Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А



бет3/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Мәтіндегі көркемсөздерді түсіндірудің тәсілдері

Жалпы алғанда, оқушының мәтіндегі көркемсөзді түсіну механизмін психологиядағы ассоциациялық ұстаныммен (М. Мұқанов) түсіндіруге болады.


М. Мұқановтың түсіндіруі бойынша ассоциациялық ұстанымды жүзеге асыру тәсілдері: көршілестік ассоциация, ұқсастық ассоциация, қарама-қарсы ассоциация, себеп ассоциациясы (Мұқанов М.М. Бақылау және ойлау. – Алматы: Қазмембас, 1959. – 118 б.).

Ерте дәуірдегі грек оқымыстысының бірі Аристотель (б.д.д. 384–322 жж.) осы келтірілген ассоциациялардың көбісін жобалап шешті. Бірақ бұл ерте заманнан бері белгілі болғанымен, ол тек И.П. Павлов ілімінің негізінде терең зерттеліп, дәлелденді. Бұрынғы оқымыстылар осы ассоциациялардың болатынын жобалағанымен, оның қалай іске асатынын ғылыми әдістермен зерттей алмаған еді. Олар ассоциацияларды сыртқы дүниеден келетін әсерлермен байланыстырмай, мида болатын өзінше бір бөлек күш деп түсінген. Осымен бірге олар бұл ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, онымен ой процестерін түсіндіре алмады.


И.П. Павлов ертедегі ассоциация ілімін қостап, мұны шартты рефлекс теориясымен ғылым жүзінде дәлелдеп, оның жасалуы сыртқы дүниенің әсерімен болатынын ашып берді. Адамның ойын түсінуге И.П. Павловтың екінші сигналдық жүйе туралы ілімінің үлкен маңызы бар. Екінші сигнал жүйесі тек адамға тән болғандықтан, сыртқы дүниені саналы түрде бейнелеуге мүмкіндік береді. Адамның екінші сигналдық жүйесінде жасалатын ассоциациялар бір-бірімен мәнді түрде байланысып тұрады. Мысалы, «тоғай» деген сөз осыған дыбыс жағынан ұқсас қарағай, терек, қайың және басқаларын еске түсіреді.
Осы мәнді ассоциациялардың қандай ерекшелігі бар? Екінші сигналдық жүйенің көлемінде қалыптасып, мәнді түрде бір-бірімен байланысатын бұл мәнді ассоциациялардың өзіндік ерекшелігі мынада: белгілі жүйеге салынып қалыптасқан ассоциациялардың бір тізбегі, басқа ассоциациялардың тізбектерімен байланысты болғандықтан, олар бір-біріне хабар («сигнал») беріп, бірін-бірі оятады. Мысалы, бір жасалған ассоциацияның тізбегі, оның екінші және басқа тізбегіне хабар беріп, сонымен бұл ойымыздың сайрап тұратынын жақсы дәлелдейді. Егер миымызда жасалатын ассоциациялар ешбір жүйесіз, бір-біріне байланысты болмай, үзілісті болған болса, онда ойлауға мүмкіндік те тумаған болар еді. Өйткені ассоциациялар үзілісті болғандықтан, біз бір ойдан екінші және т.б. ойларға көше алмас едік.
Осы ой тәсілдерінің мәтінді түсіну барысында жүзеге асуын нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеп көрейік.
Көршілестік ассоциациясының осылай аталуының себебі – бір нәрсені екінші көршілес нәрсемен бірге қабылдайтындықтан, 2–4-сынып оқушылары үшін сол жастағы баланың іс-әрекеті сюжеттік оқиға ретінде суреттелген мәтіндердің таңдап алынуы көршілестік ассоциацияның көрнекті мысалы бола алады. Мысалы, хрестоматиядағы Д. Қасеновтің «Өкініш» әңгімесіндегі Аңсардың басынан кешкен оқиғасы арқылы балалар нақты өмірде өз бастарында болған көршілес оқиғаны естеріне түсіруі мүмкін (әңгімеде Аңсар деген бала әп-әдемі күшігін бұзылған сағатқа айырбастап жібереді). Міне, осы әңгімедегі Аңсардың көңіл күйін түсіну өзі де осындай оқиғаны басынан кешкен бала үшін оңай өтеді.
Ұқсастық ассоциациясы мен қарама-қарсы ассоциациялар, әсіресе, көркем мәтіндердегі кейіпкерлерге қатысты қолданылған әсерлі сөздерді түсіндіруде жиі қолдануға болады. «Ұқсастық ассоциациясының табиғи негізі жүйке процестерінің жайылу (иррадиация) заңына және оның нәтижесінде болатын «шатастыру» процесімен байланысты». Біздің түсінігімізде бұл тәсіл ойлаудың салыстыру операциясынан өзгешелеу. Мысалы, Ф. Оңғарсынованың «Жылу» өлеңін алайық:
Жылылықтан жаралған Құшағы оның – таң мекен. Менің айдай анамнан Асқан сұлу бар ма екен?!

Мейірім – нұр төгілген Күн көзіндей жанары, Ойымды оқып өңімнен, Дірілдейді қабағы.


Жердегі бар тағамнан Ана сүті нәрлі екен. Бұл жалғанда анамнан


Сүйікті адам бар ма екен?!

Жер бетінің ғұмыры Күн нұрымен арайлы. Біздің үйдің жылуы Анамыздан тарайды.


Өлеңдегі айдай анам, жанары күн көзіндей, мейірімі – нұр төгілген, үйдің жылуы анамыздан тарайды деген сөз тіркестеріндегі көркем ойды ұқсастық ассоциациясымен түсіндіру тиімді.


Қарама-қарсы ассоциациялар. Әдетте кездесетін нәрселердің бәрі бір-бірімен ұқсас бола бермейді. Олар бір-біріне қарама-қарсы болып та кездесетіндіктен, мұны қарама-қарсы ассоциациялар дейді. Мысалы, біздің есімізге мейірімді, сүйкімді бейне түссе, дәл сол уақытта оған қарама-қарсы, тек өзінің қамын ойлайтын адамдардың бейнесі түсуі де мүмкін. Бұл өмірде жиі кездеседі. Өйткені есімізде түрлі нәрселерді, яғни бейнелерді салыстырғанда тек ұқсастығын ғана емес, тіпті қарама-қарсы жақтарын да еске аламыз. «Осындай жағдайдың табиғи негізі өзара оң индукцияның күшімен іске асады. Мәселен, бір нәрсе туралы ойлағанда, оған еш қатысы жоқ тежеліп тұрған мидың басқа орталықтары тежеуден қозуға айналады. Осының нәтижесінде кейде ойлап отырғанымызға ешқандай қатысы жоқ, басқа қарама-қарсы ойлар да келіп тұрады».
Оқулықтағы білім мен білімсіздік сөздерінің мағынасын түсіндіруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар қарама-қарсы ассоциацияларды қолдануға мысал бола алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет