Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет123/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

9.4. Валюта - биржалық тауар
Әр мемлекет ішкі тауар-ақша айналымында өз ұлттық валютасын қолданады. Ал шетелдік несие, инвестициялар, мемлекетаралық төлем бойынша және т.б. сыртқы саудада есеп айырысқанда қолданылатын біртектес халықаралық айырбас құралының болмауынан өз ұлттық валютасын басқа ел валютасына айырбастау қажеттілігі туындайды. Валюта деп әр елдің ақша бірлігін айтады. Валюта бір елдің ақша бірлігінің атауымен аталады, мыс, АҚШ доллары, Жапонияның иені, Ұлыбританияның фунт стерлингі және т.с.с Әдетте онымен бағалы қағаздарды, төлем құралдарын, сондай-ақ асыл металдардың құнын белгілейді.

Валюта - ерекше тауар. Валютаны сатып алу-сату операциясы үшін әр валютаның бағамын білу керек. Валюта бағамы салыстырылатын екі валютаның ара қатынасын білдіретін көрсеткіш. Басқаша айтқанда, валюта бағамы - ол бір елдің валютасын сатқанда немесе сатып алғанда оны басқа елдің валютасымен көрсеткен баға. Валюта бағамын валютаға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық нарық айқындайды немесе мем­лекет (әдетте мемлекеттің Орталық банкі) белгілейді. Валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс үнемі өзгеріп тұратындықтан, валюта бағамы - өзгермелі көрсеткіш. Ұсыныс шектеулі бол­са, валюта бағамы жоғарылайды, ал ұсыныс көп болса, валюта бағамы төмендейді.

Валюта бағамын айқындағанда тікелей және кері баға кесу әдістері қолданылады. Ол үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен анықталады. Ең көп тарағаны - тікелей баға кесу әдісі. Әдетте, шетел валютасының 100 бірлігі ұлттық валютаның белгілі бір сомасының өзгермелі көлемін көрсетудің негізі болып табылады. Мыс, Швейцария франкінің бағамы 72,5505 Голландия гульденіне тең деген 100 гульденге 72,5505 Швейцария франкін береді дегенді білдіреді.

Кері баға кесу әдісі сирек қолданылады. Оның негізі болып ұлттық валютаның нақты сомасы алынады. Kepi баға кесу деген тікелей баға кесуге кері келетін мөлшер. Ол негізінен Англияда қолданылады. Себебі 1971 жылға дейін Англияның ақша-несие аясында ондық жүйе болмағандықтан тәжірибеде кері баға кесу әдісін қолдану оңай болды. Осы әдісті кейіннен ондық жүйе енгізілген соң да сақтап қалды. Кері баға кесу мына теңдікпен өрнектеледі: 1 ф. стерлинге .8260 АҚШ доллары.

Валютаны сатып алуда және сатуда валюта бағамы әртүрлі бо­лады. Атап айтқанда:


  1. Банк валютаны сатып алушының бағамымен алды делік. Мыс, 72,5505 Швейцария франкінің бағамы 100 Голландия гульденіне тең деген, бұл банк 72,5505 швецария франкіне 100 гульден алуға дайын дегенді білдіреді. Сөйтіп, 1 шетел валютасына ұлттық валютаның белгілі бір сомасын алуға болады.

  2. Банк валютаны сатушы бағамымен сатады. Мыс, 72,5505 Швейцария франкін сатушы бағамы 100 гульденге тец деген, бұл банк 100 гульденге 72,5505 Швейцария франкін алуга дайын дегенді білдіреді. Сатушы мен сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржа деп аталады, ол банктің пайдасын құрайды. Оны банк өз шығындарын өтеуге жұмсайды. Ол айырма әрбір нақты валюта мәмілесі үшін оның сатылу уақыты мен сатылу орнына байланысты өзгеріп тұрады. Соңғы кездері алдыңғы қатарлы валюталар бойынша сатып алушы мен сатушы бағамының айырмасы едәуір қысқарды. Валюта операцияларын жүргізу үшін жұмсалатын шығындар компьютерлік техниканы енгізу және са­уда айналысының өсуі есебінен азаюда.

  3. Сатып алушы мен сатушы арасындағы бағамның орташа арифметикалық шамасын анықтау үшін ұзақ уақыт аралығындағы экономикалық салыстыруға арналған орташа бағам қолданылады. Шындығында бұндай бағам іс жүзінде қолданылмайды, дегенмен оның мөлшерін бұқаралық ақпарат құралдары күнбе-күн хабарлап тұрады.

  4. Қазіргі кезде валюта операцияларын жүргізгенде екі ше­тел валютасының бағасын білдіретін кросс-курс бағамы кең қолданылуда. Мұнда мәмілеге қатысушы ұлттық валютаның бірде-біреуі қатыспайды. Мысалы, швейцария банкінің 100 неміс маркасына шаққандағы бағамы 24,0735 фунт стерлинг делік, ол германия банкінің 100 швейцария франкіне бағамы - 37,7324 франция франкіне тең дегенді көрсетеді.

1950 жылдан валюта нарығындаАҚШ доллары артықшылықты жағдайда болғандықтан кез-келген елдің ұлттық валютасының бағамы АҚШ долларының бағамына қатысты есептеліп, ұлттық валютаның бағамы АҚШ долларымен айқындалады. Мыс, егер швейцария банкі швейцария франкінің швед кронына шаққандағы бағамын тапқысы келсе, онда ол екі валютаның бағамының АҚШ долларына, содан соң швейцария франкінің швед кронына шаққандағы кросс-курсын табады:

X швейцария франкі = 100 швед кронына;

3,7946 швед кроны = $1 АҚШ долларына;

1,9872 швейцария франкі = 1$ АҚШ;

Сонда, 100 швед кроны = = 52,3692 швейцария франкі болады.

Валюта еркін (немесе ішінара) айырбасталымды болса, яғни оны халық пен ұйымдардың сатып алу-сатуына мемлекеттік шек­теу қойылмаған жағдайда ғана шетел валютасымен биржалық сауданы ұйымдастыруға болады. Әдетте шетел валютасын американдық долларға, ағылшын фунт стерлингіне, еуроға және т.б. кейбір валютаға шаққандағы биржалық класпен (бағамен) айналысқа түсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет