науқастардың кең байланысын анықтайды. 
Пестицидтер ретінде химиялық құрылымы және қолануына байланысты 
көптеген қосылыстар қолданылады. Қазіргі уақытта пестицидтердің 
әртүрлі классификациясы қолданылады: өндірістік, химиялық, гигиеналық. 
Өндірістік классификациялау пестицидтердің мақсатына, қолдануды 
бағытына негізделген: 
- инсектицидтер мен акарицидтер – жәндіктер мен зиянкестерді 
жоюға арналған; 
- нематицидтер-нематодтарды (құрттарды) жою үшін; 
- родентицидтер-кеміргіштерді жою үшін; 
- репелленттер-кеміргіштерді қорқыту үшін; 
- фунгицидтер-зеңдер мен саңырауқұлақтарды жою үшін; 
- гербицидтер-арамшөптерді жою үшін; 
- дефолианттар және десиканттар – мәдени өсімдіктерді жинау 
алдындағы жапырақтарын жою үшін; 
- адъюванттар - гербицидтерге қосымша үшін; 


118 
- феромондар - аулау әдісін пайдалу арқылы жәндіктермен күресу 
үшін; 
- өсімдіктің өсу реттегіштері - өсімдіктердің өсу қарқынын өзгерту 
үшін; 
- энтомофагтар - жәндіктер санын реттеу үшін. 
Пестицидтердің гигиналық жіктелуі келесі кестеде көрсетілген 
(кесте 30). 
Кесте 30 - Пестицидтердің гигиеналық жіктелуі 
Т
Топ 
Ағза үшін 
уыттылығы 
бойынша, 
ЛД50 
Ағзадағы 
кумуляция 
бойынша, 
кумуляция 
коэффициенті 
Қоршаған орта 
объектілеріндегі 
төзімділік 
бойынша, ай 
Әсер етуі 


50 мг/кг – 
қатты әсер 
ететін 
1 ден аз - өте 
жоғары 
кумуляция 
24 жоғары - өте 
төзімді заттар 
Көрсетілген белгілердің 
ішінен бір немесе 
бірнеше белгі: 
канцерогенділік; 
мутагенділік; 
тератогенділік; 
эмбриоуыттылық; 
гонадотропиялылық; 
аллергенділік 
I
II 
50...200 мг/кг-
жоғары уытты 
1...3 - айқын 
кумуляция 
6...24 - тұрақты 
I
III 
200...1 000 
мг / кг - орташа 
уытты 
3,1...5 - орташа 
кумуляция 
1...6 - орташа 
төзімді 
Аталған белгілердің 
ешқайсысына ие емес: 
канцерогенділік; 
мутагенділік; 
тератогенділік; 
эмбриоуыттылық; 
гонадотропия; 
аллергенділік 
I
IV 
1 000 мг/кг 
астам-
уыттылығы 
төмен 
5,1 - ден астам-
әлсіз 
айқындалған 
кумуляция 
1-ге дейін - төмен 
төзімді заттар 
Химиялық құрылымы негізінде хлор органикалық, фосфор 
органикалық, құрамында сынап, карбамин қышқылдары, фенол, мочевина 
және гуанидин туындылары, гетероциклді қосылыстар және т. б болып 
ажыратылады. 
Пестицидтермен улану кезең-кезеңмен дамиды: 
- жасырын кезең (ағзаға түскен сәттен бастап интоксикацияның 
алғашқы көріністерінің пайда болуы) – бірнеше сағаттан бірнеше күнге 
дейін; 
- белгілі емес сипаттамалармен сипатталатын кезең, көптеген 
химиялық қосылыстардың әсеріне ұқсайтын көріністер (жүрек айну, құсу, 
жалпы әлсіздік, бас ауруы); 
- жалпы интоксикация кезеңі көптеген химиялық заттарға тән 
өзгерістермен қатар, уланудың ағзаға әсер етуінің өзіндік белгілері пайда 
болады. 


119 
Азық-түліктертегі пестицидтерді зертханалық талдау тек қана 
бекітілген (стандарттық) әдістемелер арқылы аккредиттелген мекемелерде 
жасалады. Пестицидтердің әртүрлі топтарын сәйкестендіру үшін әртүрлі 
хроматографиялық 
(органикалық 
қосылыстар 
үшін) 
және 
спектрофотометриялық әдістер (топ құраушыларды элементтерді анықтау 
үшін) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет