XVI ТАРАУ Биржалық индекстер және биржалық сауданы талдау
16.1. Биржалық индекстер және олардың түрлері
Алғашқыда индекстер нарықта болып жатқан ақпараттан хабардар болу үшін қажет болды. Сөйтіп биржалық индекстер баға белгілеуді болжау мүмкіндігін туғызды. Қор нарығының даму барысында индекстер сауда объектісі ретінде, мысалы, фьючерстік шарт жасасқанда базалық тауар ретінде қолданылады. Бұдан басқа индекстер портфельдік инвестициялау кезінде де кең түрде қолданылады. Бұл кезде олар:
Біріншіден, бағалы қағаздарды портфельге таңдау кезінде инвестициялау пропорциясы мен оның басты бағытын анықтағанда бағдар ретінде қолданылса;
Екіншіден, индекстік қор әдісін қолданып портфельді пассивтік басқару тактикасында дилерлік шығындарды қысқартады.
Индекстер салалық, аймақтық, құрама және жаһандық болуы мүмкін. Олар кез-келген нарықта, яғни тауар, валюта, қор нарықтарында қолданылады. Алғашқыда индекстер қор нарығында пайда болған. Сондықтан қазіргі кезде де олар сол нарықта кең қолданыста болуда.
Индекстер оны есептеу әдісін құраған адамның атымен немесе оларды есептеген және хабарлаған ақпараттық агенттіктердің атауымен аталады. Мысалы, Доу-Джонс индексі әлемдік индекстердің ең көнесі, ең белгілісі. Ол Доу-Джонс компаниясының иесі Чарльз Доудың атымен аталады. АҚШ-та ол 1884ж. сол кездегі ең ірі 11 өнеркәсіп компанияларының акция бағамын өзгертетін орташа көрсеткішті есептеуге кіріскен. Алайда бұл индекстің пайда болуын техникалық түрғыдан қарастырғанда ол индекс емес, оны орташа сан деп айтуға болады. Бұл индекстің атауы тектен-тек Доу-Джонс индексі деп аталмаған, себебі оның сөзбе-сөз аударылымы Доу-Джонстың өнеркәсіптік орташа көрсеткіші дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |