15.1. Сурет. Фьючерстік шарт бойынша мәмілені жасау және орындау тәртібі 2. Брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасу. Фьючерстік
нарықта делдалдық қызмет атқаратын фирмамен клиент шарт жасайды. Шартқа сай клиент делдалдық фирмаға мынадай:
фъючерстік шартты сатып алу-сатуға байланысты барлық есеп айырысуды клиенттің қаражаты есебінен Есеп айырысу палатасының мүшесі арқылы жүргізуге;
фьючерстік нарықта барлық қажетті құжаттарды клиент атынан рәсімдеуге сенім көрсетеді.
Қызмет көрсету шарты бойынша тараптар (екі жақ) фьючерстік нарық жағдайына байланысты қауіп туралы хабардар екенін және болуы мүмкін шығындар бойынша бір-біріне шағымдары болмайтынын бекітеді.