Муниципальдық бағалы қағаздардың инвесторлар үшін тартымды болуының екі түрлі себебі бар:
салықтық жеңілдіктер есебінен банктік несиеден гөрі олардың жоғары табыстылығы;
уақытша бос ақша қаражатын акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарына немесе банктерге орналастырумен салыстырғанда олардың жоғары сенімділігі.
Муниципальдық бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру жөнінде жергілікті атқарушы үкімет органдары шешім қабылдайды. Қазақстанда алғаш рет бұндай бағалы қағаздарды шығарғанда Маңгыстау облыстық және Алматы, Астана қалаларының әкімшіліктері Қазақстан Республикасы Заңының не-гізінде өз шешімдерін қабылдады. Муниципальдық облигациялық займдарды орналастыру бір немесе бірнеше өкілетті коммерциялық банктердің немесе басқа коммерциялық құрылымдардың делдалдық етуімен жүргізіледі.
Жергілікті үкімет органдарының облигацияларын шығаруға және айналысқа түсіруге қажетті шығындарды азайту есебімен делдалдарды таңдау конкурстық негізде іске асырылады. Өкілетті банк өзінің бөлімшелері, басқа банктердің бөлімшелері немесе басқа қаржы компанияларымен муниципальдық займдарды орналастыруға шарт жасасады. Содан кейін облигацияларды ұстаушыларға, бірінші кезекте, халыққа, әртүрлі қаржы қорларына және т.б. сатады. Әдетте бұндай облигациялар еркін айналысқа түсіріледі, яғни оларды ұстаушылар шығарылган облигациялық займдардың айналыс мерзімі аралығында биржада немесе биржадан тыс нарықта еркін сатуына және сатып алуына болады. Мер-зімі аяқталған соң эмитент облигацияларды өз құнымен сатып алады (өтейді). Займ шартында келісілген жағдайда табыс төленеді. Облигациялар негізгі бағалы қағаздардың бір түрі, сондықтан муниципальдық облигацияларға жалпы теориялық жағдайлардың бәрі тән.
Қазақстан Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын 1999 жылдың 1 сәуіріндегі «Бюджеттік жүйе туралы» және 1999 жылдың 2 тамызындағы «Мемлекеттік қарыз және мемлекет кепілдігімен алынған қарыздар туралы» Заңдарға сәйкес шығарылған муниципальдық облигациялар толықтыруда. Осы заңдар жергілікті атқарушы органдарына нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, шетел мемлекеттерінен қарыз алумен қосымша қаражат тарту мүмкіндігін ашты.
Сөйтіп, Қазақстанда алғашқы жергілікті атқарушы органының валюталық дисконттық облигацияларын аталған жылдың 27 шілдесінде Маңғыстау облысының әкімшілігі шығарды. Облигацияның:
Эмиссиялау көлемі - 400 млн. тенге;
Бір облигацияда көрсетілген құн - 100 АҚШ доллары;
Айналыс мерзімі - 12 ай;
Купондық ставкасы - 14,71%;
Өтеу уақыты - 2000 жылдың 28 шілдесі.
Бұл облигациялар Қазақстан инвесторлары арасында «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ-ы арқылы орналастырылған. Аукцион нәтижесі бойынша қанағаттандырылған мәлімдеме 399683,4 мың теңге құраса, ал орташа өлшенген табыстылығы 14,71% болған.
Екінші жергілікті атқарушы органының валюталық дисконттық облигацияларын сол жылдың 26 желтоқсанында нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Алматы қаласының әкімшілігі шығарды. Оның:
Эмиссиялау көлемі - 400 млн. теңге;
Бір облигацияда көрсетілген құн - 100 АҚШ доллары;
Айналыс мерзімі - 12 ай;
Купондық ставкасы - 13,01%;
Өтеу уақыты - 2000 жылдың 25 желтоқсаны.
Бұл облигациялар Қазақстан инвесторлары арасында «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ-ы арқылы орналастырылған. Аукцион нәтижесі бойынша қанағаттандырылған мәлімдеме 399990,3 мың теңге құраса, ал орташа өлшенген табыстылығы 13% болған.
Үшіңші болып жергілікті атқарушы органының облигацияларын Астана қаласының тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын инвестициялауға қаражат тарту мақсатында 1999 жылдың 27 желтоқсанында Астана қаласының әкімшілігі шығарды. Купондық облигациялардың:
Эмиссиялау көлемі - 150 млн. тенге;
Бір облигацияда көрсетілген құн - 100 АҚШ доллары;
Айналыс мерзімі -12 ай;
Купондық ставка -13%;
Өтеу уақыты - 2000 жылдың 26 желтоқсаны. Облигациялар Қазақстан инвесторлары арасында «Қазақстан
қор биржасы» ЖАҚ-ы арқылы орналастырылды. Аукцион нәтижесі бойынша қанағаттандырылған мәлімдеме 149988,5 мың теңгеге тең, ал орташа өлшенген табыстылығы 13% болды.
Жоғарыда айтылған Қазақстан жергілікті атқарушы органдарының алғашқы облигацияларының көрсетілген құнының барлық сомасы 858 млн. теңге болды. Алайда, олар мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау мәселелерін реттейтін құқықтық-нормативтік базаның жоқ жағдайында шығарылды. Бағалы қағаздардың басқа эмитенттеріне қарағанда (акционерлік қоғамдар, екінші деңгейдегі банктер және т.б.) жергілікті атқарушы органдар бағалы қағаздарды шығару жөнінде іс-әрекеттерін ақпарат құралдарында жарияламайды. Сондықтан потенциалды инвесторлардың мем-лекеттік бағалы қағаздарды сатып алу үшін қажетті шешім қабылдауға мүмкіндігі бола бермейді. Бағалы қағаздар нарығы дамыған шетелдерде, мысалы, АҚШ-та 1933 жылы қабылданған бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес эмитенттің ақпаратын ашық жариялау міндетті деп саналады.
Содан кейінгі жылдарда, атап айтқанда, 2000 жылы Атырау облысының, 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары шығарған муниципальдьіқ облигациялардың сатылуы және табыстылығы күткендегідей болған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың алғашқы бағалы қағаздарын шығару үшін асығыс, әрі жедел дайындалған қолданыстағы шығарылым Ере-жесі қазіргі талаптарға сай келмейді. Сонымен бірге Қазақстанда муниципальдық бағалы қағаздар жөнінде мамандар жоқ, қарыз қаражатын қайтару кепілдігі туралы, тәуекелді қамсыздандыру туралы, баға кесу туралы мәселелер шешімін таппаған.
Достарыңызбен бөлісу: |