Бағалаушының құқықтарына мыналар кіреді:
1) Бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бағалау әдістерін дербес қолдануға құқылы;
2) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаға толық көлемде қол жеткізуді қамтамасыз етуді бағалауды жүргізу кезінде Тапсырыс берушіден талап етуге құқығы бар;
3) Тапсырыс берушіден бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті түсіндірмелер мен қосымша мәліметтер алуға құқылы;
4) қажет болуына қарай шарттық негізде өзге бағалаушыларды не басқа мамандарды бағалау жүргізуге қатысуға тартуға құқылы;
5) егер Тапсырыс беруші Шарттың талаптарын бұзса, бағалау объектісі туралы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етпесе, бағалау жүргізуден бас тартуға құқылы;
6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, үшінші тұлғалардан бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқылы.
Егер көрсетілген ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерінің сенімділігіне елеулі түрде әсер еткен жағдайда, бағалаушы мұны есепте көрсетеді.
Бағалаушы міндеті
Бағалаушы міндеттеріне мыналар жатады:
1) бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде осы Заңның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;
2) объективті бағалау жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан бағалау жүргізуге өзінің қатыса алмайтыны туралы Тапсырыс берушіге хабарлауға міндетті;
3) бағалау жүргізу барысында тапсырыс беруші мен үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті;
4) уәкілетті орган өкілінің және Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруге міндетті;
5) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргізу барысында тапсырыс берушіден және үшінші тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге; ;
6) объектіні тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және Тапсырыс берушіге бағалау туралы есеп беруге міндетті;
7) хронологиялық тәртіппен бағалау жүргізуге шарттардың нөмірленуін көрсете отырып, бағалау жүргізу есептерінің кітабын жүргізуге міндетті;
8) бағалау туралы жасалған есептерді 5 жыл бойы сақтауға міндетті;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға бағалау туралы сақталатын есептердің көшірмелерін немесе олардың заңды талап етуі бойынша ақпарат беруге міндетті.