2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;
2.2.4.1 – мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
2.2.6.1 – кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау.
Сабақтыңмақсаты
Барлықоқушылар берілген тапсырма бойынша өз ойын жеткізеді.
Көптеген оқушылар шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды, кейіпкердің сыртқы келбетін, мінез- құлқын сипаттайды.
Кейбір оқушылар шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды, өз ойын дәлелдейді; кейіпкерге баға береді.
Сабақтыңбарысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басталуы 5 мин
Психологиялықахуал қалыптастыру. Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Қимылдарды жасайды.
Ортасы 30 мин
Ойқозғау «Күншұғыласы»ойыны. 1-тапсырма. «Менің мектебім» дегенде көз алдыңа не келеді, кімдер елестейді?
Тақтада берілген күн шұғыласына қажет сөздерді таңдап іледі.
Дескриптор: – мектеп тақырыбына қатысты сөздерді біледі.
Оқулық
Топтықжұмыс. тапсырма. Бір суретті таңдап алып, сол бойынша әңгіме құрастыр.
Жұптықжұмыс.«Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі тапсырма. 1-сурет қандай мәтінді еске түсіреді? Кітапты жылатқан оқушыға не айтар едің?
Оқушылар топта ақылдасып, сурет бойынша әңгіме құрастырады.
2–3 оқушы өз ойын ортаға салады.
Мұғалімнің ауызша баға беруі. «Өте жақсы!», «Тамаша!»,
«Керемет!», «Жақсы!»
Сергітусәті. Ұзын мұртты құмырсқа Келе жатты жұмысқа.
Допты алып қолыма, Қойдым оның жолына. Оң жағына қарады, Сол жағына қарады,
«Үлкен тау» деп ойлады.
Қимылмен көрсетеді.
4-тапсырма. Қорытынды ойы бар, үгіт- насихат айтылатын шығарманың түрі: а) өлең;
ә) мысал; б) ертегі; в) әңгіме.
Соңы 10 мин
Керібайланыс. «Әткеншек»әдісі
Оқушылар екі шеңберге тұрғызылады. Бөлім бойынша сұрақтар қою және жауап беру ұсынылады. Сыртқы шеңбердегі оқушыларға сұрақтар қою, ішкі шеңбердегі оқушыларға жауап беру тапсырылады. Оқушылар жұптарымен сағат тілі бойынша ауысып отырады.
Оқушылар бір-бірін
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Бөлім:
Меніңтуғанөлкем
Педагогтіңаты-жөні
Күні:
Сынып:
Қатысушыларсаны:
Қатыспағандарсаны:
№38-сабақтыңтақырыбы
Туғанжер
Оқу бағдарламасына сәйкесоқыту мақсаттары
2.1.5.1 – өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
Сабақтыңмақсаты
Барлықоқушылар берілген тапсырма бойынша өз ойын жеткізеді.
Көптегеноқушылар өз ойын тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Кейбіроқушылар өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.
Сабақтыңбарысы
Сабақтың
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
кезеңі/уақыты
Басталуы 5 мин
Психологиялықахуал қалыптастыру. «Туған өлке» тақырыбына кластер құрастыру.
«Менің туған өлкем» атты жаңа бөлім бастаймыз.
Сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын оқушылармен талқылау. Жетістік критерийлерін анықтау.
«Туған өлке» тақырыбына қатысты сөздерді тақтаға жазады.
Ортасы 35 мин
Мағынанытану. Ойқозғау 1-тапсырма. Оқулықтағы сөзжұмбақты шешу.
Отан ... басталады (отбасынан).
Туған жерге ... тік (туыңды).
Ел іші – ... бесік (алтын).
Отан ... да ыстық (оттан).
Сөзжұмбақты шешеді.
«Отан» сөзін басқаша атайды.
Мадақтау.
Интербелсенді тақта
Жасыл бояулы торкөздердегі сөзді дауыстап оқы. Отансөзін басқаша қалай атауға болады?
Айтылым. 2-тапсырма. Қара әріппен жазылған сөздерді іштей оқы. Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып, дауыстап айт.
Отаным,туғанжерім,атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің ... – Қазақстан.
Оқушылар кезекпен оқиды. Менің Отаным – Қазақстан. Меніңтуғанжерім– Қазақстан. Менің атамекенім – Қазақстан. Менің туған өлкем – Қазақстан. Менің туған елім – Қазақстан.
Оқушылардың мәнерлеп оқу техникасына назар аударылады, дауыс екпінін дұрыс қойып оқыған оқушыларды мадақтау арқылы басқа оқушыларды да солай оқуға ынталандыру.
Мағынанытану. Білу. Түсіну. Жазылым. 3-тапсырма. Өткен сабақтарда Қартқожа туралы әңгіме оқығансың. Ол қай жазушының кейіпкері еді?
Ж. Аймауытов туралы білетініңді төмендегі сызба бойынша дәптеріңе түсір.
Оқылым.4-тапсырма. Қартқожа туған жерін қалай жақсы көретінін білгің келе ме? Онда төмендегі әңгімені оқы. Жүсіпбек Аймауытов.
«Қартқожаның туған жері»
Сөздікжұмысы.«Сәйкестендіру» әдісі арқылы өткізуге болады.
Үйбасы – әр үй.
Ашамай – жас балаға арнап жасалған ер-тоқымның түрі. Етбауыржақын – өте жақын туыс. Шерсіз – қайғы-мұңсыз.
Жетесіз – ақылсыз, ақымақ.
Автор туралы еске түсіреді.
Оқушылар тізбектей дауыстап оқиды.
Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, жаңа сөздерді анықтамасымен сәйкестендіреді, дауыстап оқып береді.