14.4. Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
Фиксинг деген шетел валютасын сату мәлімдемелерінің көлемі оны сатып алу мәлімдемелерінің көлеміне тепе-тең келген сауданың жағдайы. Фиксингке жету сәті - сауданың (аукционның) аяқталу сәті. Фиксингке жету үшін бірсыпыра ережелерді орындау керек.
Егер ұсыныс сұраныстан көп болса, онда маклер валюта бағамын төмендетеді; ал ұсыныстан сұраныс көп болғанда керісінше, маклер шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамын көтереді. Мысалы, валютаны сатып алу көлемі 1200 шартты бірлікке тең, ал сату көлемі - 800, яғни сатып алу көлемі сату көлемінен көп. Бұл валюта бағамын көтеру керектігін көрсетеді. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін я сатып алу көлемін азайту, немесе сату көлемін көбейту керек.
Егер сатып алу көлемі 800 шартты бірлікке теңгерілсе, ал сату көлемі - 1200 болса, яғни сату көлемі сатып алу көлемінен жоғары, онда валюта бағамы төмендей бастайды. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін, я сату көлемін азайту, немесе сатып алу көлемін көбейту керек.
2. Шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы алғашқы бағам өзгерісінен кейін бағамның қозғалысы бағытын өзгертпеу керек.
3. Сауда барысында шетел валютасының ұлттық валютаға
шаққандағы бағамының өзгерісін тек маклер айқындайды.
Саудаға қатысушылар сатып алу немесе сату сомасының өзгеруі туралы қосымша мәлімдемелерді өз дилерлері арқылы береді.
Қосымша мәлімдемелерді өзгерткенде олардың мына түрлері қолданылады:
а) сатуға валютаны қосатын;
ә) валютаны сатып алу көлемін арттыратын;
б) валютаны сатып алу көлемін төмендететін;
в) валютаны сатудан шығаратын.
Қорыта айтқанда, фиксингке жеткеннен соң бағамдар валюта залының кестесіне енгізіледі. Биржа сатып алушы мен сатушыныц орташа бағамын баспасөзге дереу шығаруды ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |