Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А


ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ



бет2/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫН МЕҢГЕРТУ ЖОЛДАРЫ





  1. Көркем мәтіндерді оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану

Біздің ойымызша, кез келген оқыту технологиясын сол сипатталған қалпында білім беру үрдісінде қолдана беруге болмайды. Әсіресе бастауыш сатыда оқыту технологиясын оқушының уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей және баланың өзі түсінетіндей әрі оны жетілдіретіндей етіп икемдеп қолдану қажеттілігі туындайды. Мәселен, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдерінің барлығын бірдей бастауыш сыныптарда қолдану тиімді нәтиже бермеуі мүмкін. INSERT, ЖИГСО-1, ЖИГСО-2 т.б. стратегиялар 2-сынып балалары үшін күрделілеу. Сондықтан ұстаздар кез келген әдісті таңдарда аса мұқияттылық танытып, керегін дұрыс таңдай алуы абзал. Қазіргі кезде ғаламторда, кейбір әдебиеттерде «сыни тұрғысынан ойлау – сынау емес шыңдалған ойлау» деген анықтамадан аяқ алып жүре алмайсыз. Сонда шыңдалған ойлау деген не? Мүмкін бұл тіркестің мағынасын дамыта оқыту технологиясында сипатталғандай, оқушыны практикалық ойлауға, яғни ойлау операцияларын қолдана алуға, атап айтқанда, салыстыруға, талдауға, жинақтауға, пікір айтуға төселдіру деп айтқанымыз әлдеқайда түсініктірек болар еді. Дегенмен сыни тұрғысынан ойлау технологиясынан оның мазмұнын құрайтын



  1. қызығушылықты ояту,

  2. мағынаны ажырату,

  3. ойтолғаныс құрылымы

дегендерді оқулық құрастыруда басшылыққа алдық.
Қызығушылықты ояту – оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлеріне еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізулеріне күш алуларына және орындалуы керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Сонымен қатар оқушының жаңа идея мен мәліметтерді үйренуге және оны өзіндегі білім негізімен ұштастыруда іштей немесе сырттай белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады. Қызығушылықты ояту ұзақ әрі сапалы оқытудың қажетті психологиялық негізін салады. Біздің оқулықта ойқозғау әдісімен берген тапсырмаларымыз оқушының сабаққа қызығушылығын тудыру мақсатын көздейді.
Мағынаны тану фазасы оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кездесіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, бейнетаспа, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қайсысы болмасын осы кезеңде қамтылады. Оқушылар жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттың жаңа мазмұнға қолданбалылығы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпарат пен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет. Оқушылар жаңа идеяны қабылдайды, ескі мен жаңаны ұштастырады, ойлау қабілетін кеңейтіп, не түсінгенін анықтайды. Оқулықтағы ойжалғау, түртіп ал, топтық, жұптық, ұжымдық, сондай-ақ кесте, сурет, сұрақ түрінде келтірілген тапсырмалар – осы кезеңнің тапсырмалары.
Ойтолғаныс үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде оқушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе бір зерттеуді бастаумен айғақталады. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің ойын нақтылайды, қатарластары мен мұғаліммен кері байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді. Іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта көз жіберіп, өзгерістер енгізеді. Бұл – ең ұзақ та маңызды кезең.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет