Биржа түрғысынанфьючерстік сауда - ол нарықтық шаруашылық жағдайында биржалық сауданың табиғи дамуының нәтижесі. Басқаша айтқанда, ол - нарықтық делдалдық құрылымдардың әртүрлі типтерінің тұрақты бәсекелестігінің нәтижесі. Нақты тауар саудасымен салыстырғанда фьючерстік сауданың зор артықшылығының арқасында нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында биржаларға жұмысын жалғастырып, одан әрі дамуына капитал жинақтауға мүмкіндік туғызады. Биржаның мақсаты - фьючерстік сауданы дамытып, нарықтық ортада қызмет істеу үшін қажетті мөлшерде табыс табуға қол жеткізу.