Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Биржалық орташа көрсеткіш



бет208/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   219
Биржалық орташа көрсеткіш - ол кейбір биржалар үшін өлшенген немесе өлшенбеген орташа нарықтық баға. Керісінше, индекс - ол бар болғаны сан, бір өлшемнің, мысалы, доллардың немесе басқа да бірліктер өлшемінің құнын көрсетпейтін сан.

Биржалық орташа көрсеткіш және биржалық индекс - олар бағалы қағаздар нарығындағы көрсеткіштердің негізгі екі типі. Бұл индекстің екі типінің негізі бірдей, яғни белгілі бір датадағы тізімнен таңдап алған акцияның орташа бағасы болғанымен, алай­да биржалық орташаға Карағанда биржалық индекс ең дәлірек, ең қолайлырақ деп есептелінеді.

Биржалық орташаны есептеу үшін екі әдіс - арифметикалық орташа және геометриялық орташа әдістер қолданылады. Арифметикалық орташа әдісте орташа шаманы есептеу үшін сауда жабылу кезіндегі көрсеткішке кіретін барлық эмитенттер акциялары бағасының қосынды сомасы құрамдас бөліктердің санына бөлінеді. Акцияны шығарушы компанияның шығарған барлық акциясының көлемі мен оның айналыс санына қарамай-ақ, әрбір акцияның бағасы бірдей болады.

Нарықта казіргі қолданылып жүрген индекстер - ол шын мәнінде ірі компаниялардың индекстері. Классикалық биржалык индекстер Доу-Джонс индексімен есептеліп шығарылады. Егер геометриялық орташа әдіс қолданылса, онда индексті құрайтын акциялар бағасына көбейтіледі. Сол көбейтіндіден л - дәрежесіндегі түбір шығарылады, онда и - индекстегі акция саны. Осы әдіс Англия және АҚШ-та әлемге белгілі екі индикаторды: Англиядағы FT-30 және АҚШ-тағы The Value Line Composite Average индикаторларын есептегенде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет