3. Есеп айырысу палатасының мүшесімен қызмет көрсету
шартын бекіту. Делдалдар фирмасы Есеп айырысу палатасымен
ұзақ уақыт қызмет көрсету жөнінде шарт бекітеді. Әрбір жаңа клиентке қайтадан шарт бекітпейді.
Фьючерстік сауданың резерв қаражаты.Фьючерстік мәміле жасауға қажетті ақша қаражатын клиент төлейді. Ол қаражат мәміле орындалуының кепілі. Бірақ ол «фьючерстік сауданың резерв қаражаты» рөлін орындамайды. Резерв қаражаты алғашқы маржаны жабу үшін жететін болуы керек. Ондай соманы клиент делдалдық фирма арқылы Есеп айырысу палатасының мүшесіне аударады.