Жоспардың мақсаты: Үш тілде білім меңгерген ,көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан ,көп мәдениетті ,рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған ,бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу,оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын арттыруға жағдай жасау. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету.
«Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Мінсіз мектеп» болудың алғы шарттарын іске асыру.
Құндылығы:Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі жоғары,өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстары мол,өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын,дүниежүзі халықтарының мәдени құндылықтарын сыйлауға тәрбиеленген ұрпақ тәрбиелеу .Көздеген мақсатқа жетіп,күтілетін нәтижені алуда ұсынып отырған «Жетістік пирамидасы» басқару моделінің және стилінің жобасы мектептегі оқу-тәрбие үдерісін басқару құралы боп табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |