Голландиялық аукционда сатушының алғашқы ұсынған бағасы жоғары болады, сауданы жүргізуші бірден бірге төменгі ставка ұсынып, ақырында соның біреуін қабылдайды. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың ұсынылған бағамы көңілінен шыққан бірінші сатып алушыға сатылады.
Тәуекелге салу немесе сырттай аукционында барлық сатып алушылар бір уақытта бірден өз ставкаларын ұсынады. Бағалы қағаздарды ең жоғары ұсыныс жасаған клиент алады.
Қорыта айтқанда, жай аукцион я сатушылар, я болмаса сатып алушылар аукционы, ол сұраныс пен ұсыныс көлемі аз жағдайда ұйымдастырылады. Ал қор нарығы кең ауқымды дамыған жағдайда қос аукцион жүйесін ұйымдастыру тиімді болады. Онда сатушылар арасында да, сатып алушылар араұсында да бәсекелестік болады. Қос аукцион «бір дүркін» және үздіксіз аукциондар болып бөлінеді.
Аукциондардың жіктелуі
Жай аукцион
Аукцион барысындағы баға
Қос аукцион
Сауда жүргізетін уақыты бойынша
Көтеріледі (сатып алушылар бәсекелеседі)
Төмендейді (сатушылар бәсекелеседі)
Берілген мәлімдемелерге байланысты белгіленеді
«бір дүркін» («дүмпу») аукционы
Үздіксіз аукцион
Ағылшын аукционы
Голландия аукционы
Құр тәуекелге салу аукционы
Аукциондық сауда жүргізудің техникасы бойынша
«айғалау» аукционы немесе дауыс аукционы
Жартылай ауызша, жартылай жазбаша аукцион
Жазбаша аукцион
Негізіндегі аукцион
Достарыңызбен бөлісу: |