16.2. Биржалық саудадағы талдаулар Биржалық саудаға қатысушы барынша көп табыс алуды және көптеген жоғары бағаланған активтерден ең тиімдісін таңдап алуды көздейді. Бірақ биржалық бағамға тікелей немесе жанама әсер ететін көптеген және кенет туындайтын себептерді қалай талдауға болады? Осы және көптеген басқа сұрақтарға жауапты қор нарығының теориясы мен практикасы қалыптастырған талдау әідістерінен алуға болады.
Активтің тартымдылығын екі түрғыдан:
біріншіден, биржалық активтің нарықтық құнын талдау арқылы;
екіншіден, актив эмитентінің қаржылық-экономикалық жағдайын зерттеп білудің негізінде оның «ішкі» немесе нақты құнын білу арқылы бағалауға болады.
Талдаушылардың қорытындысы мәміле жасаудың негізі ретінде алынады. Нарықты талдауда тарихи екі бағыт қалыптасқан. Міне, бірінші тұрғыда жасалған талдауды жақтаушылар техникалық талдау мектебін, ал екіншіні жақтаушылар негізгі талдау мектебін құрайды.