Клиенттің тапсырмасы. Биржаның делдалы клиенттің тапсырмасын орындау үшін ең алдымен клиент оған биржалық саудада орындалатын белгілі-бір операцияларға мәлімдеме береді. Биржалық сауданың іс-тәжірибесінде ондай мәлімдеме сауда тапсырмасы деп аталады. Сауда тапсырмасында мәміле түрі (сатып алу немесе сату), келісім-шарт саны, жеткізіп беру формасы мен мерзімі, төлем формасы, сауда өткен күн және баға белгілеу жағдайлары көрсетілуі қажет. Әлемдік практикада сауда тапсырмасының ең көп қолданылатын түрлері:
• биржа бағасымен сатып алу немесе сату. Мәлімдеме бланкінде баға көрсетілмейді.
«күннің ең тиімді бағасымен» сатып алу немесе сату - ол сессия күнінің нәтижесі бойынша сатып алу үшін ең төменгі, ал сату үшін ең жоғары бағамен орындалады.
белгілі бір бағамен сатып алу немесе сату. Оны брокер баға берілген деңгейге жеткен сәтте немесе оны алған бойда орындайды.