Активаторлар ферменттердің
белсенділіктерін арттырады, ал
ингибиторлар тежейді.
Eкеуіде: арнайылықты және арнайылығы жоқ болып бөлінеді.
Біріншілері тек
бip ғана
ферментің әсер ету жылдамдығына, ал
екіншілері – бip топ ферменттеріне әсер етеді.
1. Арнайлығы жоқ активаторлар бip топ ферменттердің активтілігін артырады. .
2. Арнайлығы бар (арнайылықты ) активаторлар - тек қана бip ферментті активтендіреді.
Ингибиторларда (тежегіштері)
eкіге бөлінеді:
1. Арнайлығы жоқ ингибиторлар, бip топ ферменттердің активтілігін тежейді.
2. Арнайлығы бар ингибиторлар - бip ғана ферменттің активтілігін тежейді.
6. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің кластарына жалпы сипаттама.
Ферменттердің кластары (трансферазалар, лиазалар) , өкілдері, кездесетін орны,
катализдік әсері.
Ферменттер— барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздарды ферменттер
деп атайды. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:
1.
Оксиредуктаза - электрондардың тасымалын
катализдейді, тотығу-
тотықсыздану реакциялары жатады.
2.
Трансфераза - функционалды топтардың және молекулалық қалдықтардың бір
қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды.
3.
Гидролаза - гидролитикалық ыдырау реакция жылдамдығын жылдамтады.
4.
Лиазалар – молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз
реакциясыз катализдейді,бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты
ыдыратады және жаңа өнімді синтездейді.
5.
Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік
өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
6. Лигазалар – синтез раекцияларын жылдамдатады,
энергияңа бай байланыстарды
ыдыратады.Изомеразалар – бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе
кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
1)Гидролазалар- судың қатысымен күрделі заттарды жай заттарға дейін ыдырататын
ферменттер тобы.
Топшалары:
1-ші топша- күрделі эфирлік байланыстарды гидролиздейтін- эстеразалар .
2-ші топша –көмірсулардағы гликозидтік байланыстарды гидролиздейтін гликозидазалар.
3-ші топша–белоктардағы және полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейтін
пептидгидролазалар жатады.
2)Эстераза тобы 6 топшаға бөлінеді. Карбон, қышқылдарының
эфирлерінен тұратын
эстеразалар липидтердің күрделі эфирлерін гидролиздейді. Өкілдері:
-липазалар, тағам қорытатын сөлдерде кең қолданылады
-фосфолипазалар, фосфолипидтердің гидролизін тездетеді. Фосфоэстеразалар фосфор
қышқылынан құралған күрделі эфирлік байланыстарды үзеді. Өкілдері: глюкоза-6-фосфатаза,
АТФ-аза және т.б.
3)Гликозидазалар топшасы гликозидтік байланыстарды үзеді.
Олар жасушаларда, тағам
қорытатын сөлдерде болады, бірақ асқазан сөлінде болмайды.
Өкілдері: амилаза- крахмал мен гликогенді мальтозаға дейін ыдыратады; мальтаза мальтозаға
екі молекула глюкозаға дейін ыдыратады; сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін
ыдыратады; лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады; гамма- амилаза
гликогенді глюкозаға дейін ыдыратады.
4)Пептидгидролазалар
топшасы белоктарға әсер етіп, пептидік байланыстарды үзеді.
2 топшадан тұрады:
-эндопептидазалар- белок молекуласының ішкі жағындағы пептидтік байланыстарды үзіп
оны полипептидтерге дейін ыдыратады;
-экзопептидазалар- полипептидтердің соңдарындағы пептидтік байланыстарды үзіп оларды
амин қышқылдарына дейін гидролиздейді.
5)Лиазалар- судың қатысынсыз субстраттан белгілі топтарды бөліп алуды тездететін
немесе топтарды қос байланыс бар жерге қосатын ферменттер класына жатады.
Бұлар екі
компонентті, жасушаішілік ферменттер. Өкілдері: кетоқышқылдардың декарбоксилазалары,
декарбоксилазалар, карбоангидразалар.
6)Трансферазалар - атомдарды немесе атомдар тобын бір субстраттан басқа субстратқа
тасымалдайтын ферменттер класы. Бұлар негізінен екі компонентті,
жасушаішілік
ферменттер. Тасымалдайтын топтарына қарай олар бірнеше топшаларға жіктеледі:
аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар.
Достарыңызбен бөлісу: