Бағдарламасы ( 28 тамыз 2017 жыл №1 хаттама бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізілді.)



бет2/19
Дата09.05.2022
өлшемі60,71 Kb.
#33443
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз – бұл  мектептің қандай екендігін көрсететін, болашаққа бағдар жасай отырып, түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында шешімдер қабылдап, оны іске асыруға арналған  іс-әрекеттер жоспары. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім  беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат

Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды  іске асыруға бағытталған. Олар: .

1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналар- дың пікірін ескеру.

2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту.

3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану.

4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау.

5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру.

6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу.

Жоспардың төлқұжаты бар. Онда кезеңдері, мақсат-міндеттері, күтілетін нәтиже белгіленген.

Түсініктеме

Мектептің даму жоспары сауалнама қорытындысы негізінде алынған басымдықтарға сүйене отырып, осы жоспар жасалынды. Жоғарыдағы басымдықтарды ала отырып, мұғалім+ ата-ана+ оқушы араларында коучингтер, тренингтер, зерттеу сабақтарын жоспарладым. Сонымен қатар жоспарланған шаралардың уақытында өтілуін, өзгеріс енгізу тобы арқылы және бөлінген көшбасшылықты жұмылдыру арқылы анықтап, кері байланысын жасап, нәтижеге қол жеткізіп отырдық. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі мұғалімдердің оқушыларға беретін білімінің сапасымен, олардың оқушыларға қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ олардың қол жеткізген жетістіктерін бағалауынан да көрінеді.



Жоғарыдағы басымдықтарды шешудің тағы бір жолы мектепте сабақты жоспарлау үдерісіне көп көңіл бөлу. Бұл негізде деңгейлік курстан өтіп келген мұғалімдермен ОМЖ, ҚМЖ жасақтаудың үдерісін қалыптастырып, әдістеме жетекшілерімен біріге отырып, мұғалімдерді сабақты жаңаша жоспарлауды жетілдіру мақсатында кеңестер беріліп, тәлімгерлік көрсетілді. Сабақ үдерісінде оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін жетілдіру әдіс-тәсілдері арқылы, табыс критерілеріне негізделген білім сапасына қол жеткізу көзделіп, мұғалімдер оқыту мен оқудың жеті модулін меңгеріп, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану шеберлігі қалыптасып, критериалдық бағалау , формативті бағалауды игерді және оқушылардың сыни ойлау қабілетін жетілдіреді.

Келесі басымдық бұл ата - аналар мен оқушылардың, мұғалімдердің ой-пікірі бағалаудың әділ, нақты жаңа түрлерін енгізуді талап етіп отыр. Сондықтан, өзін өзі басқаруды жетілдіру мақсатында коучингтер ұйымдастырып, сыныпты басқару, оқушылардың тәртібі мен мінез-құлық проблемаларын оңтайлы шешуде «мектеп - ата-ана - оқушы» арасындағы бірлескен ынтымақтастық ортаның жұмысын жетілдіру нәтижесінде мектептегі оқушыларға қатысты проблемаларды оңтайлы шешуде оқушы мен ата-ананың пікірі үнемі ескеріледі, ата-аналар мен оқушыларға деген сенімді қарым- қатынас орнап, ынтымақтастықтағы тиімді іс-әрекеттер жүзеге асады.

Барлық басымдықты оңтайлы шешудегі ең үлкен жұмыстың бірі желілік қоғамдастық жұмысын жолға қою, бұл бағытта қала мектептерімен бірлескен жоспар құрылып, сонымен қатар интернет желісі арқылы тәжірибе алмасу, пікірлесу , ортақ проблеманы шешу жұмыстары жоспарланды.

Қорытындылай келе, оқыту мен оқу үдерісінде мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау және эвалюациялау, тәлімгерлік пен коучинг үдерісін өткізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, ұжымдық жұмыс пен бірлескен оқуды көтермелеу тәсілдері арқылы мектептің оқыту тәжірибесінің жақсаруына ықпал етуге жұмыстанамын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет