Еурооблигациялар - ол еуронарықта ұзақ мерзімді займ алғанда қарыз алушының шығарған қарыз міндеттемесі. Оларды елдің үкіметі, муниципалитеттер, банктер, халықаралық несие ұйымдары, трансұлттық корпорациялар қосымша қаржыландыру көзі ретінде шығарады. Еурооблигациялар негізінен оны иеленуші еш жерде тіркеуден өтпейтін иесі ұсынушы бағалы қағаздары болып шығарылады. Онда көрсетілген валютадан тыс мемлекетте шығарылып сатылады. Еурооблигацияларда халықаралық саудада басым жағдайда қолданылатын, негізінен, АҚШ доллары көрсетіледі.
Еурооблигациялар жай және проценттік ставкасы бекітілген түрінде шығарылып, айналыс мерзімі 3 жылдан артық уақытқа орналастырылады. Оған қосымша еурооблигациялардың: проценттік ставкасы өзгермелі;купоны нольге тең;басқао блигацияларға конверсиялау құқығы бар; екі валютамен көрсетілген құны бар (көрсетілген құны - бір валютамен, ал процентті төлеу басқа валютамен); белгілі-бір тауар бағасына байланыстырылған түрлері де болады.
Еурооблигацияда қарыз сомасы, қарызды өтеу датасы мен жағдайлары және белгіленген мерзімде процентті алуға құқық беретін купоны болады. Процент жылына бір немесе екі рет төленеді. Еурооблигацияға табыс салығы және бағамдық қүнының өсуіне салық салынбайды. Еурооблигациялар әртүрлі схемамен:
бір уақытта;
бөлшек-бөлшек;
мерзімінен бұрын (егер шартта көрсетілсе) өтелуі мүмкін. Өтеу схемалары алдын-ала шығарылым ережелерінде келісіледі, ал отеу туралы мағлұмат қаржылық ақпараттарда алдын-ала хабарлануы керек.
Еурооблигациялардың негізгі сипаттамасы төмендегідей:
• айналыс мерзімі 3-тен 30 жылға дейін;
көрсетілген құны аса көп емес, проценттік табысы купон формасында төленетін ұсынушы бағалы қағазы түрінде шығарылады;
эмиссияның негізгі бөлігі қамтамасыз етілмеген болып шығарылады. Дегенмен кейде үшінші жақтың кепілдігімен немесе эмитенттің мүлкімен қамтамасыз етіледі;
листинг және баға белгілеу процедураларынан жетекші Еуропа биржалары өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |