Бағдарламасы алматы 2020 Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес «8D02304 Әдебиеттану»



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата02.12.2023
өлшемі271,65 Kb.
#131423
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
24. Психологизмнің түрлері.


Динамикалық психологизм. Баяндау динамикасы және оқиғалар, олардың 
кейіпкер ішкі әлемімен байланысы. Ішкі әлемді интроспективті 
қарастырудағы психологизм принциптері.
Синтетикалық психологизм. Аналитикалық психологизм.
 
«Көркем мәтін теориясы» пәні 
1. Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістері.
Құрылымдық-функциональдық әдіс және оның негізгі ұғымдары. 
Телеологиялық әдіс Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері 
және тарихи-әлеуметтік бағыт. Мәдени-психологиялық бағыт. Әдеби 
герменевтика рецептивтік теориясы. Әдебиеттанудағы формализм. Мәтінді 
оқып үйренудің семиотикалық әдісі және структурализм. Деконструктивизм 
және оның көркем мәтінді зерттеуінің негізгі тәсілдері. Когнитивтік бағыт 
және оның мәтін танудағы ролі. Лингвистикалық әдіс. 
2. Көркем мәтіннің функциональді-прагматикалық теориясы.
Мәтін прагматикасы мәтіннің коммуникативтік моделінің және әдеби үдеріс 
субъектілерінің (автор, оқырман), тіл мен шындықтың бөлігі болып 
табылады. Көркем мәтіннің функциональді-прагматикалық теориясының 
пәні мен міндеттері. Мәтіннің негізгі деңгейлері. Әдеби мәтіннің 
функциялары: 
мифопоэтикалық, 
интенсиальдық, 
экспрессивтік, 
репрезентивтік, бағалаушы-интерпретациялық. 
3. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері.
Көркем мәтіндегі референция. Лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы 
және оның мәтін мен шындық қатынасын түсінудегі ролі. Ф.де Соссюрдің 
лингвистикалық теориясы. Семиозис ұғымы (Ч. Пирс, У. Эко 
концепциялары). «Адресаттан» модальдылықтары және оның көркем 
мәтіндегі ролі. Мәтіндегі фактуальдық, фабульдық, метафоралық баяндау. 
Көркемдік мәтіннің көпфункциональді табиғатының көрінісі екендігі. Болуы 
мүмкін әлем теориясы. Көркем жинақтаудың негізгі сатылары: 
генерализация және мифологизация. Фабульдық және мифологиялық 
мәтіндер, олардың ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет