Биржалық опциондарға баға белгілеу. Опционның құнын айқындаушы факторлар фьючерстік шарттың құнына әсер етуші факторлардан өзгеше болады. Себебі опциондарға баға белгілеу механизмі опционныц негізі болған активке баға белгілеу механизміне сай келмейді.
Опционный бағасына әсер ететін факторлар мыналар:
физикалық нарықтағы активтің бағасы;
опционды орындау бағасы;
опционный әрекет мерзімі (уақыты);
проценттік ставка (бұл жерде, тәуекелсіз проценттік ставка, мысалы, бірінші класты банктердегі немесе мемлекеттік облигациялар бойынша айтылады);
• опционный негізі болған актив бағасының өзгермелілігі.