Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет25/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Интеграция жолдары:
1. Ұлы ғалымдардың өмірінен жəне ғылымның даму тарихынан
шабыттандыратын мысалдар.
2. Қазіргі ғылымның ашылуымен танысу.
3. Әрбір оқу пəнінің мазмұнында жалпыадамзаттық құндылықтарды
анықтау.
«Өзін-өзі тану» пəні мен гуманитарлық пəндердің интеграциясы оқу 
пəндерін жанды сезімдермен толтырумен сипатталады, өйткені берілген 
құрғақ ақпараттың орны бейнелік біліммен ауыстырылуы қажет. Басты 
мақсат өсіп келе жатқан тұлғаның адамгершілік тұрғыдан дамуы, пəнді 
үйрету ғана емес, өз тəрбиесін жетілдіру болып табылады. Адамгершілік-
рухани білім беру бағдарламасының пəндерге интеграциялануы – бұл мектеп 
білімін жандандыру, рухани құндылықтар мен бірлік пен əр алуандықтың 
көрінісі негізінде пəндерді біріктіру, яғни біз үйрететін нəрсемен біртұтас 
бүтін 
құруымыз 
керек. 
Гуманитарлық 
бағыттағы 
пəндерді 
интеграциялаудағы мақсат өте нақты жəне қолжетімді: оқушылардың сын 
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау. Әрине, 
терең адамгершілік мазмұнда сұрақтар қоя отырып, біз білім алушыларды 
ойлануға итермелейміз. Сократ бойынша əңгімелесу нəтижесінде мұғалім 
оқушылардың білімін қалыптастырмай, тек қана таныс ақпаратқа көңіл бөле 
отырып, оқушыларды белсенді ойлау іс-əрекетіне итермелейді, оның 
барысында оқушы өзі мəселені түсінеді. Сыни ойлау дағдыларын дамыту-


46
тұрақты өзгермелі əлем жағдайында адамның өзін-өзі жүзеге асыруына 
ықпал ететін функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөлігі.
Гуманитарлық пəндерді интеграциялау – бұл оқытуды ұйымдастырудың 
жалпы құрылымын қайта пайымдауға, оқушыларды ақпаратты қабылдау, 
түсіну жəне ұғыну үдерісіне дайындауға, олардың бойында бүкіл əлемдегі 
барлық үдерістердің біртұтас ретінде өзара іс-қимылы туралы түсініктер мен 
түсініктерді қалыптастыруға ықпал ететін оқыту мен тəрбиелеудің 
ойластырылған процесі. «Өзін-өзі тану» пəнін гуманитарлық пəндермен 
интеграциялау сабақта ашылатын тақырыпта адамгершілік көзқарасты 
тереңдетуді, құнды құрамдауыштың мəнінің өсуін болжайды. Гуманитарлық 
пəндер мазмұны оқушылардың ішкі дүниесінің қалыптасуына əсер етеді. 
Оның құндылықтық əлеуетін күшейту (рухани-адамгершілік мəнінен, жеке 
тұлғаның оң ішкі қасиеттерін қалыптастыруға əсерін ескере отырып 
құндылықтық мəнінен оқу материалын іріктеу) оның тиімділігін арттыруға 
мүмкіндік береді. Білім берудің гуманитарлық циклі оқу пəндерінің өзара 
байланысты үш бағытын қамтиды: лингвистикалық, эстетикалық жəне 
қоғамдық-тарихи. «Өзін-өзі тану» пəні мен лингвистикалық цикл пəндерінің 
интеграциясы оқушылардың тілін байытуға, өз ойларын ауызша жəне 
жазбаша түрде жеткізе білуге мүмкіндік беретін пəндердің тілдік 
тұжырымдамасын көздейді. Шығарма тақырыптарын, диктант мəтіндерін, 
оқу мен пайымдауға арналған мəтіндерді таңдау құндылық мəнге жəне 
рухани- адамгершілік бағытқа ие. «Өзін-өзі тану» пəні мен эстетикалық цикл 
пəндерінің интеграциясы көркемдік талғамды, эстетикалық қажеттілікті 
дамытады, оқушыға өзін-өзі танытуға мүмкіндік береді. Әлемді эмоциялық 
қабылдау интеллектуалды, бұл эстетикалық цикл пəндерін маңызды етеді. 
Осындай пəндер арқылы оқушылар əр түрлі халықтардың мəдениетімен, 
дəстүрлерімен танысады,өз еліне, табиғатына, қоғамға құрметпен қарауды 
үйретеді. Таным процесі шығармашылық, практикалық қызметте жүзеге 
асырылады. «Өзін-өзі тану» пəні мен қоғамдық-тарихи цикл пəндерінің 
интеграциясы оқушылардың бойында ұлттық жəне жалпы мəдени 
құндылықтарға, ел тарихына құрметпен қарауды, дүниетаным мен құқықтық 
мəдениеттің негіздерін қалауды, азаматтылық пен патриотизмге тəрбиелеуді 
қалыптастырады. Жеке адамның өмірі мемлекеттің өмірімен байланысты 
екенін көруге мүмкіндік береді. Тек оң мысалдар ғана емес, оқушыларды 
теріс фактілермен таныстыру керек. Өйткені адамгершілік сабақтары 
осындай жағдайлардан да алуға болады. Оқушылар фактілер мен күндерді 
үйреніп қана қоймай, қоғамдық-тарихи цикл пəндерін зерттеу арқылы 
құндылықтарды аша білуі тиіс. 
Бүгінгі күннің нақтылығы мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға 
деген қажеттілікті ашу жəне балаларды жан-жақты өсіру, яғни жақсы мінезді, 
таза ар-ожданмен, адамгершілік қасиеттері бар адамды өсіру тəсілдерін іздеу 
қажеттілігін талап етеді. Бұл құндылықтар ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс 
əрекет, тыныштық жəне қиянат жасамау сияқты ақырында, мектеп адам 
тəрбиесінің барлық педагогикалық қызметінің мақсатына жетуге əкеледі. 
Мысалы, орта буында үш пəнді интеграциялаудың жоба-үлгісін ұсына 


47
отырып, мұғалім сұрақ қоя отырып та, біршама мəселені шешуге болатынын 
аңғару қиын емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет