Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А



бет38/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Саралау: «Нәтиже» әдісі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтап әрі басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі.
Сосын не білгенін айтуға өкіл өз тобына қайта оралады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір- бірлерінің жұмысын бағалайды.







Соңы 5 мин

Рефлексия.
Мұғалім оқушыларға рефлексияны жасайтын мынандай сұрақтар қояды:

  • Сабақ барысындағы көңіл күйің қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдің? Сен үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңды қалай бағалайсың?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ соңындағы көңіл күйің қандай болды? Неліктен?













Үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп оқы.













Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

46-сабақтың тақырыбы

Ұланымыз ұлы елдің

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.4.1 – мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар шығарма мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.
Кейбір оқушылар шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды, өз ойын дәлелдейді.

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ойсергек
Тілек айту.
Аспанымыз ашық болсын! Көк туымыз биік болсын! Ата-анамыз аман болсын!
Деніміз сау, еліміз тыныш болсын!

Оқушылармен хормен айтады.







Ортасы 35 мин

Мағынаны тану.
Ойқозғау
Туған елді көркейту үшін не істер едің?
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Мақсатқа сәйкес оқушылармен бірлесе отырып, жетістік критерийін анықтау.

Туған елді көркейту үшін не істеуге болатыны туралы өз ойларын ортаға салады.

Ерекше, ұтымды жауаптарды мадақтау.

Интербелсенді тақта




Білу. Оқылым.

  1. тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. Қастек Баянбай. «Ұланымыз ұлы елдің»



Түсіну.

  1. тапсырма. Өлеңнің басты сипаттарын біліп ал. Түсіндіріп айт.

Мұғалім оқулықта берілген сызба бойынша өлең құрылымы туралы түсіндірме жұмысын жүргізеді. Өлең жолы, өлең ұйқасы, тармақ, шумақ сөздеріне мән беріп, оқушылардың жете түсінулеріне жағдай туғызады.
Қолдану. Жазылым.

  1. тапсырма. Ұйқасып тұрған өлең сөздерін теріп жаз.

Үлгі: 1 – өлеңіміз, бөбегіміз, дегеніміз.

  1. Өлеңді іштей оқиды.

  2. Тізбектей дауыстап оқиды.

Өлең сипаттарын түсінеді.

Ұйқасып тұрған өлең жолдарын теріп жазады:



Мұғалім оқушылардың оқу техникасына назар аударады: сөздерді анық, сөйлемдердің ара- жігін ажырата, тыныс белгілеріне қарай отырып оқуларын қадағалайды.


Дескриптор:
– ұйқасып тұрған өлең жолдарын

Оқулық Жұмыс дәптері


https://youtu.be/Sb6f2p0kqdk










2 – ұланымыз, ұранымыз, бұлағымыз 3 – ұл-қызымыз, құндызымыз, жұлдызымыз.

табады.







Сергіту сәті.
«Қазақша би»
Талдау.
4-тапсырма. Сызбаға сай берілген өлеңнің бір шумағын талдап көрсет.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі арқылы өлең шумағын талдай алмаған оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Сызба бойынша өлең шумағын талдайды.

Дескриптор:

  • тармақ, шумақ, ұйқас ұғымдарын біледі;

  • өлеңді сызбаға сай талдайды.




Соңы 5 мин

Рефлексия. «Бір ауыз сөз». Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім,
қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойла- рын түсіндіріп береді.












Үй тапсырмасы.
Өлеңді мәнерлеп оқы.











Бөлім:

Менің туған өлкем

Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

47–48-сабақтардың тақырыбы

Не үйрендім?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар өз ойын жеткізе алады.
Көптеген оқушылар өз ойын тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбір оқушылар өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып, жүйелі жеткізеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы 5 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Ойсергек
Сабақтың ұранын хормен айту (тақтада көрсетіледі).
Біз білімді баламыз, Жақсы оқи аламыз. Қуантамыз ананы, Қуантамыз ұстазды.







Интербелсенді тақта




Топқа бөлу.
1-топ: «Атамекен» 2-топ: «Атақоныс» 3-топ: «Туған өлке» 4-топ: «Туған ел»
Сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын оқушылармен талқылау.
Миға шабуыл.

  • Балалар, біз қандай бөлімді аяқтадық?

  • Менің Отаным – Қазақстан.

Айтылым.
«Кім көп біледі?» мақал-мәтел сайысы. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтып жарысу.
Бөлім бойынша өткен білімімізді еске түсіріп, қайталайық.

Мұғалімнің нұсқауымен 4-ке дейін санау арқылы 4 топқа бөлінеді.


Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтады.

Мақал айтқан оқушыларды мадақтау.







Ортасы 35 мин

Жазылым. Топтық жұмыс.
Ақын-жазушыларға еліктеп, ойыңды көркем жеткізе аласың ба? Байқап көр. Бөлімдегі ақын-жазушылар қолданған әдемі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өз ауылың, қалаң туралы әңгіме құрастырып жаз.
«Атамекен» тобы: Табиғат көрінісі: мөп- мөлдір аспан, қол жетпес асқар, аппақ қардай ақ мақта, жұпар сепкен гүл, алтын дәнді дала.
«Атақоныс» тобы: Кешкі ауыл көрінісі: қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, түтіннің иісі де жағымды.
«Туған өлке» тобы: Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз, ертеңі жарқыраған жұлдызымыз.
«Туған ел» тобы: Туған жеріңе деген сезіміңді мына сөйлемдер арқылы білдіріп көр және олар кімдердің шығармаларынан алынғанын есіңе түсір:

  • Ыстық қой, шіркін, туған жер!

  • Отан, Отан, Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

  • Неткен сұлу, неткен көркем – Осы менің туған өлкем!

Саралау: «Нәтиже» әдісі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.
Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

Топтағы оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасайды. Қажет жағдайда мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Әр топ өз жұмысын ортаға салады. Әр топтан бір спикер ортада сөйлейді.



Дескриптор:





Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?












Соңы 5 мин

Рефлексия. «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі бойынша ойларын білдіреді.







МАЗМҰНЫ


О қ у - ә д і с т е м е л і к б а с ы л ы м




Қабатай Бидана Тұрсынханқызы Тлеулесова Динара Қайырбекқызы Қалиева Венера Амангелдіқызы
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-бөлім
Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған
Редакторы А. Хасенова
Көркемдеушi редакторы А. Лұқманов Техникалық редакторы М. Жансұлтанова Корректоры Е. Амангелді
Компьютерде беттеген М. Қуанова
ИБ №124

Теруге 24.04.2021 берiлдi. Басуға 18.07.2022 қол қойылды. Пiшiмi 60х841/8.


Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылыс. Қарiп түрi «мектептiк». Шартты баспа табағы 18,1.
Есептiк баспа табағы 4.85. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №6926.
«Атамұра» корпорациясы» ЖШC, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 75. Қазақстан Республикасы «Атамұра» корпорациясы» ЖШС-нiң Полиграфкомбинаты, 050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесi, 41.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет