Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А



бет4/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
тапсырма: Суретке зер сал.

«Білім» деп аталатын күннің сәулелеріне ат ойлап тап. Күннің түсі қандай? «Білім» атты күннің түсі неге осындай (қызыл немесе жарық) деп ойлайсың?



  1. тапсырма: «Білімсіздік» атты күннің түсі неліктен сұр деп ойлайсың? Оның сәулелерін қалай атар едің?

  2. тапсырма: Саған қай күн ұнайды? Өзің күннің суретін қандай түспен салар едің?

Өз бетіңше күннің суретін салып, сәулелерін қалай атайтыныңды жаз.
Ассоциацияның ендігі соңғы түрі – себеп ассоциациясы. Бұл ассоциация ойды тиянақты дәлелдеуде ерекше орын алады. Мұның себебі ой процесі бір немесе бірнеше қорытындыға келіп дүниедегі құбылыстардың өзара байланысын, себебін шешуге бейімделеді. Мысалы, хрестоматиядағы С. Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» деп аталатын көркем мәтінді алайық. Осы сұрақты оқушыларға бірден қойсақ, түрлі жауаптар алуымыз мүмкін, бірақ «дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс – әркімнің өз мекені, өз жері екен» деп келетін мәтіннің өзінде айтылған дұрыс та дәлелді жауапқа кейіпкерлер – құрбақа, тышқан, құмырсқаның басынан кешкен түрлі оқиғаларды талдау арқылы ғана көз жеткіземіз: жақсы мекен, жайлы қоныс іздеп шыққан құрбақа, тышқан, құмырсқа шалшық судан шыққан борсыған иістен жиіркеніп тұрса, көкқұтан «бұдан артық жайлы қоныс жоқ» деп мақтанады; жазық даланың ми қайнатқан ыстығына шыдамаған кейіпкерлерді «осы жерден артық ешқандай мекен жоқ» деп шырылдаған бозторғайдың іс-әрекеті таңғалдырады; қатты жаңбырға тап болып қиналған кейіпкерлер «жауынды жерге не жетсін!» деп мәз-мейрам болып жатқан жауынқұрттарды кездестіреді. Ертегі-мәтіннің түйінді ойы өзімізге таныс кейіпкерлердің сөзінен аңғарылады.
«Құрбақа, тышқан, құмырсқа бұдан әрі ілгері жүрмеді. Кейін қайтты. Арып-ашып, іңір қараңғысында өз мекен, өз қоныстарына әрең оралды.
Тышқан жып беріп өзінің ініне еніп кетті де, түбіне қарап жатып:

  • О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз, – деді.

Құмырсқа да өз илеуіне келіп кірді де:

  • О, шіркін! Дүниеде менің илеуімнен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ, – деді.

Ал құрбақа да өзінің орнына секіріп түсіп:

  • О, шіркін! Дүниежүзінде менің орнымнан жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?

Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке, – деді».
Сонымен, М. Мұқановтың «Лингвопсихология тіл мен психологияның шегарасы болып есептеледі, лингвопсихологияның объектісі – ойды түзетудегі (дамытудағы – Қ.Б.) мәтіннің атқаратын қызметін зерттеу» (Мұқанов М.М. Ойды этно және лингвопсихология тұрғысынан дәлелдеу. – Алматы: Ғылыми методикалық кабинет, 1971. – 47 б.) деген пікірін ескерсек, баланың мәтінді түсінуіне қол жеткізу – оның ойын дамытудың алғышарты. Психолог ой мен тілдің өзара қатынасын генетикалық және функционалдық бағытта қарастыру кезінде кереғар пікірлер болуын заңдылық деп санайды. Функционалдық бағыт деп есептейді. …Ой процесінің түрлі жұмбақ міндеттерді шешудегі атқаратын қызметі, ал генетикалық бағыт сөйлеу әрекеті кезінде пайда болған ойлау деп есептейді. Кейбір зерттеушілер ой мен тілдің арасында ешқандай байланыс жоқ дегенде, олар ойдың функционалдық жағын алып қарастырады. Шынында, бұл дұрыс, өйткені ойды қызмет жағынан алып қарастырғанда, ептілік, тапқырлық, тілді жетік білетін сипаттарға байланысты болып келмейді. Ол тәрбие үстінде, сол адамдарды қоршаған мәдени жағдайларға байланысты дамиды.
Ал ой мен тілдің өзара қатынасын генетикалық бағыт тұрғысынан алып қарасақ, онда мәселе мүлде басқаша болып шығады. Ой процесінің жүзеге асуы сөйлеу әрекетінің негізінде болмақ.
Мұқановтың теориясына сүйеніп, ой процесінің ішкі механизімін түсіндіріп көрейік. Әдетте, ой адамда бірден пайда болмайды. Ол үшін оны тудыратын жағдай, яғни қажеттілік керек. Психолог Мұқанов «Қажеттіліктің нәтижесінде ойлану бірден пайда болмайды, бұлардың арасында ниет бар», – дей келіп, ниетке «Адамның тек өзіне әйгілі, бірақ сөз
«қабығына» әлі енбеген – оның ішкі ойы» деген анықтама береді, яғни адамның алдағы істерін не айтылатын сөздерінің жоспарын іштей құруы. Осы жоспардың жүзеге асып,
орындалуының екі түрлі жолы бар: егер ниет сол адамның өзіне ғана арналса, онда ол сыртқа (өзге адамдарға) бағытталмайды, «үнсіз сөйлеу деп аталатын алапта» (М. Мұқанов) қалады. Ал егер сол ниеттің дұрыс не бұрыс екенін тексерудің қажеті болмаса, онда жоспар (ниет) жөнінде мәлімет бірден сыртқы сөйлеуге, яғни қарым-қатынасқа арналады. Кейде үнсіз сөйлеудің қорытындылары ұғым, пікір түрінде сыртқы сөйлеу алабына да беріледі. Соңғы жағдайда үнсіз сөйлеу тек ішкі жоспар алабы арқылы сыртқы сөйлеу алабына жіберіледі. Міне, ойлау деп «ниет алабының үнсіз сөйлеу алабымен үздіксіз байланыста болу процесі» (Мұқанов) аталады да, ал егер ішкі жоспар туралы мәлімет үнсіз сөйлеу алабына бұрылмай, бірден қарым-қатынасқа жіберілсе, онда оны ойлау процесі деп атауға болмайды. Себебі, сөйлеу арқылы бір адамнан екінші адамға ой процесінің өзі берілмей, оның тек жемісі (ұғым, пікір т.б.) ғана келеді. Әдетте, адамның өзгелерге білдіргісі келмейтін ниеті де болады: себебі, ол әлі сол ойының дұрыс, не бұрыс екеніне көз жеткізген жоқ. Сондықтан ол өзінің ниетін өзгелерге жарияламай тұрып, алдымен өз санасының талқылауына салады. Егер осының нәтижесінде оның ниетінің қате екені анықталса, онда ол сол ойын өзгелерге айтпауы да мүмкін. Осыдан келіп ой мен ойлау ұғымдарының арақатынасын ажырату қиын.
«Ойлау терминінің негізгі мағынасы ішкі жоспар алабынан келген мәліметтерді үнсіз сөйлеу арқылы тексеруден тұрады» (М. Мұқанов). Демек, «Естіртіп сөйлеу өзгелермен қатынас жасаудың құралы болып есептелінсе, үнсіз сөйлеу ойланып-толғанудың құралы болып саналады» (М. Мұқанов). Қорыта айтқанда, психолог М. Мұқановтың осы айтқандарының мәтінді қабылдау механизмін түсінуге тигізер ықпалы зор болмақ.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет