44
гуманистік дүниетанымның негізін қалайды. Барлық басқа білім беру
салалары тұтас гуманитарлық білімнің бөлігі болып табылады...»
Балалардың өз бетінше ойлануына жəне мəселені
бірлесе шешуге
мəжбүр ететін, табысты орындалған жалпы жұмыстан қанағаттанушылық
пен қуанышты сезінетін сабақтар олардың адамгершілік тəрбиесіне ықпал
етеді. «Өзін-өзі тану» пəнінен білім берудің оқу-тəрбие үдерісіне
интеграциясы – бұл, ең алдымен, оқушылардың рухани-адамгершілік
ұғымының мəнін анықтау. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс əрекет, қиянат
жасамау сияқты
жалпыадамзаттық құндылықтар, тыныштық білім берудің
фокустық нүктесі болуы тиіс, басқаша айтқанда, біз үйрететін барлық
нəрсемен біртұтас тұтастықта құралуы тиіс.
Әрине, өзін-өзі тануды басқа пəндермен интеграциялау пəн
мұғалімдеріне қиындық туғызады. Бірақ қазіргі заманғы ғылымды дамыту
барысында адамзатты сыртқы əлем құрылымы мен адамның ішкі əлемі, оның
ойлары, сөздері, істері арасындағы тығыз
өзара байланыстың болуын
түсінуге əкеледі. Интеграцияның нəтижелі болуы мұғалімнің дүниетанымына
тікелей байланысты. Өз пəніне жəне балаларға деген сүйіспеншілік,
мұғалімнің ашық жүрегі, жаңа нəрсеге деген қызығушылық, өзінің шынайы
табиғатын жетілдіруге жəне тануға ұмтылу – өз пəні мен «Өзін – өзі тану»
пəнін интеграциялаудың қажетті алғышарттары. Біз, ересектер, өзімізге мына
сұрақтарды жиі қоямыз: - Неге біздің балалар оқығысы келмейді? Бірақ
балалардың туғаннан бастап танып-білу қабілеттерінің жоғары екенін
білеміз, олар жаңа нəрсені білгісі келеді, осы əлемді зерттеуге тырысады.
Жауап өте қарапайым: балалар білімді қалайды, бірақ олар «Жанды білімді»
қалайды. Оқыту үрдісіндегі ең маңыздысы белгілі бір білім көлемін жинақтау
емес, ар-ожданның ішкі дауысына сəйкес өмір сүретін жақсы сипаты бар
лайықты тұлғаның қалыптасуы болып табылады.
Білім өмір үшін болуы керек. Бүгін білім берудің екі аспектісін
үйлесімді дамыту қажет – интеллектуалдық (сыртқы, ақылға арналған білім)
жəне адамгершілік-рухани (ішкі, жүрек үшін білім).
Білім мен өмірді бір
тамаша үйлесімге біріктіру қажет. Қазіргі сабақтың мақсаты позитивті ойлай
білетін, өзін-өзі тануға ұмтылатын, жауапкершілік сезіміне ие, үнемі өзгеріп
отыратын əлемге шыдамды жəне оны рухани байытуға қабілетті адамды
тəрбиелеу болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пəні мен басқа да пəндердің интеграциясы не береді?
Интеграцияның негізгі мақсаты: мектеп бағдарламасының əртүрлі пəндерінің
тығыз өзара əрекеттесуі арқылы əлеуметтік-құндылық, адамгершілік-
психологиялық, əлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, психофизикалық
құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау.
45
2.3– сурет. Ш.А.Амонашвилидің сабақ өткізу сəтінен көрініс
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаушы Шалва
Александрович Амонашвили: «Барлық білім беру үдерісі жеке адамға деген
құрметке жəне оның адамгершілік дамуына ықпал етуге тиіс», - деп атап өтті
(2.3-сурет). Ең бастысы, пəнді оқыту емес, пəндік білім беру арқылы рухани-
адамгершілік дамуы. Ғалымның іс-тəжірибесін
көре келе, нағыз ізгіліктің
нұрын шашатын мұғалім қандай болуы керек екеніне көзіміз жетті. Болашақ
мұғалім мамандығын таңдаған жастарымыз ұлы педагогикалық жолда
табысқа жеткен тəжірибелі ұстаздар мен ізгілік педагогикасын жасаушы
ғалымдардың еңбектерімен жақынырақ танысу арқылы да рухани-
адамгершілік білім беру жолдарымен толық танысуға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: