14.3. Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
Бірыңғай бағам белгілеу әдісі бірыңғай баға белгілеуге негізделген. Мысалы, ол жабыққос аукцион негізінде неміс биржаларында қолданылады. Бұндай жағдайда биржалық бағаны белгілегенде бағамдық маклер деп аталатын ресми делдалдардың мәмілелері ғана ескеріледі. Қор құндылыктарының әрқайсысына сұраныс пен ұсыныс мәлімдемелерін арнаулы маклерлер қабылдайды. Олар белгілі-бір уақытта биржа залының бір нақты жеріне жиналып, нақты бағалы қағаздарды алуға мүдделі жактардың қатысуымен сұраныс пен ұсыныстың ең көп сомасын өтей алатын бағамды белгілеуге кіріседі. Егер нарықта мәлімдеме саны аз болса, онда олар нарықты теңестіре алатын тапсырысты залда айғайлап айтады. Егер ол мәлімдемені өз атынан шығаратын қолдаушы бос маклер тапса, онда осы мәлімдемені бағамдық маклер компьютерге енгізеді. Сонда ғана осы нақты бағалы қағаз бойынша нарық тепе-тең қалыпқа келеді.
Бағам белгілегенде белгілі-бір тәртіпті қолдану керек:
биржалық бағамды ең көп мәміле санын қамтамасыз ететін деңгейде белгілеу керек;
барлық мәлімдемелер алғашқы баға ұсынысы шыққанда «кез-келген бағаммен сату», «кез-келген бағаммен сатып алу» деген ұсыныспен жүзеге асырылуы керек;
сатып алғанда бағаның ең жоғарғы деңгейі және сатқанда ең төмен баға көрсетілген барлық мәлімдемелер жүзеге асырылуы керек;
сатып алғанда бағаның ең жоғарғы, ал сатқанда ең төменгі деңгейі көрсетілген барлық мәлімдемелер жарым-жартылай сатылуы мүмкін;
сатып алғанда көзделіп отырған бағамнан төмен немесе сатқанда жоғары баға көрсетілген барлық мәлімдемелер сатылмайды.
Сонымен, бірыңғай бағам белгілеу әдісі бойынша белгіленген биржалық бағаны акпарат құралдарында жариялау үшін қосымша өңдеудің және дайындаудың қажеті жоқ. Тек алдыңғы саудамен салыстырғанда бағаның өсуін немесе төмендеуін, яғни баға қозғалысын есептеу қажет.
Жай және үздіксіз аукциондарға тіркеу әдісі бойынша белгіленген баға бір-біріне сәйкес келеді. Себебі биржалық бюллетеньде биржалық күнде мәмілелердің нақты тіркелген бағасы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |