Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет23/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Интеграция – бұл тұтас бөлшектерге біріктіру, терең ену, бір оқу 
материалында жалпыланған білімнің сол немесе басқа саладағы бірігуі. 
Интеграцияланған сабақтар танымдық белсенділікті дамыту жəне оқу 
пəндеріне қызығушылықты арттыру құралдарының бірі болып табылады. 
Шындықтың əртүрлі құбылыстарын оқшаулап қараудан өзара байланысты 
əрі кешенді зерттеуге мүмкіндік береді.
«Өзін-өзі тану» пəні – өскелең ұрпаққа рухани жəне адамгершілік 
қасиеттерді үйрететін басты пəндердің бірі. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс іс-
əрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық бес 
құндылық арқылы жүзеге асырылады. Бұл құндылықтар жалпы білім беру 
жүйесінің кез келген сабақтарына кірістіріліп, білім алушыға алатын білімді 
меңгеруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар дұрыс моральдық жəне 
адамгершілік ұстанымдары бар тұлғаны тəрбиелеуге көмектесуі керек. «Өзін-
өзі тану – физика», «Өзін-өзі тану – тарих», «Өзін-өзі тану – биология» жəне 
т.б. интеграцияланған сабақтар оқылатын материалды түсінуге көмектеседі, 
оны түсіну үшін қолжетімді етеді.
Сабақта интеграцияның артықшылықтары:

балаларды қоршаған əлем олардың əр алуандығы мен бірлігінде 
танылады;

себеп-салдарлық байланыстарды ұғынуға жəне табуға ынталандыру;

логиканы, ойлауды, зейінді, есте сақтауды, коммуникативтік 
қабілеттерін дамыту;

салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау біліктерін жетілдіру;

оқушылардың назарын жоғары деңгейде ұстау;

əртүрлі қызмет түрлеріне ауыстыру есебінен оқушылардың 
шаршауын алып тастау;

танымдық қызығушылықты арттыру;

өзін-өзі көрсету, мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігі.
Мұғалім білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуына айрықша мəн 
беруді білгені жөн. Олар: сыртқы білім беру, ішкі білім беру. Зияткерлік 
білім ақылға арналған білім болса, ал рухани - адамгершілік білім беру жүрек 
үшін білім беру болып табылады. Аталған білім түрлерін интеграциялап, 
яғни кіріктіре берсек, нағыз жанды білім болатынын ұғыну қажет. Аталған 
екі білім түрінің басты айырмашылығын 2.1 - кестеде айқын аңғаруға 
болады. Кестеде көрсетілгендей, екі білімнің айырмашылығы бойынша 
нақты «Ақылға арналған сыртқы білім» мен «Жанға арналған ішкі білім» 
арасындағы байланыс пен ерекшеліктері ажыратылып көрсетілді. Кесте 
мазмұнына толық талдау жасай отырып, болашақ маман иесі пəнді 
интеграциялаудың маңызын ұғынады.


43
2.1– кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет