Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А



бет6/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Әдебиеттік оқу сабақтарында ойындарды қолдану

Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әрбір баладан белгілі мөлшерде қатынас жасау қабілетін талап етеді. Сондай-ақ ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.


Екінші сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығы мен хрестоматияда ойынның жоғарыдағыдай мүмкіншіліктері ескеріліп, қазақ ауыз әдебиетінің айрықша саласы – ойын фольклоры, яғни санамақтар, сұрамақтар, қаламақтар, айтыс ойындары берілген. Ойын жырларының атқаратын қызметі – балалардың сөйлеу тілін дамыту.
Сондай-ақ оқыту әдістемесінде баланы ойлауға үйрететін «Күн шұғыласы», «Балық» ойыны, «Пікірлер ағашы», «Адасқан сөздер» ойындарын жүргізу жолдарына жеке-жеке тоқталып өтейік.
«Күн шұғыласы» ойыны оқушыларға ортасында тақырып не сурет салынған күннің шуақтарының аттарын жазу арқылы тапсырылады. Мысалы, ойынның үлгісі мынадай:

  1. «Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыңа нені елестеді? Сызбаны толтыр.


Сондай-ақ суретке қатысты берілген ойынның үлгісі мынадай:

  1. Тиін мен түлкі туралы не білесің? «Күн шұғыласына» не білетініңді жаз.



  1. Өлеңге сүйеніп, «қарт» ұғымына мағынасы жуық сөздерді теріп жаз. Ол сөздерді

«Күн шұғыласына» орналастыр.


Ойын түрінде берілген осы тапсырманы орындау барысында оқушы «қарт» сөзінің синонимдік қатарлары қария, тірі шежіре, баба, ата екендігін табады. Тапсырма күрделі, ал ол ойын түрінде келтірілгендіктен – оқушы үшін қызықты, сондықтан жылдам орындалады.


Бұл ойынды кейде сабақ басталмас бұрын ойқозғау әдісі арқылы Тақырыпты болжау үшін (мысалы, оқылатын мәтінге байланысты «амандасу, сәлемдесу» дегенді қалай түсінесің?» деген сұрақ түрінде) қолдануға болады. Мәтін оқылып біткеннен кейін оқушының осы бағытта қаншалықты білімін көтергенін байқау үшін осы сұрақты тағы қойып, күн шұғыласының аттарын тапқызу арқылы сабақты қорытуға болады. Сонда мәтін оқылмас бұрын бір-екі ғана күн шуағының аты аталса, мәтін оқылғаннан кейін үш-төрт күн шуағының аттары табылып, балалар да, ұстаз да өз еңбектерінің нәтижесін (мәтін бойынша дұрыс жұмыс жүргізілгенін, оқушының түсінгенін т. б.) көре алады.
«Күн шұғыласы» ойынын жеке де, топтық түрде де ұйымдастыра беруге болады.

  1. Оқулықта ребус та берілді. Ребус шешу – балаларды логикалық ойлауға үйрететін танымдық жаттығу. Ребусты қолдану белгілі бір дидактикалық мақсатты көздейді. Мысалы, ребусты дұрыс шешсең, келесі ертегінің аты шығады.



Ең алдымен мұғалім оқушылардың ребуста бейнеленген заттардың дұрыс атауын қадағалауы керек: сағат,,,, қалам,,,,, ине,,, ,,шана. Содан кейін берілген үтірлерге сәйкес әріптер алынып тасталады.



  1. Оқулықта сөзжұмбақтар көбірек берілді. Сөзжұмбақ шешу де баланы ойлануға, ой операцияларын қолдануға жетелейді.

Ескерту. Оқулықтағы әр бөлімнен кейін берілетін «Не үйрендім?» сабақтарын (15, 27, 37, 47–48-сабақтар) әр мұғалім сынып оқушыларының білім деңгейіне сәйкестендіріп өткізгені дұрыс деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет